Мұғалімнің мәдениеті.
1.Үнемі жылы шырай таныту: Мұғалімнің жылы шырай танытуы оның сөйлеген сөзінен, дауыс ырғағынан, қимыл –қозғалысынен көрінеді. Балалар туралы айтқан әрбір сөзі оған деген көзғарасын білдіреді.
2.Үнемі мадақтап отыру: Баланы үнемі мақтап, оның әрбір іс -әрекетіне көңіл бөлу, баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Бала өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске сеніммен кірісіп өзінің қабілетін толық ашуға ұмтылады. Үлкендер қолдап отырғанда балалар өздерінің біліктерін бұрынғыданда табысты іске асырады.Мақтау балаға білім беру мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып саналады.
3.Ынтымақтастық: Мұғалім оқушыларға сабағын қызықты өткізе білсе, оқушы сол мұғалімнің сабағына жақсы дайындалып келеді. Егер мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастыра алмаса, оқушыларға қалай болса солай сөйлесе, орынсыз балағаттай берсе, оқушымен тіл табыса аламаса, сабақ үстінде әр түрлі сылтаумен сабақ өтілмесе, мұғалімнің оқушы алдында беделі төмендеп оқушыны сабағына қызықтыра алмайды. Сондықтан ынтымақтастық мұғалімнің негізгі құралы.
4.Оқытумен тәрбиелеу үрдісі: Білім берудегі негізігі мақсат балаларды зерделі де, өнегелі адам болып өсуіне тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздерімен өнегелі өмір принциптерін бағалап, өздері таңдауына жол беру керек. Балаларды өз ойларын, өз пікірлерін, өз сезімдерін дәл айтып беруге үйрету қажет. Сонда ғана олар басқалардың көңіл күйін бөлісе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |