Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны. Тәрбиенің түрлері, әдістері және құралдары



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#127321
  1   2   3   4

Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны. Тәрбиенің түрлері, әдістері және құралдары

Орындаған: Жумабек Акбопе

Шетел тілі: екі шетел тілі

212 топ

Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.

Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.

Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.

Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары.

  • Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту мәселесі Білім беру және ғылым министрлігінің, білім беру субъектілерін басқару және барлық типтегі мекемелердің басты бағыттарының біріне айналуда.
  • Осыған байланысты қоғамының барлық салаларында жаңа үлгіге (модель) өту мәселесі білім беруде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты детерминациялау жағдайына байланысты қарастыруда, білім берудің мазмұнын реформалауда да аса қажеттілік тудырды. Тәрбиенің ұлттық құндылыққа негізделген қазақстандық үлгісін жасау, оның мақсатын және стратегиялық бағытын анықтау, барлық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі оқушылар үшін тәрбиенің бағдарламасын құру өзекті мәселеге айналуда.

Қазіргі таңда мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысады.
Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден жүйенің қалыптасуынан, екіншіден әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үрдістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.
Жалпы мектептегі тәрбиелеу жүйесі, сыныптағы тәрбие жүйесі бір-бірімен кіріктірле отырып, сабақтастырыла жүргізіледі. Тұтас педагогикалық жүйе секілді тәрбие жүйесінің негізіне оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңда тәрбиелік жүйені педагогиканың негізгі категорияларының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет