Қазіргі кезде бүкіл əлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойлатын жаңа талаптарды анықтауда



Дата30.01.2023
өлшемі21 Kb.
#63716
Байланысты:
Педагогикалық технологиялардың мəні жəне жіктемесі


Педагогикалық технологиялардың мəні жəне жіктемесі
Қазіргі кезде бүкіл əлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойлатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру жəне оқу-тəрбие орындарының іс-əрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бəрі мұғалімнің кəсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойлатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дəлелдеп отыр.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мəнінің өзгеруі «педагогикалық технология» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мəнін білім беру үдерісінде өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-əрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субъектаралық өзара əрекетін қарастыратын жəне олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде педагогикалық технологияның мəнін ғалымдар түрліше анықтайды:

  • практикада іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.А.Беспалько);

  • педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті (М.В.Кларин) ;

  • қойылған мақсатқа сəйкес білімді, білікті, дағдыны жəне қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны (А.К.Колеченко) ;

  • балаға педагогтың шынай өзара əрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пəн (Н.Е.Щуркова);

  • оқыту формаларының, əдістерінің, тəсілдерінің, амалдарының, тəрбие құралдарының əлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы (Б.Т.Лихачев)];

  • педагогикалық технология – оқу-тəрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тəрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б. .

Ғалымдардың берген анықтамаларын оқып, үйреніп, талдай келе педагогикалық технология оқыту мен тəрбие беру үдерісін неғұрлым тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде де, оқутəрбие беру үдерісінде қолданылатын əдістəсілдердің жаңа шеберлікпен, реттеуші құралдардың жиынтығы, əрі шынайы оқыту үдерісі ретінде де əрекет етіп қоғам талабына сай педагогикалық үдерістің жоғары сандық жəне сапалық көрсеткішін береді деп айтуға болады.
Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеулерге жасалынған талдау бүгінде педагогикалық технологияларды жинақтап, жүйелеп, оның жүктемесін жасаған ғалымдар еңбектері баршылық. Солардың ішінде педагогика ғылымы мен практикасында белгілі барлық технологияларды неғұрлым жинақтап, жүйелеген Г.С. Селевконың жүктемесіне көңіл аударарлық. Зерттеуші ғалым педагогикалық технологияларды төмендегідей жіктейді:

  • қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық, дербес əдістемелік жəне модульдік;

  • психикалық дамудың жетекші факторы бойынша: биогендік, психогендік, социогендік жəне идеалистік;

  • тұлғалық құрылымға бағдарлау бойынша: ақпараттық технологиялар, операциялық, эмоционалды-көркем жəне эмоционалды-адамгершілік, өзін-өзі дамыту технологиялары, эвристикалық жəне қолданбалы;

  • мазмұны мен құрылымының сипатына қарай: оқытатын жəне тəрбиелейтін, жалпы білім беретін жəне кəсіби бағдарланған, гуманитарлық жəне технократтық, əртүрлі салалық, дербес пəндік, сонымен бəрге монотехнологиялар, кешендік жəне кірме технологиялар;

  • ұйымдастыру формасы бойынша: сыныптық-сабақтық жəне альтернативтік, академиялық жəне клубтық, жеке жəне топтық, оқытудың ұжымдық тəсілдері, дифференциялық оқыту;

  • танымдық іс-əрекетті басқару типі бойынша: классикалық лекция, оқытудың техникалық құралдарының көмегімен оқыту, «кеңесші» жүйесі, кітап бойынша оқыту, аз топтардың жүйесі, компьютерлік оқыту, «репетитор» жүйесі, басқару бағдарламасы;

  • балаға қатынас жасау бойынша: авторитарлық, дидактикалық – орталықтандырылған, тұлғалық-бағдарланған, ізгілікті-тұлғалық, ынтымақтастық технологиясы, еркін тəрбие;

  • басым (үстемдік етуші) əдіс бойынша: догматтық-репродуктивтік, түсіндірмелі-иллюстративтік, дамыта оқыту, проблемалық, ізденгіштік, шығармашылық, бағдарламалық оқыту, диалогтық ойын, өзін-өзі дамытушы оқыту, ақпараттық;

  • дəстүрлі əдістемені модернизациялау бағыты бойынша: қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыру негізінде, іс-əрекетті белсендіру мен интенсификациялау негізінде, ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігі негізінде, əдістемелік жəне дидактикалық негізде, табиғатқа сəйкестік, альтернативті, авторлық мектептердің тұтас технологиялары;

  • оқытушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, озат оқыту, орнын толтыру, қиын балалармен жұмыс істеу технологиялары.

Қазіргі таңда бұл жіктеме педагогикалық технологиялардың мақсатын, мазмұнын жəне түрлерін ажыратуға көмектеседі жəне оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.
Қорыта келгенде дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, педагогикалық əрекетті-əлеуметтік тəжірибе мен мəдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін əрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала жобаланған оқутəрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жүйе деп түсінгеніміз жөн деген қорытынды жасауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет