Тіл мен ойлаудың шығуы мен дамуы.
Тіл мен ойлаудың шығуы, дамуы туралы маркстік қағидалар
Дүние жүзіндегі көптеген үлкен-кіші елдердің мәдени және тарихи өмірімен жете таныс болумен қатар Маркс, Энгельс, Ленин бірнеше тілдерді жақсы білгенін, мұның өзі осы ұлы адамдарға тілге байланысты сан алуан теориялық мәселелерді жан-жақты зерттеп, ғылыми қорытындылар жасауларына үлкен септігін тигізгені айдан анық.
Маркс пен Энгельс, Ленин тіл білімі мәселелерін тереңінен зерттеді;олар жөнінде арнайы бірнеше еңбектер жазды; бірсыпыра еңбектерінде тіл проблемалары айтарлықтай сөз болып отырады.
Марксизм-ленинизм классиктерінің тіл проблемалары жөніндегі басты-басты проблемалары мыналар:К.Маркс пен Ф.Энгельс бірігіп жазған «Неміс идеологиясы» атты кітабы, Маркс: «Капитал», «Саяси экономияға сын жөнінде»; Ф.Энгельс: «Табиғат диалектикасы», «Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы», «Анти-Дюринг», «Франк диалектикасы» және сол сияқты В.И.Ленин: «Халық достары»деген не және социал-демократтарға қарсы қалай күреседі», «Россияда капитализмнің дамуы», «Орыс тілін тазарту жөнінде»және тағы басқа сол сияқты еңбектері болды.
Марксизм-ленинизм класситері еңбектері маркстік тіл білімін жасап, қалыптастырды; бұған дейін ең ірі деген философтардың, лингвистердің, тарихшылардың,археологтардың өздеріне жұмбақ болвп, қыр-шыры ашылмай келген көп-көп мәселелер ғылыми тыңғылықты шешімін тапты,тілдің табиғаты, қоғамдық мәні анықталды, тілді зерттеу методы анықталды, тіл мен ойлаудың шығуы,диалектикалық бірлігі, тіл дамының негізгі процестері мен заңдары,ұлт тілдерінің пайда болуы,қалыптасу және оларға тән белгілер маркстік ілім негізінде жеріне жеткізіліп дәлелденді.
Тіл мен ойлаудың шығуы жөнінде маркстік қағидалардың басты-бастылары мыналар:
Маркс пен Энгельс тілдің шығуын адамның пайда болуы, қоғамның пайда болуы, еңбектің шығуы, жетілдірілуі деген мәселелермен тұтас қарастырды.Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда, «тілдің шығуын еңбек процесінен шығарып және еңбекпен бірге түсіндіру бірден-бір дұрыс түсінік болады».
Тілдің еңбек процесінде, қоғамда пайда болғанын Ф.Энгельс былай түсіндіреді: «Ағаштан ағашқа өрмелеп жүретін маймылдар үйірінен адам қоғамы пайда болғанға дейін жүз мыңдаған жылдар өткен болу керек,-Жер тарихында бұл жылдардың маңызы адам өміріндегі бір секундтың маңызынан артық емес. Бірақ дегенмен, ақырында келіп, адам қоғамы пайда болды. Ал енді біз тағы да адам қоғамының ерекше белгісі – оны маймылдар үйірінен өзгеше етіп көрсететін белгісі неде деп білеміз?Ол еңбекте».
Сөйтіп, еңбек құралдарын жасау және оны қолдану адамның қолының, миының, дауыс аппараттарының өзгеруіне, жетілуіне әкеп соқты; ұоғам мүшелерінің бұрынғыдан бетер тығыз ұйымдастыруға себепкер болды; табиғат күштерін өзіне бағындыруға мүмкіндік берді. Бұлайша бірлесіп, қоғамдасып еңбек ету тағы да бір қажеттілікті туғызды. Тіл қоғамда туды. Тіл еңбек процесінде туды. Тіл қоғам ішінде, еңбек процесінде қажеттіліктен келіп туды.
Бұл жайды Ф.Энгельс былайша түсіндіреді: «Қолдың дамуымен бірге, еңбекпен бірге басталған табиғатқа үстемдік ету алға қарай әрбір қадам басқан сайын адамның ой-өрісін кеңіте берді. Табиғат заңдарынан адам үнемі жаңа, оған дейін мәлім болмаған қасиеттерді тауып отырды. Екінші жағынан, еңбектің дамуы қажет болғандықтан, қоғам мүшелерінің негұрлым тығыз топтасуына себепкер болды, өйткені соның арқасында өзара жәрдемдесу, әрекет ету реттері жиілене түсті; сөйтіп осылай бірігіп әрекет етудің пайдалылығын қоғамның әрбір жеке мүшесі айқын сезетін болды. Яғни, қалыптасып болған адамдардың жеткені сол – бұларда бір-біріне бірдеңе айту қажеттігі пайда болды. Бұл қажеттілік өзіне өзі органын жасады: маймылдың жетілмеген көмекейі неғұрлым жетілген модуляция жасау үшін модуляция жолдарымен ақырындап, бірақ үнемі өзгере берді, ал ауыз органдары бірте-бірте бір анық дыбыстан соң бір анық дыбыс шығаруды үйренді»
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қысқаша ғана қорытындыласақ:
1.Адамзаттың арғы тегі – хайуанат; адамдардың арғы ата-бабалары – адам тектес маймылдардың аса жоғары дамыған тұқымы; еңбек құралдары маймылдың, адамзаттың арғы ата-бабасының нағыз адамға айналу процесінде шешуші роль атқарды. «Адамды адам еткен - еңбек»(Ф.Энгельс).
2. Тіл адамдардың алғашқы ортасында, жиын ортасында еңбек процесінде туды.
3. Тіл адамдар арасында қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайда болды; тіл адамдардың қарым-қатынас жасау, пікір алысу, өзара түсінісу қажеттіліктерін өтеу үшін пайда болып, қалыптасты.
4. Адамның нағыз адам қалпына жетуі; хайуанаттар дүниесінен мүлдем бөлініп шығуы, адам болып қалыптасу тілге ие болуынан басталды. Жан-жануарлар ішінде тіл – адамға ғана тән нәрсе. Адамды адам етіп қалыптастыруға себепкер болған бірден-бір пәрменді құрал – оның дыбыстық тілі; дыбысқа бөлініп сараланған дербес қаруы.
5. Қоғамдасу, бірлесіп еңбек ету, еңбек құралдарын жасап, жетілдіре түсу адамзат ойлауын туғызды; тіл мен ойлау еңбектің жемісі. Бірақ алдымен тіл, одан соң ойлау немесе керісінше алдымен ойлау, одан соң тіл туған жоқ, Бұл екеуі – бірі ерте, бірі кеш жасалған нәрсе емес. Адам ойлауы тілдің шығуымен, тілдің шығуы адам ойлауының шығуымен бір мезгілде шығып, қалыптасты. Екінші сөзбен айтқанда, тіл сияқты, адам ойлауы да, адам ойлауы сияқты, тіл де еңбек негізінде, еңбекпен бірге туып, бірге дамыды.
Тіл және ойлау
Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес,сонымен бірге философия мен логика және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.
Дыбыстық тілде, абстракті ойлау да адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік,әрі биологиялық жақтарымен сипатталады,осы екеуін бірдей қамтиды.Біріншіден, тіл де,ойлау да-адам миының туындысы,соның жемісі,екіншіден, тіл де,ойлау да-әлеуметтік құбылыс,өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды.
Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді.Ойдың жарыққа шығып іске асуы,өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі,сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. «Тіл дегеніміз-ойдың тікелей шындығы».Ой шындығы тіл арқылы,тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді.Демек,тіл-пікір алысу құралы,ойлаудың қаруы,ойды білдіру құралы.
Тіл мен ойлаудың бірге шыққандығы және олардың өз ара тығыз байланыстығын К.Маркс пен Ф.Энгельс талай рет көрсеткен болатын: «Тіл де,сана сияқты ертеден келе жатқан нәрсе,тіл,дәл айтқанда,басқалар үшін,осының арқасында өзім үшін де,өмір сүріп отырған шын практикалық сана болып табылады;сөйтіп,тіл де,сана сияқты,басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туады.
Адам ойлауының хайуанаттың «ойлауынан»,соның ішінде адам тәріздес маймылдардың ойлауынан,айырмашылығы сол,адам шындықтың объектілерінің байланысы мен қарым-қатынастарын танып біледі және олардың қасиеттерін айқындап белгілей алады.Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен алғашқы адамдар еңбектене бастады,өздерін қоршаған дүниедегі бір затты екіншіз атқа әсер ететіндей етіп пайдаланды.
Ал басқа хайуанаттарды былай қойғанда,адам тәріздес маймылдардың өзінде объективті шындықтың сәулеленуі түйсік,қабылдау мен елестердің образдардың формалары түрінде болады.
Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты болады дегенде,тілдегі категориялар мен ойлау категорияларының өз ара байланысы ескеріледі.Мысалы,тілдегі сөз логикалық категория-ұғыммен тығыз байланыста болса,сөйлем байымдауымен тығыз байланыста болады.
Тіл арқылы адам ойлайды, тіл шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың,олардың сан алуан белгілері мен өз ара қатынасының адам санасындағы бейнелері болып саналатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады.Мысалы, ұғым адам санасында дыбыстардың белгілі бір комплексі-сөз арқылы жатталып қалады.Дыбыстардан құралған сөз белгілі бір зат не құбылыс ұғымының адам санасындағы материалдық формасы болып саналады.
Ойлаудың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формалаларының бірі байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады.
Байымдауға мағыналық жақтан алып қарағанда,бірдемені хабарлау,құптау немесе жоққа шығару тән де,форма жағынан алып қарағанда,субъектпредикаттық құрылым тән.
Кейбір лингвистер,сондай-ақ логиктер сөйлемнің құрылымы мен байымдаудың құрылымы бір-біріне тепе-тең деп қарап бұлардың арасында айырмашылықтардың болатынын ескермейді.Сөйлем туралы теориядағы бұл бағыт ерте заманға барып тіріледі.Осы бағыт барлық тілдерге бірдей жасанды схема-сөйлем мен сөйлем мүшелерінің универсалды схемасын тудырды.Аталған схема бойынша,сөйлем мүшелерін ажыратып айқындауда грамматикалық критерий емес,мағыналық логикалық критерий негізге алынды.Мұның өзі грамматикалық категорияларды логикалық категориялармен араластырып жіберуге соқтырды.Мысалы бастауышты «сөйлемге кім, не туралы айтылса,соны білдіретін мүше» деп айқындау сөйлемге және сөйлем мүшелеріне тек логикалық тұрғыдан келіп қараудың салдарынан болған.
Кезінде Ф.Энгельс Е.Дюрингтің дерексіз ойлау,шын мәніндегі ойлау тілдің көмегінсіз,сөйлеусіз болады дейтін мағынасыз пікірін қатты сынға алып былай деген болатын: «Олай болған күнде ең таза,ең шын мәнісіндегі ой иесі хайуандар болғаны ғой,өйткені олардың ой ойлауына ешқашан да мазасыз сөздің бөгеті болмайды.Қалай болғанда да Дюринглік пікірлер мен оларды баяндайтын тілден бұл пікірлерден қандай болса да тілге онша жанаспайтынын...көруге болады.
Идеалист лингвистер мен философтар тілді психикалық құбылыс,ойлау процесі материалдық тілдік формаға байланыссыз болады дейтін қате көзқарасын дәлелдеуге тырысқанда ,іштей сөйлеу,ойлау немесе өзімен-өзі іштей сөйлеу процесін таяныш еткісі келеді.Олардың пікірінше,адам өзімен-өзі болып ойланғанда,оның ойлау процесі материалдық тілдік формасыз таза күйінде өтіп жатады.
Мұндай тұжырыммен келісуге мүлдем болмайды.И.П. Павловтың екінші сигнал жүйесі туралы ілімі бойынша,сөйлеудің құлаққа әсер етуінен миға барып жететін физиологиялық тітіркенулер ғана емес сонымен бірге сөйлеу мүшелерінен миға барып жететін кинэстезикалық тітіркенулер де сигналдардың сигналы болып саналады.Материалдық физиологиялық процестердің осы түрлердің әрқайсысы да ойлау процесінің өтуіне материалдық негіз бола алады. «Ойлау процесінің екінші сигнал жүйесінің сигналдарының барлық осы түрлерінің негізінде бір мезетте болуы тіпті де міндетті емес.Мысалы,іштей сөйлеу,өзімен-өзі ойлану процесінде есту мүшелерінен миға келіп жететін тітіркенулер бізде болмайды,мұның өзі әңгімелесушіні тыңдағанымызда болады.Іштей сөйлеу,өзімен-өзі ойлану процесі,эксперименталды зерттеулердің көрсетіп отырғанындай,сөйлеу мүшелерінен келіп жететін тітіркенулерге сүйемелі.Іштей сөйлеу процесінде сөйлеу мүшелері арқылы тиісті артикуляциялардың еленбейтін түрде жасалатыны айқындалды,олар сырттан қараушыға және субъектінің өзіне байқалмай қалады да,тәжірибе жасалған кезде тиісті аспаптармен айқындалып белгілінеді»
Н.Я. Марр тіл мен ойлаудың өз ара қарым-қатынасы туралы мәселені шешуге тырысқанмен оны дұрыс шеше алмады.Маррдың «ілімінде» тіл мен ойлауды тепе-тең деп қарау да,олардың бірлігін,өз ара байланысын жоққа шығару да орын тепті.Тіл мен ойлауды бір-біріне теңдестіру Маррдың тілдердің «сатылып даму теориясынан» көрінеді.Н.Я.Марр тілдердің әр түрлі морфологиялық типтері тілдердің дамуындағы әр түрлі сатыны,дәрежені көрсетеді және ойлаудың дамуын айқындайтын өлшеуіш болып табылады деген қате қорытындыға келеді.
Марр,бір жағынан өзінің «сатылап даму теориясы» бойынша тіл мен ойлаудың тепе-теңдігі туралы қате көзқарасты жақтап,екінші жағынан,семантика мәселесіне келгенеде тіл мен ойлаудың бірлігін жоққа шығарып,ойлауды тілден бөліп тастайды.Ол былай деп жазды: «тіл дыбыстар арқылы көрінетін болғандықтан ғана өмір сүру;ойлаудың қимылы мұндай көрініссіз-ақ болады...Тіл бұл күнде өзінің қызметін кеңістікті сөзсіз жеңетін ең жаңа өнер-табысқа бере бастады,ал ойлау өзінің бұрын пайдаланылмаған қорлары мен жаңа табыстарынан жоғары өрлей береді,тілді тайдырып толығымен оның орнын басады.Келешектегі тіл-табиғи материалдан аулақ,техникада өсетін ойлау.Бұған ешбір тіл,тіпті дыбысты тіл де қарсы тұра алмайды,өйткені дыбыстық тіл қалай да табиғат нормаларымен байланысты».Н.Я.Маррдың бұл пікірі мүлдем қате.Ол тілді ойлаудан бөліп тастап,идеалистік бағытта болды,сонымен,тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып теңестіру де,ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып,бірінен-бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып табылады.Тіл туралы маркистік ілім тіл мен ойлау әрдайым диалектикалық бірлікте болады деп үйретед.Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады,солар арқылы басқаларға белгілі бола алады.Басқаның ойында тіл арқылы,тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |