Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі



бет10/11
Дата07.01.2022
өлшемі64,93 Kb.
#17705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚР білім беру жүйесі
























ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты қорытындылайтын болсақ , «Қазіргі кездегі білім берудің мазмұны» атты тақырыпта жазылған жалпы қазіргі кездегі білім берудің технологиясының бірнеше түрлеріне тоқталамыз.

Біртұтас педагогикалық процесті құрушы екі басты бірліктің біреуі оқу процесі , бұл процес өте күрделі , сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін . Сондықтан оған толық жан-жақты анықтама беру қиынға соғады.

Ұзақ жылдар бойы мектептер біркелкі бағдарламалар мен жоспарлы оқу үрдісін жүргізді. Кеңестік одақтың өктем билігінен , қазақ мектептерінде жалпы білім беруде оқу бағдарламаларымен оқулықтарға толық үстемдік орнатылғандықтан жаратылыстану ғылымдарынан география , биология мен химияны республика табиғатымен ғылым жетістіктерімен байланыссыз оқытуға , оның теориялық ұғымдарын , заңдылықтарын оқушыларға кітап бойынша жағдай , құрғақ жаттығумен «меңгеруге мәжбүр етті» . Сондықтан мектепте берілетін жалпы білімнің мазмұнын оқу жұмысын тұтастай қайта қарап , түбегейлі жаңартудың қажеттігі басты мәселе болып отыр .

Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра береді. Оларға ; бағдарлама негізінде сабақ жоспары , тақырыптар бойынша жасалатын тақырыптық перспективалық жоспар,

Оқушылардың жазба бақылау және кестелік жұмыстары, дәптерлері , сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды , жүйеге келтіріп жинақтайды. Әрине , мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп-оңай жұмыс емес. Оған ең кемінде бір немесе екі жылдай мерзім керек.

Оқытушының сөзі оқушыларға білім берудің құралы болуы тиіс. Оны балалар жетік қабылдауы қажет . Сол себепті арнаулы білім беру жүйесінде қызмет жасайтын педагогтың сөйлеу қабілеттілігіне , оқушылардың контигентінің спецификациясына орай , ерекше талаптар қойылады . Оның сөзі түсінікті , анық, шынайы түрде шығуы қажет. Арнаулы білім беру мекемесінде жұмыс істейтін педагог сөйлеу оқиғасы ретінде оқыту сабағының құрамы мен ритмін жобалай алуы тиіс ; сөздік импровизация техникасын жетік білуі , оқушылардың сөйлеу іскерлігінің белсенді түрге енуіне ықпал ететін жағдайларды табуы және қолдана алуы, қысқа , әрі дәл фразаларды құруда хас шебер болуы өте маңызды.

Оқытушы мен оқушы арасындағы пайдаланылатын түрлі әдістердің белгісі ретінде «білім берудің технологиясы» ұғымын пайдалану құқығына ие боламыз: «Білім беру технологиясы аясында педагогтың педагогикалық тапсырмаларды шешуге бағытталған кезекті түрде өзара байланысқа жүйесін немесе бұрын алдын - ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибеде жоспарлы түрде ену» деп түсінуге болады.

Қазіргі заман талабына сай, жаңа ақпараттық-педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы білім беруде жетістіктерге жетуге болады. Электронды оқулықтарды кез-келген пәнде пайдалану , компьютермен жұмыс жасау , интерактивті тақтада жұмыс жүргізу , оқушылардың зертханалық , сарамандық жұмыс істеуі, арқылы теориялық алған білімдерін практикада жүзеге асырылуда.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет