Қазіргі оқыту технологияларының негіздері



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата30.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32956
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
азіргі о ыту технологияларыны негіздері

сенсорлы  интерактивті  тақта  экран  бетіндегі  арнайы  белгілерді  басу  арқылы  оның 

қызметін жүзеге асыратын екі жұқа қабатты тоқ жүйелерінен тұрады. Олардың қандай да 

бір  бӛлшектері  не  жоғалып,  не  сынып  қалмайды  және  тӛзімді  келгендіктен,  осындай 

тақталар мектептерде ӛте қолайлы. 

    Интерактивті тақта не үшін қажет?  –  деген сұраққа жауап беріп кӛрейік. Интерактивті 

тақта  әр  түрлі  бағытта  оқытуды  және  сабақ  беруді  ӛзгертуі  мүмкін.  Олар  сабақтан  тыс 

уақытты  жоспарлауға,  сондай-ақ  кез-келген  пән  бойынша  сабаққа  дайындалуға, 

студенттердің  зейінін  аударуға  және  оларды  ынталандыруға,  ақпараттарды  кӛрсетуге, 

уақытты тиімді пайдалануға ӛте қолайлы. 



     Интерактивті  тақта  –  барлық  топты  оқыту  үшін  таптырмайтын  құрал.  Бұл  визуалды 

ресурс оқытушының жаңа материалдарды оқушыларға ӛте тартымды және тез жеткізуіне 

кӛмектеседі.  Бұл  тақта  ақпараттарды  әр  түрлі  мультимедиялық  ресурстардың  кӛмегімен 

жеткізуге  мүмкіндік  береді:  студенттер  мен  оқушылар  материалдарды  түсіне  және  жете 

толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде ӛте ыңғайлы. 

    Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, 

тақырыптар,CD-ROM-дар,  сондай-ақ  мультимедиялық  файлдарға  гиперсілтемелер  және 

интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Сіз кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе 

экраннан  пернетақтаға  кӛшуге  кӛп  уақыт  құртпайсыз.  Перо  құралын  қолдана  отырып, 

барлық ресурстарға экранның ӛзінде түсініктеме беруге және кӛшірмелерді келесі сабаққа 

сақтап  қоюға  болады.  Ӛтілетін  сабақ  файлдарын  әрқашанда  ашуға  және  ӛткен 

материалдарды қайталауға болады. 

    Интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасаудың  маңызды  бӛлімі  сабақ  беруді  жоспарлаудан 

тұрады:  интерактивті  тақта  материалды  анық  құру  бағдарламасымен  қамтылған. 

Сабақтарды  сақтау,  толықтыру  оның  қызметін  жақсарта  түседі.  Оқытушылар  сабақ 

барысын  жақсы,  тиімді,  қызықты  ӛткізуге  толық  мүмкіндік  бар.  Әрине  ең  алдымен 

оқытушылар  арнайы  бағдарламамен  қамтылған  интерактивті  тақтаның  мүмкіндіктерін 

толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын 

ресурстарды анықтай білуі маңызды. 

    SMART  тақтасында  сабақ  барысында  дайындық  материалдарды  толық  бір  жүйеге 

келтіруге,  кезеңдері  бойынша  логикалық  тұрғыдан  жоспарлауды  жеңілдетеді.  Осы 

аралықта  бір  файлдан  екінші  файлға  сілтеме  жасауға,  (мысалы,  аудио,  бейнефайлдарға 

немесе интернет парақтарына сілтеме жасауға) болады. Бұл қандай да бір материалдарды 

іздеуде  уақытты  үнемдеуге  кӛмектеседі.  Сонымен  бірге,  бұл  интерактивті  тақтаға  аудио 

немесе  бейне  құрылғыларын  қосуға  болады.  Бұл  әсіресе  шет  тілдерін  оқып  үйренуге 

тиімді және оқушылар бір уақытта оқып, тыңдап үйренуін қалайды. 

    Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде 

сақтауға  болады,  сонда  олар  қалаған  кезінде  оған  кіре  алады.  Сондай-ақ,  оларды 

оқушылардың  білім  деңгейін  тексеру  барысында  келесі  сабақтарда  да  пайдалануға 

болады. 


    Жоғарыда  аталғандай  интерактивті  тақта  компьютер  дисплейі,  яғни  компьютердегінің 

бәрін SMART тақтасында кӛрсетуге болады. Бұл оқытушыларға оқытудың кӛлемді ресурс 

спектрлерін пайдалануға жол ашады. 

    Атап айтқанда: 

 

презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету; 



 

мәтін редакторлары; 



  CD-ROM-дар; 

 

Интернет; 



 

кӛріністер (экрандағы кӛріністер, диаграммалар, суреттер, фотолар); 



 

бейнефайлдар  (теледидарлық  бағдарламалардан  кӛрініс,  бейне  кассеталар  немесе 



сандық бейне кӛріністер); 

 



дыбыстық  файлдар  (басқада  оқытушылар  немесе  студенттер  жасаған  кӛшірмелер, 

кассетадан  немесе  радиодан  үзінді).  Тақтаға  колонка  қосылса  CD-ROM-дағы 

немесе интернет-парақтарындағы кез келген дыбыс естіледі; 

 



интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету; 

 



әр түрлі пәндерге қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету. 

Панельмен  жұмыс  арнайы  пероның  кӛмегімен  жүзеге  асырылады  –  қолмен  немесе 

киімнің ұшымен кездейсоқ экранның бетіне жанасу жұмысқа кедергі келтіретіндігінен 

сақтанбай-ақ қоюға болады. 

  Планшетта  жасалған  барлық  белгілерді  ақпараттарды  кӛрсетудің  кез  келген 

жүйесінде  шығаруға  болады,  мысалы  проекторлар,  әр  түрлі  ӛлшемдегі  экрандар 

(әсіресе үлкен бӛлмелер үшін маңызды), плазмалық панельдер т.б. 



   Электронды  перосы  бар  сымсыз  жеңіл  планшет  бӛлме  бойынша  еркін  түрінде 

ауысуға,  кез  келген  орыннан  Hitachi  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  визуалды 

материалдар демонстрациясын басқаруға және оларды белгілермен қамту мүмкіндігін 

бере  отырып,  оның  барлық  функцияларына  кіруге  рұқсат  алу  мүмкіншілігін  береді. 

Планшетта жасалған барлық белгілер экранда немесе плазмалық панельде кӛрсетіледі. 

Ал  электронды  перо  компьютерлік  тышқанның  орнына  қолданылады,  бірақ 

планшеттің  ӛзінде  дисплей  жоқ.  Бұл  плпншетпен  жұмыс  істеуде  кейбір  дағдыларды 

талап етеді. 

 

Бақылау сұрақтары: 



1.  Интерактивті тақтамен жұмыс жасау үшін қандай жазба құралдары қажет? 

2.  Интерактивті оқыту әдісі дегеніміз не? 

3.  SMART тақта оқу процесінде қандай орын алады?  

4.  Тікелей проекциялы тақтамен жұмыс жасаудың мағынасы неде? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мұны  ғалым  К.Ӛстеміров  «Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен  оқыту  құралдары» 

атты еңбегінде тӛмендегі суреттегідей қарастырады. 

                                             

 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет