Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі



бет8/11
Дата07.01.2022
өлшемі64,93 Kb.
#17705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚР білім беру жүйесі

Оперативтік міндеттер – бұл іс - әрекеттері тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен дереу шешу.

Әрине, бұл міндеттерді оқу – тәрбие процесінде шешу мұғалімдердің іскерлігіне, тәжірибелілігіне, терең және берік біліміне тәуелді.



ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені зерттеу.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан – жақты зерттеу объектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың, бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерінің терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.

Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; педагогикалық еңбек шеберлігінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс – тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау.

Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу материалына талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктері мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салысытырады, тиісті қорытынды жасайды.

Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми – практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса, аудандық «Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық еңбегі бірте – бірте облыстық, республикалық талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.

Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін - өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірибені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау этаптарынан өтеді:


  1. Іс – тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беретін сыныптардағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және белсенділігі туралы әңгіме жасалады, зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.

  2. Оқу – тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы екі – үш жылдардың ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушылардың дәптері, рефераттар, техника және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары мен басқа еңбектері.

  3. Алдын – ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.

  4. Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс – нәтижелері тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің жұмысымен салыстырылады.

  5. Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі эерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.

Танысу және бақылау жүмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте кұнды болса,ғылыми-зерттеу институтының жазба пікірі бойынша «Педатогикалық окуларға», егер көлемді болса баспаларда жарнялауға ұсынылады.

Соңғы кездерде көптеген педагогикалық ұжымдардың аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі — оқу мен тәрбиенің бірлігі, пән аралық байланыс, сабақта окушылардың таным іс-әрекетін белсендіру тәсілдері, сабақтың тиімділігін арттыру т. б. Осы сықылды жалпы педагогнкалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтауға болады.

Бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде мектептегі бір-бірімен тікелей баііланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.

Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі, педагогокалық шеберлерігінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген кұнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың .авторлары профессорлар Ш. А. Амонашвнлн және П. Н. Иванов, мұғаімдер В. Ф. Шаталов, И. П. Волков, Е. Н. Ильни, М. П. Шетинин т. б. Осы авторлардың әр қайсысы оку-тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасыи арттыруда өздеріиің ерекше әдістерін жасады. Ш. А. Амонашвнли кіші мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуыиа мүмкінділік жасайтын мектен практикасында алты. жастағы балалармем жұмысты ұйымдастыру принципі жағдайын ғылыми дәлелдеді. И. П. Иванов қазіргі жағдайда А. С. Макаренконың идеясын дамыта келіп, ұжымшыларды қалыптастыру мен тәрбиелеудің қоғамдық балалар ұііымда-рына әлеуметтік өмірді жетілдірудің жолдарын ашты. В. Ф. Шаталов педагогикалық міндеттерді табысты шешу үшін әрбір оқушыны күнделікті ақыл-ой еңбегіне бар күшін салуға қатыстыру, әрбір оқушының абыройын өз күшіне, қабілетіне сенімділігін күшейту керек дейді. И. П. Волков бірінші сыиыптан бастап өз бетімеи жоис піығармашылык іс-әрекеті негізінде оқушылардың даму қабілетін және бейімділігін анықтауға байланысты сыныптан тыс жұмыстың белгілі жүйесін жасады. Бұл кіші мектеп жасындағы балалармен шығармашылық сабақ өткізіп,. олардың нышанын және қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуда» деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері кӛзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, ӛзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа ӛту қажеттігі туындайды. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты ӛзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын кӛзбен бағалай отырып, саралауды, жастардың шығармашылық әулетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы ӛзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Атап айтқанда: – білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттілерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; – ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде; – баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына кӛңіл бӛлінуде; – мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рӛліне мән берілуде. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының ӛмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі ӛзгерістер – тарихи объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен ӛлшеу жеткіліксіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет