Қазіргі оқыту технологияларының негіздері


Іскерлік ойын технологиясы және оның оқыту процесінде қолданылуы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата30.01.2017
өлшемі0,7 Mb.
#2997
1   2   3   4   5
Іскерлік ойын технологиясы және оның оқыту процесінде қолданылуы 

 

       Оқушылардың  білім  сапасын  арттыруда  іскерлік  ойындардың  ӛзіндік  ролі  бар. 



Іскерлік  ойын-  бұл  оқытуды  ұйымдастыру  формасы,  ол  мұғалімнің  басқаруымен, 

оқушылардың ӛзіндік ұйымдастыруымен жоспарланған, ойын сценарийі арқылы мақсатты 

бағытының негізінде жүзеге асырылады. 

       Іскерлік ойын дегеніміз- болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік 

мазмұнын, сол қызметте қарым-қатынас жүйесін модельдеу,елестету.  

      Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада:оқушылардың ойын дамыту 

ойлауын  жандандыру,  танымдық  белсенділігін  қалыптастыру,  оқыту  процесінде 

шығармашылық 

рух 

енгізу 


және 

т.б. 


Сонымен 

қатар 


жан-жақты 

ойластырылған,әдістемелік  жағынан  сауатты  ұйымдастырылған  ойын-оқыту  процесінде 

тәжірбиелік,тәрбиелік,шаруашылық және терең білім беру міндеттерін шешеді. 

    Жалпы  түрдегі  «іскерлік  ойын»  түсінігінің  мәні  психологиялық  сӛздікте  келесідей 

анықталған  «Іскерлік  ойын-берілген  тәжірибенің  түріне  тән  қарым-қатынас  жүйесін 

модельдеу,  кәсіби  іс-әрекеттің  пәндік  және  оның  әлеуметтік  мазмұнын  қайта  құру 

формасы» ретінде түсіндіріледі. 

    Осы  берілген  анықтамаға  келесіні  қосу  қажет,адамның  белсенділігі  мен  әлеуметтік 

ӛзара әрекеттесу аспекттерін, кәсіби іс-әректтің түрлі шарттарын модельдеу құралы болып 

табылатын іскерлік ойын жаңа  тәсілдерді  іздеу  және  оқу пәнінің абстрактілі сипаты мен 

кәсіби іс-әрекеттің шынайы сипаты арасындағы қайшылықты шешетін,  оқытудың тиімді 

әдісі ретінде алға шығады. 

    Іскерлік  ойынның  білімділік  функциясы  ӛте  маңызды  роль  атқарады,  себебі  іскерлік 

ойын  оқытуда  пәндік  және  болашақ  кәсіби  іс-әрекет  тұрғысынан  әлеуметтік,  сонымен 

қатар  болашақ  маман  тұлғасын  қалыптастырудағы  дәстүрлі    оқыту  шартымен 

салыстырғанда неғұрлым барабар модельдеу  мүмкіндігін береді. 

    Іскерлік  ойындарды  дайындау  барысында  тӛмендегідей  психологиялық-педагогикалық 

принциптерді жүзеге асыру қажет: 



 

ӛндірістің  нақты  жағдайлары  мен  динамикасын,кәсіби  қызметтің,әректтің  



мазмұнын имитациялық модельдеу принципі; 

 



ойындарда  кӛрсетілетін  ӛндіріс  мамандарының    функцияларын      бейнелеуде 

қатысушылардың бірлескен қызметі принципі; 

 

оқу  тапсырмаларын  шешуде,  келісімді  шешімдерді  дайындауда  және  қабылдауда 



серіктестіктердің  іс-әрекеттік  және  диалогтық  қарым-қатынастарының  шешуші 

роль атқару принципі; 

 

оқу ойын іс-әректінің мақсаттылық принципі. 



   Оқытуды  белсендіру  құралы  ретінде  ойын  технологиясы  ерте  кезден-ақ  пайдалыныла 

бастады.Ең алғашқы 17-18 ғасырларды пайда болған әскери ойын болып табылады. 

        Сарапшылардың пікірі бойынша Ресейдегі іскерлік ойындардың кӛптеп пайда болуы 

50-жылдары  Мәскеудегі  әдіснамалық  үйірменің  басқарушысы  Щедровцкий  қызметімен  

байланысты.Автормен ӛңделген әдістер мен идеялар үлкен практикалық жұмыстың негізі 

болды және ойынның жаңа кезеңі ұйымдастыру –әректтесу ойындарымен белгілі еді. 

  Тағы  бір  маңызды  оқиғалардың  бірі  1975  жылы  Мәскеу  маңындағы  Звенигородта 

Орталық  экономикалық  институттың  ықпалымен  «іскерлік  ойындар  және  оны  

бағдарламалық қамтамасыз ету» мектебі  пайда болды. Бұл мектеп кеңес үкіметі кезіндегі  

ойындардың  пайда  болуы  мен  құрылуында  маңызды  роль  атқарады  және  бұдан  кейін 

медициналық,  архитиктуралық  және  т.б.тақырыптарда  имитациядық  ойындар  пайда 

болды. 


   Бүгінгі  күнде әдебиеттерде іскерлік ойын түрлері мен олардың алуан түрлі типологиясы 

кездеседі.Олардың кейбіреуіне тоқталайық. 

   Ойында    адам  тәжірбиесінің  қандай  типі  қайта  құрылса  және  ойынға  қатысушылардың 

мақсатына 

байланысты 

іскерлік 

 

ойынды 


келесідей 

ажыратуғыа 

болады:оқу,зерттеу,басқару,аттестациялық.  Мұндай  жіктеу  ойынның  мүмкіндіктерін 

оқыту  әдісі  ретінде  ғана  емес,сонымен  қатар  бағалау,зерттеу,басқару  әдісі  ретінде  де 

қолданылады. 

      Іскерлік  ойынды  былай  жіктеуден  басқа  зерттеушілер  келесідей  ӛлшемдер  бойынша 

ажыратады:  ӛткізу  уақыты,  нәтижесі,  әдіснамасы  және  т.б.  Мысалы,  Н.Н.Ежова 

іскерлік ойындарды келесідей жіктейді: 

 

ӛткізу  уақыты  бойынша:  уақыты  шектеусіз;  уақыты  шектеулі;  шынайы  уақытта 



ӛтетін ойындар; уақыт ӛте аз берілетін ойындар; 

 



әрекетті  бағалау  бойынша:  ойыншыны  немесе  топты  балмен  немесе  басқалай 

бағалау; бағалаудың жоқ болуы; 

 

соңғы  нәтижесі  бойынша:  қатаң  ойындар  –жауаптары  алдын-ала  белгілі,  оның 



ӛзіндік  қатаң  ережелері  бар;  бос,  ашық  ойындар-  алдын-ала  жауабы  жоқ,  әрбір 

ойын  үшін  ережелер  шығарылады,  ойынға  қатысушылар  есептерді  шешуге 

қатысады. 

 



Соңғы  мақсаты  бойынша:  оқытушы-  жаңа  білімді  меңгеруге  және  ойынға 

қатысушылардың  дағдыларын  бекітуге  бағытталған;  анықтаушы-  кәсіби  шеберлік 

сайысы;  ізденуші-мәселелерді  анықтауға  және  оларды  шешу  жолын  іздеуге 

бағытталған; 

 

Жүргізу әдіснамасы бойынша: 1) тұрақты ойындар –кез келген салондағы ойындар, 



ол  арнайы  ұйымдастырылған  алаңда  қатал  ережелермен  жүргізіледі,  оның 

нәтижелерін бланкқа шығарады;  2)  рольдік ойындар- әрбір қатысушының белгілі 

тапсырмасы немесе белгілі бір ролі бар, оны тапсырмаға сәйкес орындауы тиіс;  

3) топтық пікір-таластар – жиналыстар ӛткізумен немесе топтық жұмыс дағдысын 

алумен  байланысты;  4)  имитациялық  ойындар  –  белгілі  бір  шарттарда  әрекет  ету 

кӛрінісін қатысушыларда құру мақсаты бар ойындар;  5) ұйымдастыру-әрекеттесу 

ойындары  –  қатал  ережелері  жоқ,  қатысушылардың  рольдері  жоқ  ойындар,  ол 

пәнаралық  мәселелерді  шешуге  бағытталған;  6)  инновациялық  ойындар  – 

қатысушылардың  инновациялық  ойлауын  қалыптастырады,  дәстүрлі  әрекет 


жүйесіндегі  инновациялық  идеялары  алға  шығарады,  ӛзіндік  ұйымдастыру 

бойынша тренингтерді қосады;  7) ансамбль түріндегі ойындар – қатысушылардың 

басқару  ойлауын  қалыптастырады,  олар  қызметті  басқарушылардан  тұратын, 

топтардың  ынтымақтасуы,  іскер  серіктестікті  ұйымдастыру  әдісі  бойынша 

кәсіпорынның нақты мәселесін шешуге бағытталған. 

        Іскерлік  ойынның  негізгі  элементі  –  сценарий  болып  саналады.  Іскерлік  ойынның 

сценарийі  оны  ӛткізудің  басты  құжаты  болып  табылады.  Оны  ӛңдеу  үшін  құрылған 

арнайы  мамандар  тобы  келесілерді  қарастырады:  әрбір  кезеңін,  оның  фрагменттерін, 

мазмұнын,  оқу  мақсатын  нақты  анықтайды,  әрбір  ойыншыға  және  сарапшыға  нұсқау 

жасалады, толық рольдерді, ойын уақыты мен ӛтетін орнын анықтайды, алдын-ала ойын 

ережесімен  танысу  материалы  беріледі,  техникалық  құралдарды  қолдану  тәртібі 

талқыланады және т.б.  

       Іскерлік  ойынды  құрастыру  барысында  әдіснамалық  қиыншылықтар  да  кездеседі. 

Іскерлік ойынды ӛңдеушілер мен кӛптеген зерттеушілер іскерлік ойынды жобалауда, оны 

қолдануда кездесетін бірқатар қиыншылықтарды кӛрсетеді, олар: 

 



Іскерлік ойынның жалпы қабылданған тұжырымдамасының жоқ болуы; 

 



Іскерлік ойын технологиясын басқа пән тәжірибесіне ауыстырғанда оны сынамау; 

 



Әр  түрлі  іскерлік  ойынның  тиімділігін  бағалау  кезіндегі  әдіснамалық 

қиыншылықтар; 

  Осы  қиыншылықтарды  жою  мақсатында  зерттеушілер  оқытушыларға  іскерлік  ойын 

технологиясын  қолданушы  және  оны  құрастырушы  ретінде  тӛмендегідей  практикалық 

кеңестер береді; 

1. Іскерлік ойын кӛп еңбекті керек ететін және ресурстық шығындалатын оқыту формасы 

болып  келеді.  Сондықтан  да  оны  қойылған  білім  берудің  мақсаттарына  оқытудың  басқа 

формасы  мен  әдіс-тәсілдері  арқылы  жете  алу  мүмкін  емес  жағдайларда  ғана  қолданған 

жӛн.  Іскерлік  ойынды  келесідей  жағдайларда  қолдану  ӛте  маңызды  болып  саналады, 

мысалы: 


 

Болашақ кәсіби әрекетті орындауда толық тәжірибе алу



 

Оқушыларда бар білік пен дағдыны толық жүйеге келтіру; 



 

Әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесін орнату; 



 

Кәсіби шығармашылық ойлауын қалыптастыру. 



2.Оқу  процесіне  ойын  технологиясын  енгізу  оқытушыға  барлық  қолданатын  оқыту 

әдістемесін  қайта  құру  қажеттігін  туындатады.  Студенттер  немесе  оқушыларда  іскерлік 

ойынның    кӛрінісі,  сипаттамасы  болмайтын  ойынды  ойнатуға  болмайды,  себебі  ол 

ойынның қадірін кетіреді.  

3.Бір  жағынан  тренажер,  екінші  жағынан  құмар  ойындарға  қызмет  ойындарынан  ӛзгеше 

болады. 


4.Оқыту  ойынды  ӛңдеу,  дайындау  мен  оларды  бағалау  кезеңдерінде  ғана  неғұрлым 

белсенді  роль  атқарады.  Басқаша  айтқанда,  оқытушы  ойын  процесіне  неғұрлым  азырақ 

араласса, соғұрлым ойынның оқыту құндылығы жоғары болады. 

5.  Іскерлік  ойын  студенттер  (оқушылар)  тәртібінен  дәстүрлі  кӛрініске  қатынасында 

ӛзгерістерді талап етеді. Ең бастысы ойын ержелерін сақтау, ал іскерлік ойынның тәртібін 

бұзу дәрежесін кетіреді. 

6.Іскерлік ойынның ұзақтылығы шамамен 4 сағатқа дейін созылады. 

 

 



Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Іскерлік ойын дегеніміз не? 

2.

 



Коммуникативтік  құзіреттілікті  қалыптастыруда  іскерлік  ойын  қандай  роль 

атқарады? 

3.

 

Ғалымдар іскерлік ойынды қандай белгілері бойынша жіктейді? 



4.

 

Оқу-тәрбие процесінде іскерлік ойын технологиясын қолдану қандай мүмкіндіктер 



береді? 

5.

 



Іскерлік ойынға қатысушылардың қызығушылықтарын қалай арттыруға болады? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


                            Проблемалық оқытудың теориялық негізі. 

 

    Проблемалық оқытудың мәнін жақсырақ түсіну үшін, оны зерттеу жұмыстарына талдау 



жасау  керек.  Оқытудың  бұл  түрі  жаңа  педагогикалық  құбылыс  емес.  Проблемалық 

оқытудың  алғашқы  элементтерін  Сократ  қолданған.  Әсіресе  бұл  идеяны  жақын 

қарастырған  К.Д.Ушинский  «Сократ  қолданған  және  оның  есімімен  аталған  әдіс  барлық 

жастар,  әсіресе  балалар  үшін  механикалық  комбинациялардың  дұрыс  қылыққа 

ауысуындағы  жақсы  тәсіл  болып  табылады.  Ол  ӛзінің  ойын  тыңдаушыларға  зорлап 

тыңдатпады,  бірақ  сұрақтармен  қайшылықтарды  шақыра  отырып,    олармен  кездестіруге 

немесе бірін-бірі жою» - деп қарастырады. 

    Проблемалық  оқытудың  тарихы  кӛптеген  ережелерді  буржуазиялық  педагогикада 

американ психологы және педагог Дж. Дьюи ӛңдеген зерттеу әдісін енгізуден басталады. 

Ол  ӛзінің  эксперименттерін  1895  жылы  бастады  және  оқушылардың  жеке  белсенділігін 

дамытуға  ерекше  назар  аударды.  Оқушылардың  қызығушылықтарын  ескеріп  құрылған 

және  олардың  ӛмірлік  қажеттіліктерімен  байланысқан  оқыту  –  білімді  есте  сақтауға 

негізделген  «вербалды»  оқытуға  қарағанда  неғұрлым  жақсы  нәтижелер  беретіндігін 

дәлелдеді. 

    Қазіргі  педагогикадағы  проблемалық  оқытудың  тұжырымдамасын  тереңінен  зерттеу 

Ресейде  ХХ  ғасырдың  70-жылдары  басталды,  ал  дәстүрлі  оқыту  жүйесі  белсенді 

оқытудың  және  оның  тұжырымдамаларының  ықпалымен  үлкен  ӛзгерістерге  ұшырады. 

Сӛйтіп, бірте-бірте проблемалық оқытудың теориясы мен практикасы бір-бірімен ұштаса 

отырып дамыды. 

    Проблемалық  оқыту  тұжырымдамасы білім беру процесінде оқушының ролін күшейту 

мен жеке тұлға ретінде даму қажеттіліктерін түсіну тенденцияларына бағытталады. 

   Қазіргі  уақытта  педагогтың  алға  қойған  мақсаттарына  байланысты  проблемалық 

оқытудың  да  алуан  түрлері  бар.  Мысалы,  ол  білім,  білік  пен  дағдыны  оқушылардың 

меңгеруі,  мұнді  оқытушы  проблемалық  жағдаяттарды  шешу  процесін  басқарады  және 

бағыттайды.  Дербестікке  байланысты  алынған  білімдер  студенттермен  меңгеріледі,  ал 

оқушылар  жағынан  үлкен  қызығушылықты  тудырудың  есебінен  оқыту  процесі  

белсендіріледі.  Сонымен,  проблемалық  оқыту  оқу  материалының  құрылысы  мен  оқыту 

әдістемесі жетілген оқыту түріне айналады. 

    Проблемалық  оқыту  дамыта  оқыту  технологиясына  жақын  болып  келеді,  егер  оның 

негізгі  міндеті  –  оқушылардың  ақыл-ойын  дамыту  болса,  проблемалық  жағдаяттарды 

шешу  барысында  оқушылар  дербестігінің  ұлғаюы  есебінен  белсенді  танымдық  әрекеті 

қалыптасады.  Осы  мақсаттардың  барлығы  проблемалық  оқытуда  қолданылады,  бірақ 

оқытушы  тәжірибеде  оқу  материалын  құру  барысында,  оның  әдістемесін  ӛңдеуде  және 

оқу процесін жүзеге асыруда сол немесе басқа да иерархияны керегінше қолданады. 

   Проблемалық  оқыту  –  студенттердің  жаңа  білім  мен  білікті  меңгеретін  және  жалпы 

қабілеттерін,  сонымен  бірге  зерттеу  белсенділігін  дамытатын,  шығармашылық 

іскерліктерін  қалыптастыратын  салыстырмалы  ӛз  бетінше  іздену  әрекеті,  мұғалімдер 

ұйымдастыратын оқытудың түрі. 

   Проблемалық  оқытудың  негізгі  идеясы  мынада:  білімнің  негізгі  бӛлігі  студенттерге 

дайын  күйінде  ұсынылмайды,  керісінше  олар  білімді  проблемалық  жағдаяттар 

жағдайында  дербес  танымдық  іс-әрекет  процесінде  жинақтайды.  Проблемалық  оқыту 

теориясын  құру  дәстүрлі  дидактиканың  принциптері  мен  жағдайларының  жай  ғана 

жетілдіру немесе оларға жаңа анықтамалар беруді ғана білдірмейді. 

   

Проблемалық  оқытудың  мақсаты  –жеке  тұлғаның  қасиеттерін  қалыптастыру  мен 

оларды  дамыту  болып  саналады.  Бұл  мақсатқа  оқытудың  сапалы  технология  мен 

әдістемені  ӛңдеу  және  оны  ұйымдастыру  жолымен,  сонымен  бірге  оқушылардың  түрлі 

шығармашылық  әрекет  барысындағы  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік  беретін  кӛптеген 

сұрақтар мен тапсырмаларды қосу арқылы қол жеткізуге болады.  


    Проблемалы  міндет  дегеніміз  –  осындай  жағдайдағы  іздену,  зерттеу  барысында 

шешілетін мәселе. 

   Проблемалық  оқытудың  міндеті  –  объективті  қажеттілік  ретінде  жеке  тұлғаның 

қасиеттерін дамыту болып табылады, оның шешімі оқушылардың барлық кӛлемін қамту 

қажет.  Оқытудың  бұл  түрі  оқушылардың  алдына  жаңа,  стандартты  емес  міндеттерді 

немесе олардың алдына қойған белгілі бір мәселені шешу қажеттігін қояды. 

   

Проблемалық оқыту процесінің құрылысы келесідей: 

 



Проблемалық жағдаяттардың пайда болуы және мәселені қою; 

 



Проблемалық сұрақты қою, проблемалық есеп қою және оның  қиыншылық мәнін 

жете түсіну; 

 

Болжам жасау арқылы шешім тәсілдерін табу; 



 

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру; 



 

Болжамды  дәлелдеу,  нәтижелерін  қорытындылау  және  оларды  теория  мен 



практикаға енгізу. 

 И.Я.Лернер проблемалық оқыту аймағын неғұрлым белсенді зерттеушілердің бірі болды. 

Ол  проблемалық  оқытуды  жалғыз  немесе  үстем  оқыту  жүйесі  деп  толық  негізімен  атап 

кӛрсетеді.  

И.Я.Лернер проблемалық оқытуды құрудың бірнеше кезеңдерін белгіледі: 

І кезең – бұл оқу материалын, оны эмоционалды баяндау жолдарын түрлендіру әдістерін 

неғұрлым  тиімді  қолдану  мен  баяндалған  материалдың  жаңа  элементтерін  күшейту 

жолымен  оқу  процесін  белсендіру  кезеңі.  Бұл  кезең  қазіргі  дамыта  оқытудың  теориясы 

мен практикасын дамытуда үлкен түрткі берді. 



ІІ кезең – оқытуды белсендіруді жаңа теориялық жағдайларға сүйене отырып және бірінші 

кезеңнің  тәжірибедегі  жетістіктерін  ескеріп,  оның  әрі  қарай  жолдарын  іздеумен 

сипатталады. Оқытудың зерттеу әдістері мен танымдық мүмкіндіктерінің ролі арта түседі. 

ІІІ  кезең  –  проблемалық  оқытудың  құрылуындағы    маңызды  кезең  болып  саналады. 

Себебі,  мұнда  оқу  процесіндегі  проблемалық  жағдаяттардың  ролі  мен  орнын  теориялық 

сезіну, қазіргі мектеп жағдайында мәселелік  принциптеріне сүйеніп білімді меңгеру және 

зерттеу  принципі  арқылы  оны  тану,  жалпы  проблемалық  оқыту  теориясының  құрылуы 

қарастырылады. 

   Жоғарыда  аталған  кезеңдердің  барлығы  бұл  теорияның  барлық  жетістіктерін,  оқу 

процесін  белсендіру  жолдарын  іздеу  және    оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дамытуды 

қосып келтіреді. 

    

Проблемалық  жағдаят  –проблемалық  оқытудағы  негізгі  түсінік.  А.М.Матюшкин 

проблемалық  жағдаятты  «жаңаны  (жаңалық  ашу  немесе  меңгеру),  ертеде  субъектке 

белгілі  емес  немесе  әрекет  әдістерін  табуды  талап  ететін,  есептің  шешімін  табу 

барысындағы  субъектінің  (оқушының)  психикалық  жағдайын  сипаттайтын,  объект  пен 

субъекттің  ақыл-оймен  ӛзара  әрекеттесудің  ерекше  түрі»  ретінде  сипаттайды.  Басқаша 

айтқанда,  проблемалық  жағдаяттар  –  бұл  субъект  ӛзі  үшін  қиын  міндеттердің  шешімін 

тапқысы  келетін,  бірақ  оған  берілгендер  жетіспейді  және  оларды  ӛзі  іздену  қажеттігін 

тудыратын жағдаяттар. 

    Қазіргі  теорияда  проблемалық  оқыту  проблемалық  жағдаяттың  екі  түрін  ажыратады

психологиялық  және  педагогикалық.  Оның  біріншісі  оқушылардың  әрекеттеріне 

байланысты,  ал  екіншісі  оқу  процесін  ұйымдастырудағы  (мұғалім  әрекеті)  кӛрсетеді. 

Педагогикалық  проблемалық  жағдаяттар  белсендіруші  әрекеттердің  ,  жаңаны  ерекшелеп 

кӛрсететін мұғалімнің сұрақатары, оның маңыздылығы және таным объектісінің басқа да 

ерекше  қасиеттерінің  кӛмегімен  құрылады.  Проблемалық  жағдаяттар  оқыту  процесінің 

барлық кезеңдерінде құрылуы мүмкін, мысалы: сабақты түсіндіру, бекіту, бақылау.  

   Педагогикалық  тәжірибе  үшін  неғұрлым  сипаттық,  жалпы  барлық  пәндерге  тән 

проблемалық жағдаяттардың түрлерін кӛрсетуге болады. 

1.  Оны  неғұрлым  жалпы  және  кеңінен  таралған  деп  санау:  проблемалық  жағдаят  егер 

оқушы  қойылған  міндетті  шешу  әдісін  білмесе,  проблемалық  сұрақтарға  жауап  бере 



алмаса,  оқу  немесе  ӛмірлік  жағдайда  жаңа  фактіні  түсіндірме  алмаса,  онда  жаңа  фактіні 

түсіндіру үшін оқушылардың алған білімдерінің жеткіліксіздігін сезінуі  шартында пайда 

болады. 

2.  Проблемалық  жағдаяттар  оқушылардың  ертеде  меңгерілген  білімді  жаңа  практикалық 

шарттарда қолдану қажеттілігімен кездесу барысында пайда болады. Әдетте, мұғалімдер 

бұл  шарттарды  оқушылар  ӛздерінің  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  алу  керек,  бірақ 

жеткіліксіз фактілермен кезіккен жағдайында ұйымдастырады. Бұл фактіні оқушылардың 

сезінуі танымдық қызығушылықты тудырады және жаңа білімді іздеуге жағдай жасайды.  

3.  Жаңа  білімді  қалыптастыру  процесі  мұғалімнің  үй  шартында,  негізгі  мәселені  ашатын 

ӛмірлік  жағдайда,  пайда  болған  танымдық  қажеттілік  пен  ерте  алынған  білім  негізінде 

оны қанағаттандыру қажеттілігімен тапсырманы орындауы барысында басталды. Мұндай 

жағдайда    оқыту  тиімділігінің  элементі  байқалады:  үй  тапсырмасы  жаңа  білімді  игеру 

дайындығына  есептелген;  қайталау  сабағы  мұғалімнің  оқулық  бойынша  берген  беттерін 

қайталап  оқу  немесе  жаттығуларды  кӛшіріп  жазу  формасында  емес,    керісінше  оның 

мазмұнында  пайда  болған  теориялық  міндет  немесе  практикалық  мәселенің  шешімі 

қарастырылатын ӛзіндік жұмыс формасында ӛтеді. 

4.  Егер  міндетті  шешудің  мүмкін  болатын  теориялық  жолы  мен  таңдалған  әдістің 

тәжірибе  жүзінде  іске  аспауы  арасындағы  қайшылықтар  болған  жағдайда  проблемалық 

жағдаяттар жеңіл пайда болады. 

5.  Оқу  тапсырмасын  орындауда  жеткен  практикалық  нәтижелер  мен  оны  теориялық 

негізде  түсіндіру  үшін  оқушыларда  білімнің  жоқ  болуы  арасындағы  қайшылықтар 

болғанда проблемалық жағдаяттар пайда болады. 

     Проблемалық оқытудың мақсаты мен әдістерінің ерекшелігі педагогикалық процестегі 

ролін маңызды ӛзгертеді  және педагогтарға қойылатын жаңа талаптардың пайда болуын 

қамтиды. Олардың ішінен келесідей негізгі міндеттерді ерекшелеп кӛрсетуге болады: 

 



Ақпараттық қамтамасыз ету; 

 



Зерттеу бағыты; 

 



Оқу материалдарының мазмұны мен (немесе) құрылысының ӛзгеруі; 

 



Оқушылардың танымдық белсенділігін марапаттау. 

   Бұл жағдайда ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз білімді дайын күйінде беру емес. 

Біріншіден,  проблемалық  жағдаяттарды  қою,  осы  кезде  оқушыларға  минимум  ақпарат 

беріледі, ал ол қайшылықтың тууына қажетті  болып табылады. Екіншіден, проблемалық 

жағдаятты табысты шешу үшін талап ететін ақпарат жайында сӛз болып отыр. 

   Келесі  міндет  –  зерттеу  бағыты  болып  табылады.  Ол  проблемалық  оқыту  кезіндегі 

педагогтың  жағдайын  сипаттайды.  Педагог  білім  кӛзі  емес,  проблемалық  жағдаяттың 

деңгейі  мен оқытудың  нақты әдісіне байланысты осы білімдерді  іздеуге кӛмекші  немесе 

басқарушы  қызметін  атқарады.  Педагог  толық  оқу  процесін  ұйымдастырады  және  талап 

етілген жағдайда кӛмек береді. 



    Оқу  материалының  мазмұны  мен  (немесе)  құрылысының  ӛзгеру  міндеті  тек  педагог 

алдында ғана тұрған міндет емес,  барлық білім беру жүйесіне қатысты. Мысалы: дәстүрлі 

оқытумен  салыстырғанда  проблемалық  оқыту  барысында  объективті  себептерге 

байланысты нақты материалдың аз ғана кӛлемі оқылады және проблемалық сипатты беру 

мақсатында оқу материалының құрылымына ӛзгерістер енгізуді талап етеді. 

    Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  марапаттауды  қарастырайық.Проблемалық 

оқыту оқушылардың әрекеттерін  белсендіру мен ынталандыру негізіндегі педагогикалық 

технологияларға жатады. 

    Қорыта  айтатын  болсақ,  проблемалық  оқытудың  негізгі  ерекшелігі  –  оқушылардың 

білетіні  мен  білмейтіндерінің  арасында  қайшылықтардың  пайда  болуы  және  берілген 

мәселені міндетті түрде шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдай пайда 

болады,  осыған  орай  оқушының  ізденушілік  әрекеті  мен  ынта-ықыласы  күшейе  түседі. 

Проблемалық  оқыту  ӛзіне  тән  үш  түрлі  формада  іске  асады:  проблеманы  баяндау, 



студенттердің  біршама  ізденуі  және  оны  ӛздігінен  зерттеуі.  Сонымен,  оқытудың  бұл 

түрі  –  проблема,  проблемалық  жағдай,  проблемалық  есеп,  проблемалық  сұрақ,  

проблемалық жағдай немесе жағдаяттар сияқты ұғымдарды қамтиды  

 

Бақылау сұрақтары: 



1.

 

Проблемалық оқыту теориясы дегеніміз не? 



2.

 

Педагогикалық  технологиялардың  арасында  проблемалық  оқыту  қандай  орын 



алады? 

3.

 



Проблемалық оқытудың қандай негізгі ұғымдары бар? 

4.

 



Проблемалық оқытудың негізгі мақсаты неде және ол қандай кезеңдерден тұрады? 

5.

 



Проблемалық оқытудағы мұғалімнің ролі қандай? 

 

                                       



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

   Саралап оқыту технологиясы 

 

   Қазіргі  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  мұғалімдердің  алдында  тұрған  оқу-тәрбие 



жұмысын  жетілдіруде,  оқушының  ӛзіндік,шығармашыл  ойлауын  дамыту  және  білім 

деңгейін  жоғарлатуды  қамтамасыз  ету  міндеттерін  маңызды  күрделендірді.  Кӛп  уақытқа 

дейін  барлық  оқыту  және  тәрбие  әдістемесі  оқушының  орташа  деңгейіне  бағытталды. 

Онда  оқушылар  жекелеген  тұлғалардан  тұрады,  яғни  олардың  әрқайсысы  ӛзіне 

психологиялық  және  адамгершілік  ерекшеліктері,  ӛзінің  қызығушылығы  мен  бейімділігі 

бар.  Мұндай  құбылыстың  себебі  тәрбиелей  және  дамыта  отырып  оқыту  тұлғаға  тікелей 

емес, оның дамуында «ішкі жағдай» арқылы әсер етті. 

   Ішкі  әлемнің  алуан  түрлілігі  әр  баланың    ерекшелігін  анықтайды.Оқушушылардың  оқу 

процесін ұйымдастыруда  мұндай факторларды жеткіліксіз  есептеу «оқу үлгерімі орташа 

оқушының»  пайда  болуына  әкелеі.  Әрбір  оқушының  ішкі  дүниесінің    бірегейлігі,оның 

ерекше    дүниетануы  мен  танымдық    мүмкіндіктерінің  пайда  болуын  қамтамасыз  етеді. 

Оқыту барысында оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал- 

саралау болып табылады. 

   Саралаудың мәні-оқушыларды бӛлу  емес,оларды біріктіруде  дер кезінде кӛмек кӛрсету. 

   Тиімділігі-мұғалім  оқушылардың  жұмысын  бақылап  қана  қоймай,  осы  уақытта  әрбір 

оқушымен  жекеше жұмыс  жасайды. Мұнда оқушылар үш режимде: мұғаліммен бірігіп, 

жеке және ӛз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс істей алады. 

    Отандық  мектептерімізде,саралап  оқыту  технологиясының  пайда  болу  жолын  үш 

кезеңге бӛлуге болады: 

-бірінші  кезең-1918-1930  жылдары,саралап  оқытуды  ұйымдастыруға  жалпы  амал,тәсіл 

іздеу; 

-екінші кезең-1930-1990 жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда және оны басқару 



тұрғысында саралап оқыту пікірінің дамуы; 

-үшінші  кезең-1990-2000  жылдар,мектептік  білім  беруді  бұқарашылдандыру  жағдайында 

саралап оқытуды жүзеге  асыру үшін жаңа амалдарды анықтау. 

    20-жылдардың ортасына қарай жаңа тәсіл ӛңделді. Кеңестік мектепте саралап оқытудың 

алғашқы  формасы  дарындылығы  бойынша  саралау  болып  табылады.  Дарынды 

оқушылармен жұмыс тәжірибесінде әдебиеттер мен әдістемелер болмағандықтан, саралап 

оқытудың аталған формасы оқушының психикасына, яғни тым ашушаң, қызбалы болуына 

әкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды: үлгерімі нашар және даму жағынан кем 

балаларды есіркеу және соған байланысты әдістемелер қолданылды. 

    Саралап  оқытудың    келесі  формасы-еңбекке  баулу  курсымен  үйлестіруде  қабілеті 

бойынша саралау. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі: жалпы білімділігін бағаламау. Бұл кезең 

саралап оқытудың екі формасымен ерекшеленеді: 

   -дарынды дәрежесі бойынша саралау; 

   -еңбекке баулу  курсымен үйлестіруде қабілеті  бойынша саралау. 

    30-жылдары кеңестік үкімет барлық оқу-тәрбие процесінде қатаң тәртіп белгілеуді жою 

туралы қаулы қабылдайды. Барлық  орта білім беру мекемелеріндегі  оқушыларды жалпы 

білім  беруге  дайындауға  және  толық  емес  орта  мектептер  үшін  бірыңғай  талаптар 

бекітіледі. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай  оқу жоспары  бойынша оқу-тәрбие 

процесін құруға және оқу пәндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды. 

    50-жылдардың  ортасында  орта  мектепте  саралап  оқыту  бойынша  эксперимент 

жүргізудің 

дайындық 

жұмыстары 

басталды. 

Бұл 

жұмысты 


басқарушылар: 

М.А.Мельников,  А.М.Арсеньев,  Н.К.Гончаров  болды.  Саралап  оқыту  бойынша 

жүргізілген  эксперименттік  жұмысты  ұйымдастырудың  негізгі  принципі  тӛмендегілер 

болды:кәсіптік,  политехникалық және жалпы білім беру,саралауды  жалпы білім берумен 

шектемеу еді. 


    1996  жылы  Кеңес  министрінің  «орта  жалпы  білім  беру  мектептерінің  жұмыстарын  әрі 

қарай жалғастыру» қаулысы бойынша саралап оқытуда тереңдетілген білім, оқушылардың 

қабілеттерін  ,  қызығушылықтарын,  кәсіптік  хабарын  жан-жақты  дамытуға  назар 

аударылды. 

    Сонымен  60-70  жылдары  мектеп  тәжірибиесінде  оқу  процесіндегі  саралаудың  келесі 

түрлері:факультативтік сабақ, арнайы сыныптар және гуманитарлық пәндердің биология, 

физика, есептеу техникасы, метаматика пәндерін тереңдетіп оқытатын арнайы мектептер 

пайда болды. 

   Ал 70-жылдың басында саралап оқытудың тиімді формасы арнайы мектеп және сынып 

шегінде пәндерді тереңдетіп оқыту болып табылады. Саралап оқытудың осы формасының 

кеңінен  таралуында  қиыншылықтар  пайда  болды.  Сондықтан  ӛз  уақытында  В.А.Орлов 

және  Э.И.Унт  пікірлері  бойынша,  пәндерді  тереңдетіп  оқыту  оқушыларға  терең  білім 

берді. 

   Кеңестік мектепте саралап оқыту пікірінің құрылуының екінші кезеңін, мектептік білім 



беруді ұйымдастыруда басқару тәсілі тұрғысында саралап оқыту пікірінің даму кезеңі деп 

атауға болады. Ол саралап оқытудың екі формасымен ерекшеленеді: 

 

факультативтік сабақтар; 



 

пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша арнайы сыныптар мен мектептерге бӛлу. 



   Саралап  оқытудың  барлық  формаларын  ұйымдастырудағы  жетістіктер,  олардың 

барлығы негізінен оқушылардың типологиялық ерекшеліктеріне ғана бағытталған еді, ал 

оқушылардың жеке ерекшеліктері  толығымен ескерілмеді. 

  1985  жылы  білімділігі  педагогикалық  дағдарыс  мектептік  білім  беру    тәжірибесінде 

саралап оқытуды жүзеге асыруда жаңа амалдарды іздеуге итермеледі. 

  1990  жылдың  басы  саралап  оқыту  тұжырымдамасы    және  жаңа  пікірлердің  тууы, 

мектептік  білім беруде  саралау мәселесінің дамуындағы жаңа кезең деп есептеледі. 

   Саралап  оқытудың  қажетті  шартын    халықтық  білім  беру  жүйесінде  болған  әлеуметтік  

келісілген  тенденция  және  екі  обьективті,  яғни  кеңестік  мектепке  бірыңғай  талап  және 

тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау. 

    Жоғарыдағы  авторлар  саралап  оқытудың  мақсатын  үш  бағытта  қарастырады: 

психологиялық-педагогикалық,  әлеуметтік  және  дидактикалық.  Біз    үшін  саралап  оқыту 

мақсатының  бірінші  және  үшінші  бағыты  қажет.    Психологиялық-педагогикалық 

кӛзқараспен  саралап    оқытудың  мақсаты  былай  анықталады:  әр  оқушының 

қызығушылығы  мен  бейімділігін  дамыту  және  талаптарды  анықтауға  тиімді  жағдай 

жасауға негізделген оқытуды даралау. 

   В.М.Монахов, В.А.Орлов саралап оқытудың келесі формаларын ұсынады: 

 



ішкі (деңгейлік) саралау – барлық оқушылардың міндетті даярлық базалық деңгейін 

меңгеруге,  білімді  қабылдауда  әр  түрлі  деңгейдің  бӛлінуі  негізінде  олардың  жеке 

ерекшеліктерін  ескеріп,  ұйымдастыруда  оқытудың  әдісі,  формасы  және  тәсілінің 

жиынтығы.  Авторлар  алғаш  рет  ішкі  саралауды  оқытудың  нәтижелерін 

жоспарлауда  деңгейлік  саралау  жүйесінің  формасында  жүзеге  асыру  мүмкіндігін 

кӛрсетті; 

 

сыртқы  саралау    -  білім  беру  мазмұны  және  оқушыларға  ұсынылған  талаптар 



ескерілетін,  белгілі  принциптер  негізінде  (қызығушылық,  қабілеттілік,  нәтижеге 

жету, бейімделгіштік) тұрақты топ құру. Қазіргі кезеңде мектепте екі түрлі  сыртқы 

саралау  қолданылуда:  факультативті  сабақтар  және  жеке  пәндерді  тереңдетіп 

оқыту  сыныптары.  Егер  8-9  сыныптар  арасында  пәндерді  тереңдетіп  оқыту 

сыныптары  талаптанбаса,  онда  мектептің  жоғары  сыныптарын  маңызды 

профильдеу пайдалы. Бұл білім беру мазмұнының ерекшелігін белгілейді; 

 

элективті  саралау  –  бұл  оқушыларға  міндетті  оқу  пәндерімен  қатар  бірнеше 



пәндерді қосымша ретінде оқуға құқық беру. 

   Саралап оқытудың болашағы оның формаларының жаңа типологиясын жүзеге асырумен 

байланысты.Оның мәні мынада: 


 

оқушылардың  ерекшеліктерінің    типологиясы  негізінде  тұрақты  сынып    немесе 



топ құру; 

 



оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескеріп,  жан-жақты  дайындықты  жүзеге 

асыру. 


   Барлық  оқушылардың  оқуға  қабілеттілігінің  дамуы  мен  дайындық  деңгейі  бірдей 

болмаған жағдайда саралап оқыту технологиясы  қолданылады. 

  Жеке  қабілеттері  ескерілмей,  тек  жас  ерекшелігіне  байланысты  жиналған    25-30  оқушы 

білімді  бірдей және тең меңгермейді. Кейбір оқушыларда ӛз жасына сай ойлауға  икемі, 

ширақтылығы болмайды, жинақтап қорыта білмейді, осыдан кейін оқу материалдарынан 

қала  бастайды.  Мұндай  оқушылардың  білімге  деген  қызығушылығы  жоғалады,  оқуға 

деген теріс кӛзқарасы пайда болады. Бұл үлгермеушілікке әкеліп соғады. Жақсы оқитын 

оқушылармен де жұмыс істеу қиын, себебі мұғалім сабақты «оқу үлгерімі орташа» оқитын 

оқушының  қабілетіне  негіздейді.  Олар  біртіндеп  оқу  тапсырмаларын  орындауда 

жеңілдіктерге үйренеді және бірінші қиындықтар ӛз-ӛзіне сенбеушілік, сасқалақтау туады.

 

Ал  бұл  үлгерімнің  тӛмендеуіне  әкеледі,  сондықтан  әрбір  оқушының  жоғары 



үлгерімділігіне  жетудің  міндеті  саралап  оқытуда  оқушының  жеке  ерекшелігін  ескеру 

негізінде шешіледі. 

    Саралап  оқыту  –  бұл  әр  оқушының  қабілетін,  бейімділігін,  қызығушылығын  ескере 

отырып, жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі болып табылады. 

    Оқыту және білім берудегі саралау дегеніміз: 

 



білім берудің мазмұнын, түрін, әдісін, темпін, кӛлемін таңдау арқылы әр оқушыға 

білім меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; 

 

әр  түрлі  білім  алу  қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуге  арнап  оқыту  жүйесін 



бағдарлау. 

    Білімді  игері  деңгейі  оқушыларда  бірдей  емес,  сондықтан  олар  келесідей        түрлерге 

бӛлінеді: 

 



қайта ӛңдеу деңгейі – анықтамалардың, заңдардың белгілерін қайта жаңғырту, үлгі 

бойынша  қойылған  міндетті  шешуге  кӛмектесетін  әрекеттердің керекті  тәсілдерін 

қайта ӛңдеу, бірақ ол жалпы байланыстарды қалыптастырмайды; 

 



құрастыру деңгейі – орындалған тапсырмаларды игеру ӛзгермелі жағдайда бұрын 

алған  білімдерін  қолдануға  кӛмектеседі,  түсініктер,  заңдар  арасында  бірдей 

байланыстар орнатады, бірақ жаңа жағдайларда білімді қолдана алмайды; 

 



шығармашылық  деңгей  – берік орнатылған негізгі  ереже білімді  жоғары деңгейде 

жалпылауға,  пәнаралық  байланыс  орнатуға,  жаңа  жағдайда  алған  білімін 

шығармашылық тұрғыда қолдануға кӛмектеседі. 

 Саралау  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін  тӛмендегідей  кӛрсеткіштерді  ескеру  керек: 

зейін,  ерік,  жұмысқа  қабілеттілік,  логикалық  ойлау,  танымдық  мотивация,  сӛйлеудің 

дамуы, ұсақ қимылдардың дамуы. 

 Сонымен, саралап оқытуда әлсіз оқушылармен жұмыс барысында сабақтан соң қосымша 

дайындалуды  талап  етпейді.  Саралап  оқыту  процесінде  оқушылардың  бір  топтан  екінші 

топқа  кӛшуі  мүмкін.  Кӛшу  немес  ауысу  оқушының  даму  деңгейінің  ӛзгеруінен,  сабақта 

білім  алуда  қызығушылығының  тууына,  талаптануда,  оқу  бағыттылығының  жоғарылауы 

және кемшіліктерді толықтыруында қамтамасыз етіледі.  

 

Бақылау сұрақтары: 



1.

 

Саралап оқыту дегеніміз не және ұсынылған технологияның мәні неде? 



2.

 

Саралау технологиясының оқыту процесіне қосатын үлесі қандай? 



3.

 

Саралап оқыту технологиясының даму тарихына сипаттама беріңіз. 



4.

 

Саралап оқытудың түрлері және мазмұнының ерекшелігі? 



 

 

 



 

 

            



Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту  (RWCT) технологиясы 

 

       Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің  қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі 



білім беру тенденциясынан бӛліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың 

күшейе түсуіне байланысты. 

      Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  кең  шеңбердегі  ӛзгерістер  үшінші  мыңжылдықтың 

білімді, саналы жастарын тәрбиеленушілерге үлкен міндет жүктері сӛзсіз. Жас ұрпақтың 

жаңаша  ойлауына,  олардың  біртұтас  дүниетанымының  қалыптасуына,иәлемдік  сапа 

деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру 

– жалпы білім беру жүйесіндегі ӛзекті мәселенің бірі. 

     Қазіргі  кезде  заман  талабына  сай  білім  берудің  дамуы  мен  тенденцияларын  қамтитын 

елуден  астам  оқыту  технологиялары  қолданылып  жүр.  Педагогикалық  технологияларды 

таңдау барысында мына факторлар ескерілуі керек: 

 

алынып  отырған  технологияның  мектептің  мүмкіндігі  мен  нақты  жағдайына  сай 



болуы; 

 



тиімділігі мен жүйелілігі; 

 



педагогикалық  ұжымдар  ӛздерінің  қалауына  сәйкес  түрлі  үлгі  бойынша  қызмет 

етуіне мүмкіндік алуы. 

   Қазіргі  кезде  ортамызда  орын  алып  жатқан  оқытудың  жаңашыл  жобалары  осындай 

философиялық негізді басшылыққа алған. Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап 

етек  жая  бастаған  «Сыни  ойлауды  оқу  мен  жазу  арқылы  дамыту»  (RWCT)  жобасы. 

Оқушылардың  ойлау,  қабылдау  қабілеттерін  аңғаруға  топтық  жұмыс  ӛте  тиімді,  яғни 

сабақты  деңгейлеп  оқыту  арқылы  іске  асыру  және  оқушыға  тиянақты  білім  беру,  оның 

сабаққа  деген  қызығушылығын  арттыру,  ізденгіштігін,  бақампаздығын  дамытып,  жеке 

тұлға болып дамудың биіктігіне шығуы. RWCT жобасы бұл: 

 



жеке, жұптасып, топта, бірлесіп жұмыс істей білу; 

 



оқуда білімді ӛз бетінше іздеу; 

 



білімді терең ұғыну; 

 



теория мен практиканы біріктіру; 

 



бір-біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым-қатынаста болу; 

 



ӛз пікірін жақтай, дәлелдей білу; 

 



ізденіс, еркін тыңдау, жеке пікір, топпен талқылау; 

 



қажет жағдайда кӛзқарасын ӛзгерту және т.б. 

  Ӛткені  сын  тұрғысынан  ойлау-  ең  алдымен  шығармашылық  ойлау  болып  саналады. 

Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. 

  Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  оқушылардың  қызығушылықтарын  ояту, 



мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі: 

 



І кезең – қызығушылықты ояту; 

 



ІІ кезең – ойлану үйренуге бағытталған; 

 



ІІІ кезең – тақырып туралы ой толғаныс. 

   Бірінші  кезеңде  үйрену  процесі  –  ертеде  меңгерілген  және  жаңа  білімді  ұштастырудан 

тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің ӛзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен 

толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы 

оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, 

ояту,  ми  қыртысына  тітіркендіргіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.  Осы  кезеңге  қызмет 

ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» 

және т.б. деген  атаулары бар  әдістер  (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту 

кезеңінің  екінші  мақсаты    үйренушінің  белсенділігін  арттыру.  Ӛйткені  үйрену  – 

енжарлықтан  гӛрі  белсенділікті  талап  ететін  іс-әрекет  екені  даусыз.  Оқушы  ӛз  білетінін 



еске  түсіреді,  қағазға  жазады,  кӛршісімен  бӛліседі,  тобында  талқылайды.  Оқушы  бұл 

кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны ӛткен білімімен ұштастырады. 

   Екінші  кезеңде  мағынаны  тану  (түсіне  білу).    Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпаратпен 

танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі  тапсырмалар орындайды. Оның ӛз 

бетімен жұмыс жасап, белсенділік кӛрсетуіне жағдай жасалады. 

   Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс  жасауға  кӛмектесетін  оқыту  стратегиялары 

бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында 

«V» - білемін; 

«-» - білмеймін; 

«+» - мен үшін жаңа ақпарат; 

«?» - мені таңқалдырады;  белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.                             

     INSERT  –  оқығанын  түсінуге,  ӛз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін 

ұтымды  құрал.  Бір  әңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау,  мәнін  жете  түсіну 

күрделі  жұмыс.  Сондықтан  да  оқушылар  арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау  салдарынан 

түсіне  алмау,  ӛмірімен  ұштастары  алмау  жиі  кездеседі.  Мағынаны  түсінуді 

жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. 

    Үшінші  кезеңде  күнделікті  оқыту  процесінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру, 

ӛзіне және басқаларға сын кӛзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гӛрі 

үйге  тапсырма  беру,  оны  түсіндіру,  баға  қою  сияқты  шараларға  уақыт  жіберіп  аламыз. 

Сыни  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасында  бұл  сабақтағы  аса  қажетті  мәнді, 

маңызды  әрекет  болып  табылады.  Дәл  осы  кезеңде  үйренуші  не  үйренгенін  саралап, 

салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой-елегінен ӛткізеді. 

   Толғануды  тиімді  етуге  лайықталған  «Бес  жолды  ӛлең»,  «Венн  диаграммасы»,  «Еркін 

жазу»,  «Семантикалық карта», Т кестесі- сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, 

ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. 

   Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту-  педагогикалық  технология. 

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  әлемнің  түпкір-түпкірінен  жиылған 

білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тәжірибені  жүйеге  келтірген  Джинни  Л.Стил, 

Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын 

басшылыққа алады. 

   Мақсаты  барлық  жастағы  оқушыларға  кез-келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі 

ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға,  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарда  үйрету. 

Біздің  елімізге  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты,  «Сорос-  Қазақстан»  қоры 

арқылы  келген  бұл  технология  орыс  және  қазақ  тілдерінде  мектеп  тәжірибелеріне  ене 

бастады. 

   Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.    Жоба  60-  қа  жуық 

стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. 

   Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Оның мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын 

ұжымды талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт ӛзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға 

деген жауапкершілігі артады. 

   Әдісті  қолдану  тӛмендегіше  ұйымдастырылады.  Алдымен  ұжым  4  адамнан  тұратын 

топтарға  бӛлінеді.  Бұл  «жанұя»  топтары  деп  аталады.  Содан  кейін  1,2,3,4-  ке  санау 

арқылы  1-лер  бӛлек,  2,3,4  ӛз  алдына  «жұмыс»  тобын  құрайды.  Оқуға  ұсынылатын 

материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 

логикалық  бӛлікке  бӛлінген  мәтіннің  1-бӛлігін  1-лер,  2-бӛлігін  2  санын  алғандар,  3,4 

нӛмерлі топтарға оқуға тапсырылады. 

  «Еркін  жазу»  -  бұл  әдісті  сын  тұрғысынан  ойлау  жобасындағы  сабақтың  үшінші  ой 

толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат 

жайлы,  одан  алған  әсерін,  не  үйренгенін,  нені  әлі  де  біле  түсу  керек  екенін  және  т.б. 

жайлы ӛз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған 

кезде оқушылар ӛз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған 

жұмысты ұжымды оқуға болады. 



   «Венн  диаграммасы»  -  бір-бірімен  айқасқан  екі  шеңбердің  екі  жағына  салыстыруға 

берілетін  объектілердің  сипаттамалары  жазылады.  Ал  айқасқан  жерге  екеуіне  ортақ 

сипаттар  тізіледі.  Салыстыруға  арналған  тапсырмаларды  осы  диаграммаға  салып, 

оқушылар  қызыға  толтырады,  яғни  салыстыру  сияқты  күрделі  ойлау  операциясын 

меңгереді. 

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты ӛлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, 



жаңашылдығы 

Мақсаты: 

Тиімділігі: 

Нәтижесі: 

Білім 

алуға 


ұмтылатын 

шәкіртке жол кӛрсету, оқуға 

қызығушылығын 

ояту, 


сабақта  оқушыны  ізденіске 

бағыттау, 

оның 

шығармашылық  тұлғасын 



қалыптастыру. 

Оқушыларды ӛз ойын еркін 

жеткізуге дайындау, сабақты 

ӛткізу барысында 

стратегиялардың барлығы 

үш кезең арқылы жүзеге 

асуы, мұғалімнің сапалы 

сабақ ӛткізуіне мүмкіндік 

туғызу, 

ғылыми-теориялық 

тұжырымдамаларының 

тереңдігімен ерекшеленеді. 

Оқушының 

қызығушылығын 

арттырады, іскерлік 

дағдысы, ойлау белсенділігі, 

тапқырлығы, ӛзіне деген 

сенімі қалыптасады, терең 

білім алуға жағдай жасап 

қана қоймай, 

коммуникативтік 

қатынасын 

қалыптастырады, оқушыны 

ізденіске жетелейді. 

   

     Сабақта  қолданылатын  стратегиялар:    Мысалы,  әдебиет  сабағында  кез  келген 



кейіпкердің мінезін «Жүрек кордиаграммасы» арқылы ашуға болады.  

+ оң қасиеттері 

 

 

 



-

 

теріс қасиеттері 



 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет