Қазіргі кездегі қазақ тілінде жастардың сойлеу мәнері


Контактілі қарым-қатынас және ауызша сөз



бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі35,84 Kb.
#20068
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазіргі кездегі қазақ тілінде жастардың сойлеу мәнері

Контактілі қарым-қатынас және ауызша сөз

Қарым-қатынастың бұл түрі күнделікті өмірде жиі қолданылады. Коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданылып, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан пайдаланылады. Мысалы, бас изу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Бұл контактілі қарым-қатынастың негізгі ерекшелігі. Сонымен қатар тікелей қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік факторы және «көз контактісі» бірлікте көрініс береді. Көз контактісі – дегеніміз коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы. Мысалы, көзін ары-бері жүгіртіп сөйлеу –коммуниканттың өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты лингвист Л.П. Буева былай дейді: «личный контакт обладает большой силой эмоционального воздействия, внушения, в нем непосредственно действует социально-психологический «механизм» заражения и подражения» .

Сонымен контактілі тілдік қарым-қатынаста ауызша сөздің мүмкіндігі шексіз болады, өйткені тек тілдік қана емес,тілден тысқары құрылымдар – сөйлеушінің бет-әлпеті, дауыс құбылысы, қол, бас, көз қимылы, бет әлпеті, т.б. дене тілі деп аталатын толып жатқан тілдік емес әрекеттер жүйесі сөйлеген сөздің мазмұнын толықтыра түседі. Сөйтіп, ауызша сөз әрекеті барысындағы белгілі бір ақпаратқа тілдік емес құрылымдар жүйесі қосарлана жүреді де, ой мен сезімді толымды етіп жеткізуге септігін тигізеді Бұдан ауызша сөздің тілдік және тілдік емес құрылымдардың өзара құрамасынан тұратын ерекше құбылыс екенін байқаймыз. Ал тілдің жазба түрінде (жазба сөзде) мұндай мүмкіндіктер шектеулі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет