Білім бағдарламасы: 6В01301-Бастауыш білім беру ақпараттық коммуникациялық технологиялармен
Алматы, 2023
Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық практиканың мақсаты: Жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық – педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндерден алған теориялық білімдерін тереңдетіп, бекіту, сондай-ақ, теориялық білім негізінде педагогикалық іскерлікті, дағдыны мен құзырлықты қалыптастыру.
Студенттерге кәсіби іскерлік пен құзырлықты қалыптастырудағы педагогикалық практиканың негізгі міндеттері: - Оқу-тәрбие процесін жоспарлау, жобалау және талдау;
- Оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай құралдар мен әдістерді пайдалана білу және оның сәйкестілік дәрежесін аша білу;
- Оқушылардың оқу-танымдық, еңбек, қоғамдық, табиғатты қорғау, сауықтыру, ойын және басқа да іс-әрекет түрлерін ұйымдастырып, жүзеге асыруға әртүрлі әдістерді пайдалана білу;
- Оқу және тәрбие жұмыстары барысында оқушылардың даму ерекшелігін ескеретін дербес тәсілді пайдалануды жүзеге асыру;
- Педагогикалық процестің жағдайына педагогикалық диагностика жүргізу;
- Студенттердің теориялық және практикалық білімдерін меңгеру сапасын тексеру; кәсіби даярлығын қалыптастырып, дамыту;
- Мектептегі педагогикалық процесс барысында жүзеге асырылатын жалпы педагогикалық және әдістемелік білім, іскерлік және дағдыларды жетілдіру;
- Педагогикалық қабілеттерін қалыптастырып, дамыту.