Тіл және сөйлеу
«Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл.Сөзі жоғалған жұрттың өзй де жоғалады...»деп Ахмет Байтұрсынулы атамыз айтып өткен.
Карл Маркстың айтқан дәйексөзінде :“Тіл-ойдың тікелей шындығы,ойды қалыптастыратын,жарыққа шығарушы құрал ”. Солай келе,тіл дегенеміз-қатынас құралы,экспрессивтік қызмет атқарушытаңблардың тарихи қалыптасқан жүйесі.
Тіл дегенміз не?-дегенге жоғарыда жауап бердік. Сондықтан әңгімені сөйлеу дегеніміз не?Ол қалай жаслынады?-жауап беруден басталық.
Психологтар тілімен айтқанда,сөйлеу дегеніміз - адам әрекеттерінің бір түрі.Адам біреуге бір нәрсе туралы айтуды мақсат етеді.Сол мақсатқа жету үшін,адам өзінің дыбыстау мүшелері арқылы әр түрлі артикуляциялық әрекеттер жасайды.Яғни сөйлеу әрекеті дыбыстау мүшелерінің қимылы (артикуляциясы) арқылы пайда болады.Ендеше сөйлеу дегенге:Тілдік таңбалар қатынас құралы қызметінде қолданылатын әрекет ,- деп анықтама беруге болады.
Сөйлеу әрекеті сөйлеу,есту,ұғыну сияқты үш бөлімнен тұрады.Сөйлеушінің айтқандары - артикуляциялық жиынтық,ал тыңдаушының естиндері-акустикалық жиынтық болады.Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі түсіну үшін,бұл екі жиынтық берік бірлікте болу керек. Яғни бас деген сөзді айтушы да, тыңдаушы да бір ғана мағынада түсіну керек. Айтылған мен естігеннің арасында ондай бірлік болмаса,ұғыну ,ұғынысу деген де болмайды. Ондай бірлікті –мағына (семантика) деп атайды.
Осы тұрғыдан сөйлеу дегенге тағы да анықтама беріп көрелік:
Сөйлеу дегеніміз-қатынас жасау процесінде өз ойын,сезімін басқаларға білдіру,басқаның ойын білу мақсатында тілді қолдану деген сөз. Сөйлеу тілдік элементтер (дыбыс,морфема,сөз,сөз тіркесі,сөйлем)арқылы болады және ол тілдік заңға,тілдік нормаға бағынады.Тіл мен сөйлеу бір-бірінен ажырамас бірлікте.Тілсіз сөйлеу жоқ,сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ.
Бірақ бұл екеуінің бірлігі тепе-теңдік,абсолюттік бірлік емес.Тіл дегеннен ондағы бүкіл дыбыстардың ,грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек ,сөйлеу дегеннен сол тілдік элементтердің өзара қарым-қатынасқа түсуін түсінеміз.Яғни сөйлеу дегеніміз-тілдің қимыл үстіндегі күйі.Бұл жағынан алғанда ,тіл сөйлеуге қажетті өлі материалдардың жиынтығы.Ф. де Соссюрше ,тіл-тілдік материалдардың қоймасы болса,сөйлеу-сол материалдардың жанданып іске қосылуы.Яғни адамдар сөйлеу кезінде тілдік қатынас айалымына түсіреді.
Тілдік материалдар да,тілдік заңдар мен нормалды солар да жалпы халықтық,қоғамдық.Ал сөйлеу - индивидуалдық.Бірақ сөйлеу тілдік материалдарға,тілдік нормаларға тәуелді:соларға бағынады, соларды сақтайды.Соған қарамастан сөйлеу-тілдің,тілдік норманың жаны,тіршілігі.Сөйлеу болмаса, тіл өледі. Өйткені тіл - тілдік норма қоғамдық бола тұра,ол жеке аамдардың сөздері,сөйлеулері арқылы көрініп,өмір сүреді.
Тілде бар нәрсенің бәрі сөйлеуде бола беруі мүмкін.Алайда сөйлеуде болғанның бәрі тілде бола бермейді.Сөйлеу кезінде сөздер тілде қалыптасқан үйреншікті тура мағынасында қолданылмай ,тек мәтін арқылы ғана түсінуге болатын ауыс,келтірінді мағыналарында қолданыла береді.Мысалы ,Абай өлеңдерінде кездесетін «көңілдің жайлауы»,жүректің саусағы дегендерді алалық. Тілде көңіл,жайлау,жүрек,саусақ деген сөздерде,олардың мағыналары бар. Ал жоғарғы тіркестер мен олардың мағыналары тілде жоқ. Олар-тек сөйлеу процесінде ғана туған нәрселер.
Тілге «мынасы жақсы,мынасы жаман;мынасы нормаға жатады,мынасы жатпайды,мынау керек,мынау керек емес,» деген сөздерді қолдануға болмайды.Тілдегінің барлығы да керек,барлығы да нормалы.Керексіз нәрсе онда болмайды .Керексізі де,жаманы да,нормасызы да,-сөйлеуде болады.Себебі сөйлеуші тілдегі барды, дұрысты әр уақыт орынды қолдана бермейді;сөйтеді де, ол тіл шұбарлылығын ,нормасыздықты туғызады.Тіл мен сөйлеудің бір-бірнен өзгешіліктері де осында.
Тіл мен сөйлеудің бір еместігін, бұлардың арасында айырма барлығын В.Гумбольдт,Г.Штейнталь,Г.Шухардт сияқты ғалымдар айтқан. Бірақ тіл мен сөйлеудің екі бөлек мәселе етіп қараудың қажет екенін ғылыми тұрғыдан алғаш дәлелдеп берген ғалым-Ф.де Соссюр.
Соссюр тіл білімін тіл лингвистикасы,сөйлеу лингвистикасы деп екі салаға бөледі де,мұның алғашқысы-негізгі;оның нысаны-тіл,ол-әлеуметтік құбылыс .Соңғысы-көмекші нәрсе;оның нысаны-сөйлеу әрекеті.Сөйлеу-индивидуалдық құбылыс.Бұл екеуі тығыз байланысты:тіл-сөйлеу түсінікті болу үшін қажет;ал сөйлеу-тілдің қалыптасуы ,қажетке жарауы үшін қажет деп біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |