Қазіргі оқыту технологияларының негіздері



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата30.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32956
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
КУБИЗМ стратегиясы 

1.  сұрақ немесе тапсырма беріледі 

2.  әр оқушы жеке жазады 

3.  топта әңгімелейді 

4.  тапсырма (кубиктің қай жағы түссе, сол тапсырманы орындайды) 

-  суреттеңіз 

-  салыстырыңыз 

-  ойыңызбен байланыстырыңыз 

-  зерттеңіз 

-  қолданыңыз 

-  қарсы шығыңыз 

 

 



   Шығарма  мен  кейіпкерледің  ұқсастығын    мен  ерекшелігін  салыстыру  үшін  «Венн 

диаграммасын» қолдану тиімді. 

 

 



 

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ               

     1.   жеке қасиеттерін жазу 

     2.   салыстыру 

     3.   ортақ  қасиеттерін табу 

 

 

 



 Сабақтың тақырыбына қарай түрлі кестелі тапсырмалар құрастыруға болады.  

1 - кесте.  

Білемін ! 

Жаңа білдім !!! 

Білгім келеді? 

 

 



 

 

 



 

2-  кесте. «Түртіп алу әдісі» - INSERT 

Білемін (V) 

Жаңа ақпарат (+)  Мен 

олай  Сұрағым бар (?) 



ойламаймын (-) 

 

 



 

 

 



      Тӛмендегі кесте бойынша технологияға толық сипаттама беруге болады. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің әр түкпірінен жиналған білім 

берушілердің еңбектерінің жиынтығы 

Оқытудың белсенді әдістері: 

 

бағдарламалық оқыту, 



 

проблемді оқыту, 



 

пікірталас әдістері, 



 

дӛңгелек үстел, 



 

іс ойыны, 



 

Миға шабуыл, 



 

Тренингтер 



 

Оқу құрылымының үш 

кезеңі: 

І фаза. Қызығушылығын 

ояту; 

ІІ фаза. Мағына тану



ІІІ фаза. Ой-толғаныс. 

 

Сабаққа қойылатын талаптар: 



 

Сабақтың мақсатын 



оқушылар ӛздері 

анықтау, 

 

Проблемалық 



сұрақтарды шешу, 

 



Топпен, жұппен, жеке 

жұмыс жасай алу, 

 

Жаңалық қосып, 



басқаша шешім 

қабылдай алу, 

 

Тапсырманы 



шығармашылқ жолмен 

орындау, 

 

Ӛзін-ӛзі бағалау, 



 

Дамытушылық 



деңгейдегі үй 

тапсырмасын орындау. 

І фаза. Қызығушылық ояту

ми ояту, талпыну, іздену. 

ІІ фаза. Жаңа ақпаратпен 

танысу, мағына тану

түртіп алу әдісі 

«INSERT», ақпараттық 

құралы, ӛнер 

қойылымдары, 

техникалық құралдар. 

ІІІ фаза. 

Ойын нақтылау, 

қорытындылау. 

     Қорыта  айтқанда,  инновациялық  білім  беру  әдістемелерінің  ішінде  сын  тұрғысынан 

ойлау технологиясы  - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім -  іскерліктің жаңа түрі. 

Инновациялық  қызмет  пәндердің  мазмұнын  тереңдетуге,  ұстаздың  кәсіптік  шеберлігін 

арттыруға,  оқу  ісін  дамытуға  бағытталған.  Ең  бастысы,  оқушыны  келешек  ӛмірге 

дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін ӛмірде қолдауға жағдай жасайды. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1.  «Сыни ойлау» жобасының мәні неде? 

2.  Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың қызығушылықтарын оятудың 

қандай кезеңдері бар? 

3.  INSERT ұғымы нені білдіреді? 

4.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасының  авторларының  негізгі 

идеяларын білесіңдер? 

 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Интерактивті оқыту әдістері 

  Оқыту процесі оқыту әдістемесі сияқты түсінікпен тығыз байланысты. 

Әдістеме  –  бұл  оқулықтар  мен  құралдарды  қолдану  ғана  емес,  сонымен  бірге  оқыту 

процесін ұйымдастыру. Басқаша  айтқанда,  оқыту әдістемесі – оқыту процесінде оқушы 

мен мұғалімнің ӛзара әрекеттесу формасы. Оқыту процесі оқыту шарттарында қалыптасу 

аймағында  студент  пен  педпгог  арасындағы  ӛзара  әрекеттесу  процесі  ретінде 

қарастырылады,  оның  мақсаты  сол  немесе  басқа  да  білім,  дағды  мен  құндылықтарды 

жалпылау болып табылады. 

  Стандартты  емес  тапсырмалар  –  ӛте  кең  ұғым.  Ол  дәстүрлі  тапсырмаларды  шектеу 

мүмкіндігін  беріп,  ӛзіне  бірнеше  белгілердің  қатарын  қосады.  Стандартты  емес 

тапсырманың басты ерекшелік белгісі – психологтар ӛнімді, шығармашылық деп атайтын 

әрекеттермен байланысы. Сонымен қатар басқа да белгілері бар, олар: 

 



қойылған оқу міндеттерін студенттердің ӛз бетімен шешу жолдарын табуы; 

 



жұмыстың әдеттегіден ӛзгеше шарттары; 

 



ертеде меңгерілген білімдерін таныс емес шарттарда белсенді еске түсіру. 

  Оқытудың  интерактивті  формаларын  енгізу  –  қазіргі  жоғары  оқу  орындарында 

студенттерді  даярлауды  жетілдірудің  маңызды  бағыттарының  бірі.  Қазіргі  кезде  негізгі 

әдістемелік инновациялар интерактивті оқыту әдістерін қолданумен байланысты. 

   Интерактивті  оқыту  түсінігі  1990-жылдардың  ортасында  пайда  болды.  Кӛптеген 

ғалымдар  Интернет  желісінің  даму  бастамасы  және  компьютерлік  жүйелерді  қолдану 

арқылы оқыту ретінде түсіндіреді. 

   «Интерактивті»  сӛзі  ағылшын  тілінен  шыққан,  яғни  «interact»  аударғанда  ӛзара  әрекет 

ету дегенді білдіреді. Интерактивті оқыту  – бұл танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың 

арнайы формасы, ол нақты және жобаланатын мақсаттарды түсінеді. Мұнда мақсаттардың 

бірі  студент  немесе  тыңдаушы  ӛзінің  жетістігін,  ақыл-ойының  жағдайын  сезіп, 

жабдықталған оқу шарттарын құрудан тұрады, ал оқыту процесін ӛнімді етеді. 

   Педагогикада оқытудың 3,4,5 суретте кӛрсетілгендей бірнеше модельдерін ажыратады: 

 



баяу  –  студент  оқытудың  «объектісі»  ролінде  алға  шығады  (қарайды  және 

тыңдайды); 

 

белсенді  –  студент  оқыту  «субъектісі»  ретінде  алға  шығады  (ӛздік  жұмыстарын 



орындау, шығармашылық тапсырмалар); 

 



интерактивті  –  ӛзара  әрекеттесу.  Оқытудың  интерактивті  моделін  қолдану 

ӛмірлік жағдайларды модельдеуді, рольдік ойындарды қолдануды, мәселені бірігіп 

шешуді  болжайды.  Оқу  процесіне  қандай  да  бір  қатысушының  немесе  қандай  да 

бір  идеяның  басым  болуы  жіберілмейді.  Студент  әрекет  объектісінен  ӛзара 

әрекеттесу  субъектісіне  айналады,  ол  ӛзінің  жеке  жолымен  жүріп,  оқу  процесіне 

белсенді түрде қатысады. 

Жоғарыда аталып ӛткен әдістемелік тәсілдердің әрқайсысының ӛзіндік ерекшеліктері бар. 

Ол  үшін  әрқайсысын  жеке-жеке  қарастырайық,  бірақ  оның  ішінде  интерактивті  оқыту 

әдістеріне толығырақ тоқталамыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет