Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Вербалъсыз қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика аркылы сөзсіз қарым қатынас.
Интерактивті қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады.
Педагогикалық қарым-қатынастың саласы, оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оөытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушыиен теңестіруі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам уйренуінің барлық формаларына тән ( ойын барысында, басқа адамдармен кұнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңдейінде –мектепке дейінгі, мектептегі, жоғарғы оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады. Педагогикалвқ қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болған мен де, ол өктемдік жүргәзушә емес, бұл – мұғалім мен оқушылардың, оқушылардығ өзара бір-бірімен жан-жақты әрекеттесуінің органикалық бөлігі. Ф.Ф. Брудный атап көрсеткендей “мұғалім оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекеттті үйдестіру”. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функциясы орындайтыны орынды.Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас У.А. Климов бойынша Адам-Адам схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқішының, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің және т.б.кез-келген кәсіби өзара әрекеттесән анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынасқа психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынрақ.
Қарым-қатынас көпжақты және көпфункционалды құбылыс, оныңсипаты өзапа әрекеттесудің өзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлікелістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекешіл, демократиялық, достық стилі болып табылды.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – “мәдениет” ұғымы мен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас барысында әңгімелесушінің түр-әлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мәдениеті, педагогикалық әрекет жасау мәдениеті, қарым-қатынас барысында қолдау көрсету мәдениеті.