Қазіргі көркем прозадағы ішкі монологтың сипаттамасы көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары


Көркем шығармадағы ішкі монологтың кейіпкер ойлауымен берілуі



бет5/8
Дата20.09.2023
өлшемі410 Kb.
#109236
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дип.-Ә.Кекілбаевтың-жоғарыдағы-аталған-шығармаларында-кездесетін-ішкі-монолог

1.3 Көркем шығармадағы ішкі монологтың кейіпкер ойлауымен берілуі

Баяндау стилімен жазылған прозалық шығармаларда оқиғаға қатысушылардың сөздері келтіріліп отыратындығы белгілі. Әркімнің өз атынан, өз «мені» тұрғысынан берілетін бұл сөз кестесінің көркем шығармадағы ролі ерекше. Оның үстіне прозалық шығармаларда төл сөз, төлеу сөз арқылы берілуә мүмкін. Шығарма авторының кейіпкелердің ішке бүгіп, іркіп қалған сырларын оқырманға жеткізуге мүмкіндігі бар.


Кейіпкер сөзі прозалық шығармада үнемі диалог түрінде, диалогтың құрамында келтіріле бермей, кейде реплика түрінде беріледі. Яғни кейіпкерлердің дара репликалары авторлық баяндаудың ішінде енгізіледі.
Кейіпкер сөзінің қай түрі де авторлық баяндаудың фонында тілдік жаңа толқын ретінде қабылданады. Өйткені олардың қай-қайсысында да кейіпкерлердің әр алуан сөйлеу, ойлау ерекшеліктері сақталып отырады. Сондықтан дара репликалардың қолданылуы баяндауды жандандырып, оқиғаны оқушының көз алдына елестету мақсатын көздейді. Сонымен қатар кейіпкер образын толықтыра түседі.
Кейіпкер болмысын, мінез- құлқын айқын танытатын тілдік тәсіл – кейіпкер сөзі немесе диалог. Диалог (грек сөзі-әңгіме) дегенді білдіреді. Диалог туралы орыс тіл білімінде көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Жалпы диалогқа қатысты еңбектерді топтастыра қарасақ, зерттеудің үш бағытта жүргенін байқауға болады.

  1. диалог және монологты салыстыру

  2. ауызша диалог пен көркем диалогты салыстыру

  3. белгілі бір автор шығармасындағы диалогтың сипаты (Г. Сәрсеке «Көркем шығармадағы кейіпкер сөзі», Повладар 2000, 4-5 беттер)

Көркем шығармадағы диалог пен монолог – сөйлеудің формалары. Диалог пен монологтың айырмашылығы, олардың өзіндік сипаттамасы Г. Винокур, Л.В. Щерба, В.В. Виноградов еңбектерін де сөз болған.Диалог кемінде екі адамның өзара сөйлесуі, пікір алысуы. Диалогтағы пікірлер бірімен – бірі туындап жатады. Диалогтағы сөйлеу басқа біреулердің, екінші бір сөйлеушінің пікіріне тәуелді: Ал монологта мұндай тәуелділік жоқ.
Монолог грек тілінен аударғанда – жеке бір адамның сөзі. Монолог сөйлеу, жауап алу, жауап беру мақсаттарын қажет етпейді. Монолог – адамның еркімен болатын көлемді сөз кестесі.
Ғалым Г. Винокур диалог пен монологтың айырмашылығын былай сипаттайды. «... Можно определить диалог как особую функциоунально- стилистическую форму речевого общение, которой свойственны: наличие двух или нескольких участников, обменивающихся речью; более или менее быстрый темп речи когда каждый компонент ее является репликой; сравнительная краткость реплик; лаконичность и эллиптичность построений внутри реплик. Монологическая речь как обратные свойства; односторонний характер высказывания, нерасчитанный на немедленную реакцию; наличие заданности, предварительного обдумывания, обусловливающего длительность, связанность, логическую построенность речи. Кроме того, диалог и монолог могут отличаться темаикой, различным кругом характерных для того и другого предметов обсуждения»( Г.Винокур, О некоторых синтаксических особенностях диалогических речи \ Сборник статей. Исследования по грамматике русского литературного языка. М., 1955. 344-б)
Кейіпкер сөзі – жазушының жеке дара баяндау стилінің ерекшелігін ғана айқындап қоймайды. Ол-кейіпкердің мінез-құлық, қырларын, көзқарасын, психологиясын ашатын бірден – бір көркемдік амал. Персонаж сөзі – кейіпкердің жан әдемін ашатын шығарманың көркемдік кестесінің ажырамас бөлігі.
... Әбілқайыр өйтіп битін салған жоқ. Жас сұлтан мынандай ызғындай жұрттың алдында сыр алдырып, боламын деп болмай қалса, шалабын босқа шайқап, азын – аулақ абыройына нұқсан келтіріп аларын білді. Ақырын жүріп, анық басып, аңысып аңдады. «Болдың!» - десе, тасымайтындай, «Бола алмай қалдың!» - десе, жасымайтындай болып жайбарақат жүр. Бірақ, жүріс – тұрысынан, бет - әлпетінен, сөз ләмінен ештеңе аңғартпағанмен жүрегі алқымына тығылып, тынысы бітіп барады. Жұрт ішімді біліп қоймасын дегендей, ешкімге жуымай, алыстан иіліп – бүгіліп қашқақтаумен жүр. Өзіне тақ бұйырмаса да, Жәдік балаларының қырқылдасқанын көрудің өзі оған аз ғанибет емес еді! Майлы жамбастың кімге аунары белгісіз мынандай алмағайып тұста Жәдік балаларының бірін – бірі енді қайтып көрместей болып, шалқайысып шыға келуі де әбден ықтималтұғын. Олардың ондай тортаң – тосыраңы бұған жақсы. Кім біліпті, екі қарға таласса, ортасында құзғын қарғаға жем түседінің кері келер.(Ә.Кекілбайұлы. Он екі томдық шығармалар жинағы. Үркер. Тығырық. Алматы, Өлке баспасы 1999 ж 390-391 беттер)
Осы мысал арқылы жазушының ішкі монологқа енгенде кейіпкерінің қалай ойлап, қалай топшылай алатындығына көз жеткізе аласыз.
Монолог – кейіпкер психологиясын ашатын бірден – бір құрал. Монолог арқылы адамның мінез – құлық ерекшелігі, кейіпкердің өзіне тән сипат белгілері, оның ішкі жан дүниесінің қыртыс – қабаттары ашылады. Монолог – тек көркем туындыға тән көркемдік амал. Монолог тәсілі ұлттық әдебиетімізде ХХ ғасыр басындағы әдебиетте ғана көріне бастады. Бір ғана адамның көңіл – күйін білдіру мақсатында кейіпкерді сөйлету тәсілі – көркем шығармада дәстүрлі, қарапайым монолотің қызметін атқарады. Монологтің мұндай түрінде кейіпкер сөзі жүйелі түрде беріледі. Мысалы: Ұйықтап отырған шығармын дейін десе, көз алдындағы нәрсенің бары бадырайып анық көрінеді. Өңі дейін десе – бәрі оп – оңай шешіліп жатыр. Өмірде бұлай бола қоймаушы еді... Шындық болар дейтін және бір себебі – осында келгелі бұрыннан көз – таныс төрт – бес кісісін таба алмай – ақ қойғаны. Анадағы екі беті бал – бұл жанған Жүніс батыр жым – жылас жоқ. Ол аман болса, мына жиынның қақ ортасында жүруге, көп шаруасын бел шешіп өзі атқаруға тиісті сияқты еді... Оған бірдеңе болған... Не мына топпен ат құйрығын үзіскен. Олай болуы мүмкін бе... Мүмкін емес секілді... Ереуілшілердің ең атақтыларының бірі. Ол бұларды бұлай тастап кете алмаса керек еді.Анадағы сөзі де әлі жадында. Оның үстіне сол жолы ештеңені білмеген, ештеңені түсінбеген башқұрт билері бұндай шешімге аяқ астынан қалай келді екен? Неге жер аяғы кеңімей тұрып ақылдасатын шаруамыз бар дейді? Әлгіде ұлықтар тарпынан кісі көңілін суытардай тосын хабар шықты ма? Бірдеңені асығыс сұрау, бірдеңені асығыс жауап беру бұның әдетінде жоқ – ты. Көп күмәнді ешкімнің көмегінсіз өзі анықтауға тырысушы еді. Сонда сен ешкімнің алдында ештеңеден қарыздар болмайсың. Ешкім саған сарт еткізіп айтарын айтып: «Ал енді қайтер екенсің?»- деп сынай қарап отыра алмайды. Мүмкіндігінше, жұрт жұмбағын өз бетіңше шеше біл. Мүмкіндігінше, өзің де жұрт көзіне көпке дейін шешуші табыла қоймайтын қиын жұмбақ бола біл.(Ә.Кекілбаев Он екі томдық шығармасы 5 том Елең - алаң романы екінші тарау Алматы Өлке баспасы 1999ж 311 бет).
Образ даралау үшін әр суреткердің қалап алған алуан түрлі бейнелеу тәсілі болады.Ол кейіпкердің болмыс – бітімін, мінез – құлқын, ішкі әлемін т.б қасиеттерін ашуда айтарлықтай роль атқаратын – диалог, монолог, полилог. Біздің алға қойған мақсатымыз аталған көркемдік тәсілдердің ішінде монологқа, соның ішінде ішкі монологқа тоқталып, жазушының образ жасаудағы шеберлігін, оларды қрлданудағы жеке тұлғалық ізденістерін теориялық тұрғыда қарастыру.
Кейіпкер өз ойымен өзі, адам ішіндегі адаммен (человек в человеке), яғни санамен, ой мен сырласу арқылы шындыққа қол жеткізеді. Суреткер адамның осындай ойлау үрдісін тек монолог арқылы беруге болады. Мысалы: ... Құлағына келіп тұрған мынау не сарын? Өзі бір таныс сарын ғой. Ау, мынау, шынында да, не қылған ызы –қиқы. Тоқта, тоқта.Тіптен таныс... Күні кеше, жоқ баяғыда тап осындай жағдайға тап болған сияқты еді ғой. Расында да осы ұйықтап тұрғаннан сау ма?! Анау жылдары Қаратаудан ел босқанда да жер мен көкті осындай бір әжептарқы үн жайлап кеткен–ді. Дүниеде үннен қорқынышты ештеңе жоғын бұл сонда байқаған. Қаратаудың қолат–қолатынан шығып жатқан қалай болса қомдалып, қалай болса солай теңделген жалба – жұлба шұбырынды көштер дәл қазіргідей дүниені басына көтеріп зарлап келе жатар –ды...
Мынау ызы – қиқы, қым – қуыт, әжептарқы дауыстар да сол бір қилы заманды еске салғандай екен. Бірақ, бұл жолы неге құйқасы шымырламайды, неге жүрегі тызылдап бебеу қақтырмайды. Қайта өз – өзінен өрекпіп қаралай лепіріп тұр ғой! Неге өйтеді?Мынау да ызы – қиқы жылау ғой! Мынау да жер – жаһанды бастарына көтерген жаппай аңырау ғой...(Әбіш Кекілбаев. Он томдық шығармалар жинағы. 4 том, Үркер. Елшілік тарауы Алматы Өлке баспасы 1999 ж 141-142 беттер)
Ішкі монолог – адамның психологиялық құбылыстарын, ішкі жан дүниесін ашып, образ сомдау да сүбелі үлес қосатын бейнелеу құралы. Адам жанын жегідей жеген жан жарасының аузын, тәңір түгіл, өзінен жасырып күнәһар ойын тек өзіне ғана аша алады. Ол тек өзіне, адам ішіндегі адамға ғана бар сырын ақтарып, шерін тарқатады. Көркем шығармада монолог арқылы берілетін мұндай құбылыс жайлы орыстың әдебиеттанушысы Д.М. Урнов былай дейді: «Одиночество – основное условие внутреннего монолого: Оставшись один или мысленно обращаясь к самому себе, человек «проговаривается» Таково исходное условие всякого, повествовательного самоанализа» (Д.М. Урнов Процесс и результат\ \Литературные произведения в оценке англо – американский «Новый критик» Изд. Наука 1982г)
Ой, ішкі ой – жалғыздың таптырмас серігі. Кейіпкер өз ойымен өзі, өзімен – өзі сөйлесуге ғана шешім қабылдайды, оны тек өзі шешеді. Жазушы кейіпкер тіршілігін қадір – қасиетін, үміт – ынтасына, іс – әрекетіне қарай оқиға бойында бейнелейді. Суреткер өмірдің бұралау жолындағы адам психлогиясын, толқуын, тебіренісін сананың үздіксіз күресін, сезім күйін нәзік шеберлікпен суреттейді. Кейіпкердің аузына сөз сала отырып, образ табиғатын, олардың ой – толғаныстары мен құпия сырларын ашу мақсатында ішкі монологқа жүгінеді.
...Шынында да, осы балаға ұқсап, аяқ астынан лепілдей қалғаны несі? Тайлан бұған тап құлақ селт ететіндей ештеңе айтқан жоқ сияқты еді ғой! Әлде көптен тағатын сарыққан аңсарлы күннің не де болса жуықтай түскеніне, мынау жігеріңді қаралай құм қылатын екі ұдай дүдамал күйден құтылатын болғанына қуанды ма екен... Әйтеуір, неге екені белгісіз, аяқ астынан көңілі өсіп, марқайып шыға келгені. Неге өйтті? Түсінсе, не дейсің?! Тайлан осы жолаушының жүрегінің басында бір күптілік бар деді – ау. Қуаныштың күптілігі ме, уайымның күптілігі ме? Сонда... Сонда... Тағы да бұл баяғыдай ел жұрттың алдында...
Көкірегінің басы кілк еткендей болды. Өзегін удай жалаған ащы кермек алқымына тығылып тұрып алды.
Апырай, расында да, ол жолы да көңілі тап осылай алып ұшқан жоқ па еді?! Ол жолы да тап осылай жыл он екі ай екі көзі төрт болып еді ғой! Ол жолы да осы Тайланға келіп бал аштырып еді – ау... (Әбіш Кекілбаев. Он томдық шығармалар жинағы 3 том, Үркер «Тығырық» бөлімі, Алматы Өлке баспасы 1999 ж 237 бет)
Жазушы өзінің суреткерлік шеберлігін кейіпкердің жан дүниесін ашу барысында қолданған кейіпкер сөзі, оның өмірге, қоғамға деген көзқарасы арқылы танылады. Шебер суреткер образ сомдауда ұлттық табиғатымызға тән сөйлеу ерекшеліктерімізге терен мән береді. Кейіпкер бейнесін ашу салмағында соған артады. Көркем туындыда шым – шытырық адамдар тағдыры молынан кездеседі. Қиын тағдырлар, жүрек сыздатар сергелдеңдер, ой арпалыстары, адам жанының құпия сырлары шынайы суреттеледі. Жазушының өзіндік қолтаңбасы осы тұста жақсы танылады.
...Қанша айтсаң да, миына кірмейтін кер құлақ сана тағы күмілжиді...Елдің жартысы жаудың боданында, жердің жартысы жаудың табанында жатқанда ауыз біріктіріп, аруақ қоздырар тізгін ұстап неге керек болмасын! Ондай атаққа «Арқар» ұрандының қайсысының жемсауы жыбырламай жүр дейсің. Бірақ бәрі сенен сескенеді.Мынандай қиын күндерде бірталай абыройға қолы жеткен соң, бас тақ та соған бұйырып кете ме деп қорқады. Сол себепті де дүниеде қазақтың аға ханы, бас тағы бұрын – соңды болмағандай, ол туралы қазір жұмған ауыздарын ашпай отыр. Әрқайсысымыздың қол астымызда, құдайға шүкір, бір – бір ұлыс бар ғой, соны шүкіршілік етейік дейді. Ал, жеке – жеке қалғанда, қай – қайсысы да есіктегі қойшының «Маған бұйырмайтын көтен боғымен піссін», – дегеннің керін келтіріп, бізге бұйырмайтын бақыт ешкімге де бұйырмай – ақ қойса екен – деп тілейді. Бар гәп, міне, осында!
Бір жағынан күдік күңсітіп, бір жағынан шындық шыжбалаңдап әр – сәрі болған Әбілқайыр әлі бір тоқтамға келе алмай жүр.Бүгінде оның жатса, тұрса ойлайтыны сол. Қандай шешімге бел буғаны жөн... (Ә.Кекілбаев Он екі томдық шығармасы 4 том «Үркер» «Елшілік» тарауы Алматы Өлке баспасы 1999ж 146 -148 беттер).
Жазушы шығарамада кейіпкер атынан баяндаудың әдіс – тәсілдерін ұтымды пайдалана алады. Тек Әбілқайырдың ғана емес, шығарма бойында кездесетін кейіпкерлердің мінезін және ойлау қабілеттерін аша түскен.
Көркем шығармада кейіпкерлер мінезі, ойлау жүйесі, ішкі жан дүниесі оның сөйлеу мәнерінен көрінеді. Кейіпкер тілінде өткір драма элементі бар.
Қазақ көркем прозасындағы образ жасауда кейіпкерлер тілінің орны айрықша екендігін нақты фактілермен жүйелеп көрсету қажеттілігін сезіндік. Көркем әдебиетте кейіпкерлер тілінің эстетикалық қызметін көрсетуде тілдік – стильдік амал – тәсілдердің орны ерекше.
Кейіпкер тілінде экспрессивтік – эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер, сөз оралымдары, сөйлемдерге үлкен мән беріледі. Сонда ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан – жақты ашылады.
Көркем бейнені әр жазушы өзіндік амал – тәсіл арқылы бере алады. Ол диалог, монолог, авторлық баяндау сияқты амал – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Бұлар жазушының түйсінуіне, көркемдік талғамына, шеберлік сырына байланысты болады. Кейіпкердің мінезін, сөйлеу мәнерін, қимыл – қозғалысын, бір сөзбен айтқанда, көркем бейнесін аша білу – жазушы шеберлігін танытады.
Әбіш Кекілбаев қаламының ерекшелігін сөз еткенде, шығарма жанры мен тақырыбына, баяндау стиліне сай жазушының тіл өрнегін, сөз мәнерін, өзіндік қолтаңбасын әр қырынан таныту мақсаты көзделді.
Көркем шығармада кейіпкерлердің сөздері – әркімнің өз атынан берілетін, өз «мені» нен тұратын сөз кестесі. Олар кімнің аузынан айтылса, соның ойлау, сөйлеу мәнерін береді. Әркімнің сөз стилініңдаралық өрнегі, яғни грамматикалық, лексикалық, интонациялық ерекшеліктері көрінеді. Көркем туынды да кейіпкерлер сөзі тілдік айрықша толқын ретінде қабылданады. Шығарма тілінің тартымдылығын арттырады. (Кәрімов Х. Қанатты тіл. Алматы. Санат 1997ж)
... Сыр алдырғың келмесе, алдыртпайтын тұсың нағыз осы! Ал, күле сөйлеуге тырыс. Ерні құрғыры қорғасын құйғандай ауырлап кеткен бе қайткен?! Неге қимылдамайды?!...
.... Әңгімені қашқақтата бастауын қарашы! Анадай сұмдықтың алдында кісінің аузына пәтуалы сөз түседі дейсің бе! Әншейін тек пейіл мезірет қой!..
... Бәсе, нағыз әңгіме енді басталған шығар. Мына шәй ақ патшаның елшісінің мына дүниеден ақырғы рет тататын атау асы боп жүрмесін... .(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 4 том Үркер. Айқас бөлімі. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 225-226 беттер)
Ішкі монологтардан кейіпкердің ішкі тоғанысы қалай өрбіп жатқанын көре аламыз. Бірінші жақтан кейіпкер атынан берілген ішкі монологта автор сөз саптау және үлкен ойлылығын көре аламыз.
Жалпы кейіпкер сөзінің қай түрі болса да авторлық баяндау тұрғысында келеді. Автор өзі таңдап алған кейіпкерін әр алуан көріністерде әр қырынан көрсете алады. Осы тұста жазушы кейіпкерінің бар болмысын суреттеуге ішкі монолог тәсілдерін алады.
Ұлттық әдебиетімізде ХХ ғасырдың басынан бастап ішкі монолог тәсілі көрініс таба бастағаны мәлім. Көбінде кейіпкердің ішкі ойын, сөйлеу мәнерін білдіру үшін немесе кейіпкерді сөйлетудің бір тәсілі ретінде ішкі монолог қолданысқа енді. Ойлау қабілетіндегі және адам психологиясындағы осынау жарым – жартылай саналы, ерікті және еріксіз сәттегі сезімдік құбылыстар, іс – әрекеттер ішкі монологтың көркемдік ойлау жүйесіндегі табиғатын ашып берді. Шығармадағы басты кейіпкер Әбілқайыр ханның ішкі түйсік сезімі арқылы бүкіл елдің сол кездегі ойын жеткізе білген. Ішкі ой, сезімдік болмысты адам табиғатынан бөлектемей, сол кездегі ел тағлырын бір ғана кейіпкер болмысына сиғыза алған және сол кейіпкер арқылы бір бүтін ұлттың психологиясын аша білген.
...Әлгінде көзіне көзі түсіп еді, кермедегі атына зорға жетіп, әзер аттанып кетті емес пе! Екеуінің де сиқыры – қайдағы бір қалғып жатқан құпия құмарыңды төбесінен түртіп оятып, өз ––өзінен емексітіп әкете баратыны емес пе! Бірақ, осы бір сиқыр күлкіні түз сылқымы түлкі мен үй сылқымы әйелден ғана емес, бұр мауыздай еркектен де көрген жері бар сияқты ғой! Сонда мұны еркек адам несімен иектемекші? О тоба! Адам иттің ойының да сімсік тазыдай иіскелемейтін жері болсайшы! Иә, иә... Әлгіндей жымсиған монтаны күлкіні әлдебір қуқыл мұрт пен қуқыл сақалдың арасындағы суға салып жаншыған бүркіттің жеміндей қан – сөлінен айырылып әбден бозарып кеткен жұп – жұқа қаймыжық ерінге ілініп тұрғанын талай рет көрген секілді. Апырау, сол кімнің мұрты еді, кімнің сақалы еді? Тоқта... тоқта... Қуқыл мұрт дейді? Тоқта ... Қу самай... Шұнақ құлақ... Келте мұрын... Қысық көз... Қиғаш қабақ... Қатыңқы ерін...Сида сақал... Қияқ мұрт... Ұзын мойын... Апырау, мынау жұрттың бәрі жақсы білетін кейіп қой...(Әбіш Кекілбаев, Он екі томдық шығармалар жинағы, 3 том, Үркер романы, Тығырық бөлімі, Өлке баспасы 1999 ж, 252бет )
Осы бір үзіндіде жаушы кейіпкердің бар болмыс бітімін, ішкі ой арқылы жеткізе білген.
Көркем әдебиетті тілдік, әдебиет тұрғысынан зерттеуші ғалымдар ішкі монологтың ғылыми тұрғыда екі түрін атады.
1.авторлық ішкі монолог
2. перзонаждық ішкі монолог
Осы екі форманы негізге ала отырып, әдебиеттанушы ғалым Г.Пірәлиева ішкі монологтың мынадай екі типін көрсетті.
Бірінші тип – шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана – сезімнің қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты. Ал бұл типтің өзі іштей үш жағдайда көрініс тапты. а) санадан, еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог. (безсознательность) б) жарым, жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбіне, «ой ағысы» (поток сознание) тәсілі. в) өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог.
Екінші тип – оқиғаға қатысты кейіпкер монологына автордың қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты. Ішкі монологтың бұл түрі бірінші, екінші, үшінші жақпен баяндаудың түрлерінің қай – қайсысыменде сабақтас.
ХХ ғасыр басынан көркем әдебиеттегі философиялық –– эстетикалық әзденістердің нәтижесі болған модернистік бағыт өкілдері өмірге әкелген – «ой ағысы» бір ғана мінездің ой – санасын кеңінен қамти отырып, адам санасындағы психологиялық үрдістерді, сана – сезімнің бүкіл сферасын егжей –тегжейлі суреттеу болып табылады. Батыс әдебиетшілері «ой ағысын» әдеби жанр және суреттеу тәсілі деп екіге бөліп те қарастырды. Алайда осы жарты ғасыр уақыт ішінде көркемдік бейнелеу тәсілі ретінде әбден орнықты. Ой ағысы тәсілі ішкі монолгтың көркемдік қуаты ретінде жұмсалады.
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең– алаң» романдарында қалыптасқан «ішкі монолог», «сана тасқыны» секілді тәсілдік, түрлік әдістері әбден қалыптасып, суреткердің өзіндік өрнегі, стильдік ерекшелігі көрініс табатыны белгілі.
Қазақ прозашылары да бірінші жақтан әңгімелеудің бүкіл стильдік ерекшеліктерін егжей – тегжейлі танып дамытумен бірге оның түрлі әдеби тәсілдерін де өздерінің табиғи талантарының рухымен, шеберлік даралықтарымен, творчестволық ізденістерімен жетілдіре түсті. Бірінші жақтан әңгімелеудің жаңаша тәсілі – қазақ прозасы үшін тың құбылыс болғандықтан сол кездері әдеби өмірде, жазушылар мен сыншылар арасында үлкен қозғалыс, ірі пікір талас тудырғаны да мәлім. Жазушының ішкі монологды беруде бірінші және үшінші жақты көп қолданылуының ерекшелігі, оның сезімдерінің барлығы ішкі ой ағысына қатысты. Атап кететін бір жайт, көркем шығармада жазушының жазу стилінде «деп ойлады», «деген ой туды» сияқты сөз тіркестері жоқтың қасы. Авторлық басым эпикалық, үшінші жақтан баяндау стилін таңдағанымен ол көбіне кейіпкер секілді сөйлейді, кейіпкер кейпіне енген, роліне көшкен автор экранға көп шығады. Кейде тоқтаусыз оқып келе жатып ішкі монолгтың кімдікі екенін айыра алмайтын жағдайлар кездеседі. Арасында ешқандай тыныс белгілері, дауыс толқыны айрықша белгіленбегендіктен де оларды бөліп – жару өте қиынға түседі. Авторлық баяндау білінбей кейіпкердің монологына ұласып жатса, енді бірде кейіпкердің ішкі ой толғанысына автордың комментариіне үнсіз қосылып жатады. Сондықтан да болар, жазушы шығармаларын оқығанда бейне бір тынысты, бір қалыпты бірыңғай қалыптан арылмай отырасың. Бір ойдан екінші ойға кібіртіксіз өткенмен оның сезім құбылыстары толқынды, тебіреніс дауылдары да баршылық. Бұл құбылыс Ә. Кекілбаев қаламының ең үздік сырының бірі болатын.
Негізі кез келген кейіпкер өз монологымен өзі шектеулі, және оның ойлау үрдісі – шекарасы қатаң түрде шектелген: ол әрекет етеді, толғанады, ойланады және ол өз болмысына сай бәрін пайымдайды. Ол өзімен – өзі болуды қоя алмайды, яғни кейіпкер өз мінезінінен, темперамені мен типтік болмысынан, өз табиғатынан тысқары ойлап, іс – әрекет істей де алмайды. Сондай – ақ ол автордың монологтық ой – ниетінен шығып та кете алмайды.
... Бірақ... Кешеден бері есіне келсе, не дейсің! Ол сұмпайылар елшілікке шауып не қылады! Олардың өлтірмегі бұның нөкері емес, өзі ғой. Оларға керегі – мұның артып келген дүниесі. Оны түнде алып кетті. Енді, мұның құзғын қара басы ғана қалды емес пе! Қалған башқұрттар мен орыстардың бір қылын түсірмей аман – есен күйлерінде ауыл – ауылға құл қып таратып аламыз деп жүрген көрінеді. Ендеше, олардың көрер жарығы әлі таусылған жоқ. Таусылса, тек бұның ғана жарығы таусылады. Бұл үшін тал түсте елшілікке тиіп не қылсын! Қазір хан бір төлеңгітін жіберіп, шақыртады. Алдына барғасын, аспаеға асып қоя ма, бауыздап сала ма, кешегі мылжың сұлтан айтып келгендей шабақтап өлтіре ме, жоқ алапестердің арасына апартып тастай ма - өзі біледі.(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 4 том Үркер. Айқас бөлімі. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 222 бет)
Автор шығармасында Ресей қол астына кірушілерге берілетін сый – сияпаттан айырылған күннің ертесіне хан дастарханына шақыртуы алдындағы елші Тевкелевтің ішкі ойын кейіпкер психологиясына лайықтап берген. Шақыра келген төлеңгіттің айтатын жіне істейтін қимылдарында алдын – ала іштей ойлап тұрған елші:
... Бұл енді мазақтағаны. Мазақтаса, мазақтай берсін! Енді кімнің не айтып, не қойғанында не тұр!..
... «Сескенбеңіз» - дейді! Қандай кесепатпен келгенін біліп кеп тұр. Демек, мұны тірілей шабақтамайтын болғаны. Демек, алапестерге де апармайтын болғаны. Демек, мұның етінен ет те кесіп алмайтын болғаны! Ол үшін тамақтанудың қажеті қанша! У беріп қатыра қоймақ қой... .(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 4 том Үркер. Айқас бөлімі. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 223 бет)
Көркем шығармада авторлық идеяның жазушы еркінен тыс, сәл өзгеше түрде жүзеге асуы жиі кездеседі. Зерттеушілер «сана тасқыны» принципіне құлай берілгендерге алғаш әсер еткен – өлімге өз еркімен бара жататын сәттегі Анна Каренинаның ішкі монологы екенін әлденеше рет аәтқан болатын. Бұл монолог кейіпкердің шектей тартылған ауыр күйін, жан тақсіретіне толы толғаныс тізбектерін, әйелдің сыртқы өмірден жерініп, оған немкетті көз салуының ішкі себебін, жүрек құсасынан, азаптан арылудағы жалғыз жол – ажалды соңғы қадам ретінде пайдаланған, ішікі тебіренісін атайды. Басқадай көркемдік мәтін түрлерімен салыстырғанда ішкі монологтың даму тарихы тым ықшам. Дау жоқ, авторлық төл сөз әрдайым сүбелі үлеске ие. Оны ішкі монолог диалог сияқты идеялық – композициялық қажеттіліктерге байланысты әр эпизоттарда алмастыры отырады. Алайда жазушы өзіне тиісті бесаспаптық қасиетіне сай, кейіпкердің тұйық сөздері мен ашық сөздерінен қалған бос кеңістіктерді өмір шындығына лайық нанаымды жолдармен толықтырып отырады.
Өмір шындығының көркем шындыққа айналу үрдісі әр алуан философиялық, эстетикалық, таза творчестволық факторларға байланысты. Көркемдік интерпретациядан өтетін өмір шындығының сенімділігіне айқын кепілдердің бірі кейіпкер сөздері. Қаһарманның тек өзіне хас дара характері оның сөйлеу мәнерінен көрінеді. Бұл, әрине, диалогтың эстетикалық мәнін анықтайды. Монолог арқылы да мінездер ерекшелігі, ойлау сипаттары, образдың дүниетанымдық арналары өрнектеледі. Шығарма идеясының не бір нәзік тұстары, кейде автор мақсатының басты дәні көп ретте ішкі сөздер ағымымен бейнеленеді.
Ф.М. Достоевский кейіпкерлерін олардың жасырын толқулары мен жан сергелдендерінсіз ұғу мүмкін емес. Жазушы характерлерді ішкі бұлқыныстар сипатына қарай дамытады. Көп жағдайларда диалог пен монолог арқылы кейіпкерлер өзін – өзі мол танытады. Олар зор тебіреніспен, дүниетанымдық, мінездік белгілердің қатысуымен мейлінше шынайы ойланады.
... Апырай, ә! Бұл тағдырға сөз жоқ екен ғой. Баяғыдан бері екі ортада талай жүйрікті болдыртып, талай сұңғыланы жаңылтып, талай патша мен талай ханның құлағын талай мәмлегердің таңдайын жауыр қвлған мына мәселе күндердің күнінде бесіктен белі енді шыққан тап соның тағдырына кеп килігеді ғой деп кім ойлаған?! Дүние жаратылып, су аққалы иті қырын жүгіріп, маңдайы бір ашылмай қойған кем талай халықтың ежелден тартып келе жатқан тауқыеті, бүгін де белшсінен кешіп отырған батпан –батпан бейнеті мен азабы, ертеңге деген есек дәмесі бәрі – бәрі жиылып кеп тап соның қылқандай мойынына қылыштың жүзіндей қыдпылдай төніп тұрып алады деген үш ұйықтаса түсіне кіріп пе еді?!Пәлен уақыттан бері екі жақтың да жер түбіндегі көрмей біліп отыратын көсемдері қанша өлшеп – пішіп, ауызымен орақ орған шешендері қанша жақтарын сауып пәтуасын таба алмаған қырсық түйін тап сол әке – шешесінің жылы бауырында қаннен – қаперсіз мажыра боп ұйқы соғып жатқан бейкүнә сәбидің кеңірдегіне кеп кептетіле тұрып алады деген ой кімнің басына келіпті?!
Соны ойлағанда тұла бойы дір ете қалды. Онсыз да ол тұқымның алдында бұл қарыздар емес пе еді... (Ә.Кекілбаев Он екі томдық шығармасы 4 том «Үркер» «Арбасу» тарауы Алматы Өлке баспасы 1999ж 420 бет).
Осы бір мысал арқылы жазушының кейіпкерлерінің қалай толғанатынын және өз ойымен жүрмей бүкіл елдің ішкі, сыртқы жағдайын ойлайтын ойлы кейіпкерлерді кездестіре аламыз.
Профессор Г.Винокур монологтың үш түрін (таза драмалық, эпикалық сипаты және лирикалық), академик В.Виноградов төрт түрін (сендірмелі реңктегі,шешендік сөздің жұпыны формасындағы, лирикалық, драмалық және хабарлаушы сипаттағы) ажыратады. Қазақ жазушыларының шығармаларындағы аталған реприкалардың көпшілігі – эпикалық сипатты, яғни өткенді баяндайтын хабарлаушы монологтар.
Көркем бейне – өмір танудың ерекше түрі. Бұл жайында академик З. Қабдолов «Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, щығармадағы өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол образ», – дейді.
Жазушы авторлық баяндауды кейіпкердің еске алуы, түрлі оқиға, көріністерді қабылдауы сияқты тәсілмен сабақтастыра қроданады. Соның нәтижесінде оқиға желісін дамытып, кейіпкердің ішкі әлемі мен бейнесін аша түседі.
... Елші тағы да басын көтеріп алға қарады. Керуен өткелге келіпті. Өткелден алдымен сары ала күйме өтті. Ханзала қай жақтан шығар екен деп төңірегіне көз салып еді, дәл қарсы алдарындағы қыраңның басында қақшиып тұрған төрт–бес атты қимылдайын деді. «Бар болғандары осы – ақ па?» – еп ойлап еді, қыраңның ар жағынан қылтиған –– қылтиған шошақ бөріктілер самсап қоя берді. Қайдан мың болсын, айналасы екі жүз – үш жүзден асар –аспас. Тевкелевтің көңілі бір түрлі ортайып сала берді. Пәлен күннен бергі жол соқты енді білінейін деді. Кенет белі кілт ете қалып, екі қолымен бүйірін таянып, мықшиып біраз отырды. Қармы алдынан қаптай қыбырлап келе жатқан қара шоғырға тісі ауырғандай тыржия қарайды. Бірақ есіне тағы да нұсқау қағаз түсті. «Келіссөз кезінде өзіңді ұлы император ағзамның атағына лайық еңсеңді жықпай кербез ұстауың керек, қандай қиын жағдайда әдептен пттпмай сыпайы бола білуге міндеттісің».
... Аттарын жетелеп келе жатқан қазақтарды көріп, бұның да күймесінен түсе салғаны дұрыс болмас. Қанша дегенмен, ол ертең боданың боламын деп отырған көшпенді жұрттың ханзадасы да, бұл атағы жер тітіреткен іргелі империяның елшісі ғой. Олар әлі де жақынырақ келсін. Екі арада бес қадамдай жер қалғанда барып күймесін тоқтатты. Бала сұлтанмен құшақтаспай да, қол алыспай да, иығынан қағып амандасты... (Ә.Кекілбаев Он екі томдық шығармасы 4 том «Үркер» «Арбасу» тарауы Алматы Өлке баспасы 1999ж 159-160 бет).
Авторлық баяндау кейіпкердің көңіл –күйі, айналадағы құбылыстарды қабылдауы, оны бағалауымен тығыз бірлікте келеді. Шығармадағы оқиғаны іріктеп, таңдап алу және сол оқиғаны айтып беру, яғни баяндау тәсілі көркемдік талабымен тікелей байланысты.
Суреткер - өз қолтаңбасы бар өнерпаз. Оның қаруы – сөз, соны қолдана білу, сөзді сөйлете, ойната білу, бейнелі сөзден көркем бейне жасау.
Мысалы Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең - алаң» романдарында ейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ішкі монологын авторлық баяндау арқылы береді.
... Әбілқайыр айдаладағы жалғыз үй Мәтінің аулынан аң – таң аттанды. Шиедей ерінін қымқыра тістеп, қымсына жол берген кер миық Пәтшайымның гүл –гүл жайнаған жүзіне көзі аңдаусыз түсіп кетіп еді, әдемі келіншектің бұлтиған бетінде жылт ете қалған бір жұмбақ күлкіні аңдап үлгерді. Қоштап күлгені де, мошқап күлгені де белгісіз. Атына мініп ауылдан ұзап кеткесін де көз алдынан кетпей қойды. Артына бұрылып қарап еді – сүйіріктей сұңғақ келіншек юұралаңдай басып әлденелерді жиыстырып, үйге кірмей күйбеңдеп жүр екен. Жүзінде ғана емес, жүріс – тұрысында да әлгі бір сиқыр күлкінің табы жатқандай... (Ә.Кекілбаев Он екі томдық шығармасы 3 том «Үркер» Тығырық тарауы Алматы Өлке баспасы 1999ж 250 бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет