Біріншіден, ойынды іс-әрекет түріне қарай – дене (қимыл-қозғалыс), интеллектуалдық
(ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік, психологиялық деп ажыратамыз.
Екіншіден, педагогикалық процестің сипатына қарай ойынның келесі тобын
қарастырамыз- білім берушілік, оқыту, жаттығу, бақылау, жалпылау; танымдық,
тәрбиелік,
дамытушылық;
репродуктивтік,
продуктивтік,
шығармашылық;
диагностикалық,
қарым-қатынастық,
кәсіптік-бағдарлаушы,
психотехнологиялық,
айқындаушы.
Үшіншіден,
педагогикалық ойындарды ойын әдістемесінің сипатына қарай
топтастырудың түрлері ӛте кӛп. Олардың ішінде ең маңыздысы және кеңінен
қолданылатын ойын түрлері – іскерлік, пәндік, сюжеттік, рольдік, драмалық, кӛрініс
ойындары.
Тӛртіншіден, пәндік аймақтары бойынша келесідей түрлеріне бӛлінеді:
математикалық, дүниетанымдық, табиғат пен қоршаған орта, химиялық,
экологиялық;
музыкалық, театрлық, әдебиеттік;
әлеуметтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық, ӛндірістік;
дене шынықтыру, спорттық, тәжірибелік т.б.
Бесіншіден, педагогикалық ойынның ӛтетін орнына байланысты: затпен, затсыз;
компьютерлік, теледидар, техникалық құралдар кӛмегімен; стӛлдік, бӛлмелік, кӛшелік,
жергілікті; жылжымалы техникалық құралдар арқылы іске асатын түрлері болады.
Кӛпшілік жағдайларда ойындары жүргізу технологиясы келесілерден тұрады:
дайындық кезеңі: ойынды дайындау, сценариін дайындау, жоспар құру, жалпы
сипаттау, мазмұнын меңгеру, материалмен қамтамасыз ету;
ойынға кіріспе: проблемалық мақсат қою, ойын шарттарын білу, топ құру мен
рольдерді бӛлу, регламент белгілеу, қатысушыларға жалпы түсініктер және кеңес
беру;
ойынды жүргізу кезеңі: топтық жұмыс (әдебиеттермен жұмыс, тренинг, ойлану
және т.б.); топ аралық жұмыс, пікірталас (топтардың жұмысты баяндауы, нәтижені
қорғау, пікірталас туғызу);
талдау және қорытындылау кезеңі: ойынға қорытынды жасау, талдау, баға беру,
ұсыныстар беру, ойынды аяқтау және жинақтау.
Ойынды қолдана отырып, оқыту технологиясының басты мақсаты- оқушыны ӛз
оқуының мотивін, ӛмір мен ойындағы ӛз мінез-құлқын түсінуіне, яғни ӛзіндік іс-
әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы
нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету болып табылады.
Педагогикалық ойындардың функциясы ӛте кӛп.Олар:дидактикалық танымдық
оқытушылық,дамытушылық,тәрбиелеушілік және т.б. барлық ойындарды танымдық деп
атауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ойын технологиясы қандай негізгі кезеңдерден тұрады?
2. Педагогикалық ойындар қалай жіктеледі?
3. Мектептерде қолданылатын қандай ойын технологиясын білесіздер?
4. Ойын арқылы оқыту технологиясының басты мақсаты не?
5. Ойынды құрастыру барысында қандай қиыншылықтар кездеседі?
Іскерлік ойын технологиясы және оның оқыту процесінде қолданылуы
Оқушылардың білім сапасын арттыруда іскерлік ойындардың ӛзіндік ролі бар.
Іскерлік ойын- бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен,
оқушылардың ӛзіндік ұйымдастыруымен жоспарланған, ойын сценарийі арқылы мақсатты
бағытының негізінде жүзеге асырылады.
Іскерлік ойын дегеніміз- болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік
мазмұнын, сол қызметте қарым-қатынас жүйесін модельдеу,елестету.
Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада:оқушылардың ойын дамыту
ойлауын жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту процесінде
шығармашылық
рух
енгізу
және
т.б.
Сонымен
қатар
жан-жақты
ойластырылған,әдістемелік жағынан сауатты ұйымдастырылған ойын-оқыту процесінде
тәжірбиелік,тәрбиелік,шаруашылық және терең білім беру міндеттерін шешеді.
Жалпы түрдегі «іскерлік ойын» түсінігінің мәні психологиялық сӛздікте келесідей
анықталған «Іскерлік ойын-берілген тәжірибенің түріне тән қарым-қатынас жүйесін
модельдеу, кәсіби іс-әрекеттің пәндік және оның әлеуметтік мазмұнын қайта құру
формасы» ретінде түсіндіріледі.
Осы берілген анықтамаға келесіні қосу қажет,адамның белсенділігі мен әлеуметтік
ӛзара әрекеттесу аспекттерін, кәсіби іс-әректтің түрлі шарттарын модельдеу құралы болып
табылатын іскерлік ойын жаңа тәсілдерді іздеу және оқу пәнінің абстрактілі сипаты мен
кәсіби іс-әрекеттің шынайы сипаты арасындағы қайшылықты шешетін, оқытудың тиімді
әдісі ретінде алға шығады.
Іскерлік ойынның білімділік функциясы ӛте маңызды роль атқарады, себебі іскерлік
ойын оқытуда пәндік және болашақ кәсіби іс-әрекет тұрғысынан әлеуметтік, сонымен
қатар болашақ маман тұлғасын қалыптастырудағы дәстүрлі оқыту шартымен
салыстырғанда неғұрлым барабар модельдеу мүмкіндігін береді.
Іскерлік ойындарды дайындау барысында тӛмендегідей психологиялық-педагогикалық
принциптерді жүзеге асыру қажет:
ӛндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын,кәсіби қызметтің,әректтің
мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;
ойындарда кӛрсетілетін ӛндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде
қатысушылардың бірлескен қызметі принципі;
оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда және қабылдауда
серіктестіктердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші
роль атқару принципі;
оқу ойын іс-әректінің мақсаттылық принципі.
Оқытуды белсендіру құралы ретінде ойын технологиясы ерте кезден-ақ пайдалыныла
бастады.Ең алғашқы 17-18 ғасырларды пайда болған әскери ойын болып табылады.
Сарапшылардың пікірі бойынша Ресейдегі іскерлік ойындардың кӛптеп пайда болуы
50-жылдары Мәскеудегі әдіснамалық үйірменің басқарушысы Щедровцкий қызметімен
байланысты.Автормен ӛңделген әдістер мен идеялар үлкен практикалық жұмыстың негізі
болды және ойынның жаңа кезеңі ұйымдастыру –әректтесу ойындарымен белгілі еді.
Тағы бір маңызды оқиғалардың бірі 1975 жылы Мәскеу маңындағы Звенигородта
Орталық экономикалық институттың ықпалымен «іскерлік ойындар және оны
бағдарламалық қамтамасыз ету» мектебі пайда болды. Бұл мектеп кеңес үкіметі кезіндегі
ойындардың пайда болуы мен құрылуында маңызды роль атқарады және бұдан кейін
медициналық, архитиктуралық және т.б.тақырыптарда имитациядық ойындар пайда
болды.
Бүгінгі күнде әдебиеттерде іскерлік ойын түрлері мен олардың алуан түрлі типологиясы
кездеседі.Олардың кейбіреуіне тоқталайық.
Ойында адам тәжірбиесінің қандай типі қайта құрылса және ойынға қатысушылардың
мақсатына
байланысты
іскерлік
ойынды
келесідей
ажыратуғыа
болады:оқу,зерттеу,басқару,аттестациялық. Мұндай жіктеу ойынның мүмкіндіктерін
оқыту әдісі ретінде ғана емес,сонымен қатар бағалау,зерттеу,басқару әдісі ретінде де
қолданылады.
Іскерлік ойынды былай жіктеуден басқа зерттеушілер келесідей ӛлшемдер бойынша
ажыратады: ӛткізу уақыты, нәтижесі, әдіснамасы және т.б. Мысалы, Н.Н.Ежова
іскерлік ойындарды келесідей жіктейді:
Достарыңызбен бөлісу: |