№1 дәріс.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның негізгі түсініктері
Кіріспе.
Компьютерлік технологияның негізгі түсініктері.
Компьютерлік қолданбалы бағдарламаларға түснік беру.
XX ғасырдың орта шенінен бастап алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың пайда болуы және жалпы компьютерлендіру мен оларды әрі қарай жетілдіру ғылым мен техника саласында көптеген революциялық өзгерістер жасады. Ғылымда зерттеу жұмыстарының әдістері күрт өзгеріп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Соның нәтижесінде ғасырлар бойы шешілмей келген ірі ғылыми-техникалық мәселелер өз шешулерін тапты. Бүгінгі есептеу техникасы күнделікті отбасындағы тіршіліктен бастап ғарыштағы күрделі техникалық жүйелерді басқаруға дейін қолданылып отыр. Осы саладағы қол жеткен жетістіктер математика, физика, информатика жєне таѓы басќа да ғылымдарының жедел дамуына үлкен үлес қосты. Электрондық машиналар арқылы есептеу және ойлау жылдамдығы бірнеше миллион есе артып, ғылым мен техниканың күрделі есептерінің математикалық және физикалық модельдерін жасауға мүмкіндік туды. Бейсызықтық процестерінің есептеріне арналған көптеген қолданбалы бағдарламалардың пайда болуы және есептеу техникасының жоғарғы деңгейде дамуы жылуэнергетика салаларындағы әртүрлі күрделі құбылстардың заңдылықтары мен қасиеттерін өте үлкен дәлдікпен айқындар беруіне зор ықпалын тигізеді.
Сондықтанда, жүйелік технологиялау - жалпы қоғамды ақпаратты бүтіндей және жекелеп алғанда білім беруді ақпараттандыруда қарқынды дамып келе жатқан бағыт.
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерге де демонстрация жасауға болады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.
Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты, сонымен қатар, компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер кең ауқымда ашылуда. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады, себебі, оң жарты шармен ойлауды синтетикалық, бейнелі, интуитивті жағдай бойынша қамтамасыз етеді. Бұл вербалды-логикалық сол жарты шармен ойлауды дамыту мен тарихи байланысты дәстүлі оқытудың бір осал нүктесін жеңуге мүмкіндік береді.
Мультимедиалық технолгиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісімен байланысты яғни, электрондық кітаптар, мүмкіндігінше энциклопедиялар, компьютерлік фильмдер. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қоймай, сонымен қатар студенттің аудиторядан тыс үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.
Гипермедиялық технологиялар мәтінмен жұмыс істеудің және олрдың бір-біріне хабар жіберуін ұйымдастырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін жасайтын гипермәтіндік технологияларды дамыту болып табылады. Барлық қазіргі заман ақпараттық-анықтамалық жүйелер гипермедиа технологиясында жүзеге асады. Оқу мақсатындағы гипермедиа өнімдері үлкен көлемді материалды оқуға ғана емес, тыңдау, көру, материалды іріктеу, керекті жерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға да мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта физикалық процестерді зерттеудің қандайда бір бөлігі сандық әдістердің дамуы мен біруақытта есептеуіш техника қуатының арту салдарынан электронды есептеуіш машиналарын (ЭЕМ) қолдану арқылы сандық модельдеуде жүргізеге асырылады. Соңғы жылдары жылдам ауыспалы және градиентті физикалық процестер мен құбылыстарды, өте күрделі сипатталатын параметрлерді есептейтін алгоритмдер мен бағдарламалардың комплесті пакеттері жасалынып шығарылуда.
Жылуэнергетика саласындағы компьютерлдік технология - зертханалық жағдайда күрделі немесе қиын алынатын, ал кей жағдайда алуға мүмкін емес тәжірибелік мәндерді қажет ететін ғылым мен техниканың дамуына зор ықпалын тигізеді.
Бігінгі таңда компьютерлер бірінші рет ғылыми есептеулер үшін құрылғаны туралы айтыла бермейді, бірақ осы уақытқа дейін ғылыми және инженерлік есептеулер компьютердің қосымшасы ретінде негізгі бір сферасы болып табылады. Көп жылдан бері жинақталған ғылыми бағдарламалар әртүрлі сандық есептеулер арқылы математикалық пакеттер ретінде танылған.
Қазіргі уақытта кең қолданылатын пакеттер: Mathematica (фирма Wolfram Research), Maple (фирма Waterloo Maple Inc), Matlab (фирма The MathWorks), Mathcad (фирма MathSoft Inc).
Ғылымда компьютерлік технологиялардың пайда болуы ғылыми прогресстің жеделдетуіне көп үлес қосқан дамытудың жылдам жоғарылауы айқын байқалды. Біріншіден, компьютерлік технологиялар (КТ) тек ғылым мен білім беруде ғана емес, сонымен бірге күнделікті өмірдің әртүрлі міндеттерін шешуде үлкен көмек береді. Екіншіден, компьютерлік технологияны қолдану уақыттың үлкен көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді, соның арқасында ғылымның дамуы бұрынғыдан да жоғары ырғаққа ие болды.
Компьютерлік технологияны қолдану мақсаты өркениеттеніп отырған жаңа ақпараттық қоғамдағы адамның интеллектуальдық мүмкіндіктерін күшейту, сонымен бірге білім беру жүйесінің барлық сатыларындағы оқыту сапасын жоғарылату және интенсификациялау болып табылады.
Microsoft Excel – электронды кесте түрінде берілгендерді даярлау, өңдеу және сақтауға арналған Microsoft Office пакетінің қолданбалы бағдарламаларының бірі. Электронды кестелердің басты ерекшелігі – кез келген операнданың мәні өзгеру кезіндегі формулалық тәуелділікпен байланысты берілгендердің барлығын қас қағым сәтте қайта есептеу мүмкіндігі болып табылады.
Hyper Text Markup Language (HTML) – гипермәтіндерді белгілеу тілі – World Wide Web-те баспаланатын гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған. Гипермәтіндік құжаттар – бұл тегтер деп аталатын арнайы белгілерге ие мәтіндік файлдар. Тегтер браузер арқылы танылып, файл мазмұнын компьютер эқранында көрсетуші үшін қолданылады.
Компьютерлік графика – кәдімгі физикалық бояудың көмегімен алынбайтын және ешбір нақты объектілерге тән емес түр, жарық, фактура және қозғалыс құрайтын компьютерлік технологияның үйлесу нәтижесі. CorelDraw бағдарламасы туралы дәстүрлі түрде жарнамалық материалдарды, логотиптерді, иллюстративті және көркем графика құрудың күшті әрі қолайлы құралы ретінде ұғым қалыптасқан. CorelDraw-дің көмегімен дәл машина құрылыстық және сәулет сызбаларын, графиктерді, оқу материалдарының иллюстрацияларын құруға болады. CorelDraw графикалық редакторы векторлық графикамен жұмыс жасауға арналған және аналогтық бағдарламалар арасында талассыз лидер болып табылады. CorelDraw көптеген суреттерден, фотографиялар мен жазбалардан тұратын иллюстрацияны құруда өте ыңғайлы.
Matlab – бұл матрицалық операцияларды қолдану және кеңейтілген ұсынуда құрылған ескі, мұқият өңделген әрі уақытпен тексерілген автоматталған математикалық есептердің жүйесі.
Mathcad элементарлы арифметикадан санды әдістерді күрделі жүзеге асыруға дейінгі әртүрлі ғылыми және инженерлік есептерді жүргізуге мүмкіндік беретін математикалық редактор болып табылады. Mathcad алынған нәтижелер туралы есеп құра отырып, алуан деңгейлі теңдеулерді, математикалық моделдеуді жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы.
Neuro Shell өзіне аргументтерді топтастырып санау әдісі (АТСӘ) деп аталатын немесе полиномиальды жүйелер делінетін қуатты архитектураны қосады. Аргументтерді Топтастырып Санау Әдісінің (АТСӘ) негізгі идеясы алдын-ала айтылған мән шын мәнінде жүзеге асатын мәнге жақын етіп (полиномиальды модель деп аталынатын) функцияны құруға тырысатын алгоритмдер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |