Қазіргі оқыту технологияларының негіздері



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата30.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32956
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
азіргі о ыту технологияларыны негіздері

мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі: 

 



І кезең – қызығушылықты ояту; 

 



ІІ кезең – ойлану үйренуге бағытталған; 

 



ІІІ кезең – тақырып туралы ой толғаныс. 

   Бірінші  кезеңде  үйрену  процесі  –  ертеде  меңгерілген  және  жаңа  білімді  ұштастырудан 

тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің ӛзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен 

толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы 

оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, 

ояту,  ми  қыртысына  тітіркендіргіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.  Осы  кезеңге  қызмет 

ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» 

және т.б. деген  атаулары бар  әдістер  (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту 

кезеңінің  екінші  мақсаты    үйренушінің  белсенділігін  арттыру.  Ӛйткені  үйрену  – 

енжарлықтан  гӛрі  белсенділікті  талап  ететін  іс-әрекет  екені  даусыз.  Оқушы  ӛз  білетінін 




еске  түсіреді,  қағазға  жазады,  кӛршісімен  бӛліседі,  тобында  талқылайды.  Оқушы  бұл 

кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны ӛткен білімімен ұштастырады. 

   Екінші  кезеңде  мағынаны  тану  (түсіне  білу).    Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпаратпен 

танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі  тапсырмалар орындайды. Оның ӛз 

бетімен жұмыс жасап, белсенділік кӛрсетуіне жағдай жасалады. 

   Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс  жасауға  кӛмектесетін  оқыту  стратегиялары 

бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында 

«V» - білемін; 

«-» - білмеймін; 

«+» - мен үшін жаңа ақпарат; 

«?» - мені таңқалдырады;  белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.                             

     INSERT  –  оқығанын  түсінуге,  ӛз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін 

ұтымды  құрал.  Бір  әңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау,  мәнін  жете  түсіну 

күрделі  жұмыс.  Сондықтан  да  оқушылар  арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау  салдарынан 

түсіне  алмау,  ӛмірімен  ұштастары  алмау  жиі  кездеседі.  Мағынаны  түсінуді 

жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. 

    Үшінші  кезеңде  күнделікті  оқыту  процесінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру, 

ӛзіне және басқаларға сын кӛзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гӛрі 

үйге  тапсырма  беру,  оны  түсіндіру,  баға  қою  сияқты  шараларға  уақыт  жіберіп  аламыз. 

Сыни  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасында  бұл  сабақтағы  аса  қажетті  мәнді, 

маңызды  әрекет  болып  табылады.  Дәл  осы  кезеңде  үйренуші  не  үйренгенін  саралап, 

салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой-елегінен ӛткізеді. 

   Толғануды  тиімді  етуге  лайықталған  «Бес  жолды  ӛлең»,  «Венн  диаграммасы»,  «Еркін 

жазу»,  «Семантикалық карта», Т кестесі- сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, 

ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. 

   Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту-  педагогикалық  технология. 

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  әлемнің  түпкір-түпкірінен  жиылған 

білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тәжірибені  жүйеге  келтірген  Джинни  Л.Стил, 

Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын 

басшылыққа алады. 

   Мақсаты  барлық  жастағы  оқушыларға  кез-келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі 

ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға,  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарда  үйрету. 

Біздің  елімізге  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты,  «Сорос-  Қазақстан»  қоры 

арқылы  келген  бұл  технология  орыс  және  қазақ  тілдерінде  мектеп  тәжірибелеріне  ене 

бастады. 

   Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.    Жоба  60-  қа  жуық 

стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. 

   Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Оның мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын 

ұжымды талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт ӛзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға 

деген жауапкершілігі артады. 

   Әдісті  қолдану  тӛмендегіше  ұйымдастырылады.  Алдымен  ұжым  4  адамнан  тұратын 

топтарға  бӛлінеді.  Бұл  «жанұя»  топтары  деп  аталады.  Содан  кейін  1,2,3,4-  ке  санау 

арқылы  1-лер  бӛлек,  2,3,4  ӛз  алдына  «жұмыс»  тобын  құрайды.  Оқуға  ұсынылатын 

материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 

логикалық  бӛлікке  бӛлінген  мәтіннің  1-бӛлігін  1-лер,  2-бӛлігін  2  санын  алғандар,  3,4 

нӛмерлі топтарға оқуға тапсырылады. 

  «Еркін  жазу»  -  бұл  әдісті  сын  тұрғысынан  ойлау  жобасындағы  сабақтың  үшінші  ой 

толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат 

жайлы,  одан  алған  әсерін,  не  үйренгенін,  нені  әлі  де  біле  түсу  керек  екенін  және  т.б. 

жайлы ӛз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған 

кезде оқушылар ӛз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған 

жұмысты ұжымды оқуға болады. 




   «Венн  диаграммасы»  -  бір-бірімен  айқасқан  екі  шеңбердің  екі  жағына  салыстыруға 

берілетін  объектілердің  сипаттамалары  жазылады.  Ал  айқасқан  жерге  екеуіне  ортақ 

сипаттар  тізіледі.  Салыстыруға  арналған  тапсырмаларды  осы  диаграммаға  салып, 

оқушылар  қызыға  толтырады,  яғни  салыстыру  сияқты  күрделі  ойлау  операциясын 

меңгереді. 

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты ӛлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі



жаңашылдығы 

Мақсаты: 

Тиімділігі: 

Нәтижесі: 

Білім 

алуға 


ұмтылатын 

шәкіртке жол кӛрсету, оқуға 

қызығушылығын 

ояту, 


сабақта  оқушыны  ізденіске 

бағыттау, 

оның 

шығармашылық  тұлғасын 



қалыптастыру. 

Оқушыларды ӛз ойын еркін 

жеткізуге дайындау, сабақты 

ӛткізу барысында 

стратегиялардың барлығы 

үш кезең арқылы жүзеге 

асуы, мұғалімнің сапалы 

сабақ ӛткізуіне мүмкіндік 

туғызу, 

ғылыми-теориялық 

тұжырымдамаларының 

тереңдігімен ерекшеленеді. 

Оқушының 

қызығушылығын 

арттырады, іскерлік 

дағдысы, ойлау белсенділігі, 

тапқырлығы, ӛзіне деген 

сенімі қалыптасады, терең 

білім алуға жағдай жасап 

қана қоймай, 

коммуникативтік 

қатынасын 

қалыптастырады, оқушыны 

ізденіске жетелейді. 

   

     Сабақта  қолданылатын  стратегиялар:    Мысалы,  әдебиет  сабағында  кез  келген 



кейіпкердің мінезін «Жүрек кордиаграммасы» арқылы ашуға болады.  

+ оң қасиеттері 

 

 

 



-  теріс қасиеттері 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет