Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі мен парадигмасы
Орындаған:Каналбаева Ақжүніс,
Сабыржан Әсем
Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Мақсаты - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру, қоғам мүшелерінің мәдениетін дамыту.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– жастарға терең білім беру. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салу. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды. Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады.

Білім беру туралы заң
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң.
1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері,білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері көрсетілген