Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны. Тәрбиенің түрлері, әдістері және құралдары



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#127321
1   2   3   4
Байланысты:
834726.pptx

Рухани –адамгершілік тәрбие
Мақсат: өз міндеттерін түсінетін және қабылдайтын; өмірді және өзін, өзінің әрекеттерін рухани- адамгершілік тәртіп нормалары көзқарасынан дұрыс бағалайтын тұтас тұлғаны тәрбиелеу; рухани- адамгершілік өзін- өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және өзіндік жетілуі үшін өзін, өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін тану.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның эволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу.
Алтыншы бағыт - көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпы-мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. тұлғаның жалпы мәдени мінез–құлық дағдыларын қаыптастыру, тұғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет