Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәселесі өндеу өндірісінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады


IV ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



бет11/12
Дата16.06.2022
өлшемі419,82 Kb.
#36953
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Бекблат Диплом

IV ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

4.1Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі


Ауадағы шаңның зияны мен одан қорғану Өнеркәсіп және құрылыстағы көптеген технологиялық үрдістер, адам ағзасына және негізінен оның тыныс алу мүшелеріне жағымсыз әсер ететін шаңдарды шығарумен байланысты. Шаң – қатты заттың майда бөлшектері, олар өндірісте қатты заттарды бөлу және ұсақтау кезінде, бұйымдарды дайындау, оларды өңдеу және тасымалдау кезінде пайда болады. Адам ағзасына шаңның зиянды әсер ету дәрежесі тыныс алу кезінде


жұтқан ауа мөлшеріне байланысты. Шаңның дисперсиялық дәрежесі, олардың пішіндері және химиялық құрамына тәуелді. Адам ағзасына әсерінің
сипаты бойынша шаң уытты және тітіркендіргіш болып бөліінеді. УЫТТЫ шаң биологиялық орталарда таралып, ағзаға енгізілген у ретінде әсер етеді де улануға алып келеді. Уытсыз шаң газдарды адсорбциялауы мүмкін , соның әсерінен ол улы болып шығуы ықтимал.
Мысалы, көмір шаңы мен күлі көміртегі қышқылына адсорбациялануы мүмкін. Өкпеге ұзақ уақыт бойы енген шаң олардың созылмалы ауруға –пневмокониозға шалдықтыруы мүмкін, ол өкпенің тыныс алу беттерінің
шектелуіне және адамның барлық ағзасында өзгерістер туындауына әкеліп соқтырады. Әсіресе өлшемдері 1 – ден 10 микронға дейінгі тозаңдар қауіпті. Себебі олар өкпеге терең ене алады. Біршама ірі тозаңдар жоғарғы тыныс
алу жолдаының шырышты қабатында қалып қояды, ал біршама ұсағы шығып кетеді. Шаңның тікелей әсері тітіркендіргіш болуы мүмкін, асқазан және
шырышты қабаттағы, көздегі басқалай өзгерістерге, бронхиалды астмаға себепкер болуы мүмкін.
Пішіні бойынша жиектері үшкір ұшталған және инелі тозаңдар өте қауіпті (асбест, шыны, металдар). Шаңда электрлік заряд болуы мүмкін, ол оның өкпеге шөгілуін жеңілдетіп, ағзада қалатын шаңның мөлшерін жоғарылатады. Шаңның болатын аурулардың алдын-алу үшін зиянды концентрациясын нормалаудың мағынасы өте зор, ол ГОСТ 12.1.005 – 88 бойынша жүзеге асырылады. Жұмыс аумағындағы ауаның жалпы синитарлы-гигиеналық талаптарымен шекті жіберілетін концентрация (ШЖК) бекітіледі. ШЖК ретінде күнделікті жұмыс, аптасына 8 сағат аралығында немесе басқаша ұзақтылық кезінде, аптасына 41 сағаттан көп
емес аралықтағы барлық жұмыс, уақытында ауруға шалдықпайтын немесе денсаулықтың нашарлануына әкелмейтін концентрацияны қарастырады. Жұмыс аумағындағы ауаның ШЖК көбеюі шаң әсерінен қорғайтын іс-шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Оған жататындар:
- Өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру, қашықтықтан басқару;
- Қондырғылар мен технологиялық үрдістерді герметизациялау;
- Өндірістік желдету қондырғысы;
- Ғимараттарды тиянақты жүйелі тазарту;
- Жекелеген қолданыс құралдарын қолдану;
- Шаңды басу;
Тыныс алудан жұтқан шаңның мөлшері ғимараттағы шаң дәрежесіне байланысты, сондықтан жұмыскерлер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін өндірістік ғимарат ауасындағы шаңның шекті жіберілген концентрациясы нормаларының талаптарын орындау міндетті болып табылады. Өндірісегі ауа ортасының тозаңдануын анықтау таразылық, есептік, радиоизотопты немесе фотоэлектрлік әдістермен жүзеге асырылады.
Таразылау тәсілі жүзеге асыруы қарапайым, жасалатын өлшемдердің тура және жылдам алынатындықтан кеңінен таралған. Тәсіл сүзгінің салмағын 2 –4 минут аралығында шаңды ауаның белгілі бір көлемін өткізгенге дейін және кейін өлшеуге негізделген. Тәсілдің кемшілігі шаңның сапалық сипаттамаларын анықтауға болмайды, яғни оның физико-химиялық қасиеттері анықталмайды.Есептік тәсіл арнайы кониметр аспаптарының көмегімен ауаның бірлік көлеміндегі шаңды анықтауға негізделген. Шаңды ауа насосопен дымқылданған құбыр арқылы қабылдау камерасына сорылады. Мұнда ол
кеңейеді, қысымы түседі, температурасы төмендейді, су булары тозаңда конденсацияланады және олармен бірге заттық шыныға түседі. су буланғаннан кейін тозаңдар жабысып қалады, оларды микроскоппен масштабты торды қолданып есептеуге болады. Бұл жағдайда шаңның сандық сипаттамасымен қатар сапалық құрамын да анықтауға болады. Тәсілдің кемшілігіне үрдістің ұзақтығы жатады.Шаңды және фотоэлектрлік үрдістерді сәулелендіру негізінде ПРИЗ –ЖТШӨ (жылжымалы радиоизотопты шаң өлшегіш) және ИКП – ШКӨ (шаңның концентрациясын өлшегіш) аспаптары жұмыс істейді.Жұмыс аймақтарының ауасындағы шаңның болуына дұрыс жобаланған желдетумен қатар шаңтұтқыш қондырғылар да әсер етеді, олар атмосфераға шаңның шығуының алдын алып, сонымен ағынды желдету жүйесімен жұмыс орындарына берілетін ауа тазалығын қамтамасыз етеді. Шаңтұтқыштар ретінде гравитациялық (шаң шөккіш камералар), инерциялық (жалюзилі, радиалды, циклонды), ортадан тепкіш әсерлі
(ротациялық, ортадантепкіш, құйынды), дымқыл тазалау құрылғылары (скрубберлер, барботажды – көбікті құрылғылар және т.б.) , кеуекті сүзгілер (СК), электрсүзгілер қолданылады.
Жетілдірілген шаңтұтқыштардың бірі электрсүзгілер болып табылады. оның жұмысның принципі – коронациялық заряд аймағындағы гаға соққылық ионизация, иондардығ зарядын өоспаның бөлшектеріне беру және соңғысын шөгу және короналық электродтарда шөгіндіру.
Электрсүзгілеріндегі шаңды газ шөгу электродтарына түзілген арналармен қозғалады, олрдың белгілі бір қашықтық арқылы короналық электродтар орналасқан. Электродтарғы жоғары кернеулі тұрақты тоқ беріледі.
Тыныс алу жолдары арқылы адам ағзасына енетін шаң мен зиянды заттардан тыныс алу мүшелерін қорғау үшін шаңға қарсы, газға қарсы және оқшаулағыш противогаздарды, сонымен қатар оттекті оқшаулағыш құралдарды қолдану ұсынылады. Шаңға қарсы респираторлар ауада аэрозоль (тозаң, түтін, тұман) түрінде болатын зиянды заттардан тыныс алу мүшелеріне қорғауды қамтамасыз етеді, олар зиянды булар мен газдардан қорғамайды, заттардан тыныс алу олар аэрозольдардан қорғамайды. Олардың А,В,Г және КД маркалы патрондармен шығарады. Әмбебап РУ – 60 м респираторлары ауада аэрозоль, булар және газдар түріндегі кездесетін зиянды заттардан тыныс алу мүшелерін қорғауды қамтамасыз етеді, олар РГП – 67 секілді патрондармен шығарылады. Респираторларды қолдануға болатын бу және газ тәрізді зиянды заттардың концентрациясы шекті жіберілетін нормасы 15 – тен аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет