Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері.
Оқытдың дәстүрлі технологиясы ең алдымен сынып-сабақтарын ұйымдастыруды
қарастырады. Ол XVII ғасырда Я.А.Коменский қалыптастырған, дидактика
принциптері негізінде құрылды, оны әлі де қолданады.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы білім, білік және дағдыны ұсынуға бағытталған.
Оның мәні: жаңаны игерту, бекіту, қадағалау, бағалау схемасы бойынша оқу процесін
жүргізу іске асырылады. Дәстүрлі оқыту технологияларында оқытудың басты әдістері
ретінде негізгі екеуі қолданылады:
оқытудың түсіндірмелі-кӛрнекілік әдістері, бұл әдіс арқылы мұғалім оқу
материалын кӛрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді. Оған дәріс, әңгіме,
тәжірибелер кӛрсету, экскурсия және т.б. жатады;
репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту)- мұғалімнің оқушыларға білімді
қаншалықты игергендігін тексеру мақсатында және оны қайталап айтып беруі
үшін тапсырмаларды құруы. Оқушы сұрақтарға жауап береді, берілген
есептерді шығарады және т.б.
Оқытудың дәстүрлі технологиясының кемшіліктері ӛте кӛп болды. Оның ішінде
мыналарды атап ӛтуге болады:
Материялды оқытудың жалпы орташа қарқыны;
Оқушылар меңгеретін білімінің бірыңғай және орташа кӛлемі;
Білім алу бойынша ӛздік жұмысына сүйінбей, оқытушы арқылы білімінің үлкен
үлес салмағын дайын күйінде алу, соның нәтижесінде оқушылар кӛріп алады.
Оқытушы толық білмеген жағдайда, оқушылар білімді толық меңгерсін деген
сұрақ туындайды.
Материялды түсінуге ауызша әдістің басым болуы, ол аударудың объективті
алғы шарттарын әлсіздендіреді.
Оқушылардың зейініне салмақ түсудің басым болу, яғни материлын еске түсіру
арқылы қайта ӛндіру.
С.Қ.Мұхамбетова инновациялық технологияның құрылымы мен дәстүрлі
оқытудың құрылымын мына кестеде сипаттайды:
Инновациялық технология құрылымы
Дәстүрлі оқытудың құрылымы
Тұжырымдамалық негізі
1.Ұйымдастыру бӛлімі
Мазмұндық бӛлім:
Оқыту-тәрбиелеу
мақсаты;
білім
мазмұны
2.Мақсаты: қажетті білімнің ӛзектілігін
кӛрсетін, ӛткен материалды есте
түсіру, қайтаалау, үй тапсырмасын
тексеру
Оқу процесін ұйымдастыру; болжау
мен алдын-ала жобалау реттеу
3.Жаңа білімді хабарлау мен оны
түсіндіру, яғни мазмұндық бӛлімі.
4. Сабақты бекіту.
5. Қорытындалау.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
Педагогика бойынша оқулықтарды және басқа да ғылыми әдебиеттерді
талдау нәтижесінде «оқытудың инновациялық технологиясы» ұғымына жеткілікті,
жан-жақты және тереңінен анықтайтын анықтайтын анықтамаларын кӛреміз.
Дегенмен, бізге ертеден белгілі оқытудың дәстүрлі технологиялары
республикамыздың білім беру жүйесін қажетті деңгейін кӛтеруге мүмкіндік
бермейді.
Қазіргі
уақыттағы
барлық
оқыту
технологиялары
бір-бірінен
принциптерімен, оқыту құралдарының ерекшелігімен және оқу процесін
ұйымдастыру әдіс-тәсілдері бойынша ажыратылады, яғни әрбір оқыту
технологияларының ӛзіндік ерекшелігі, айырмашылығы мен кемшіліктері бар.
Олардың әрқайсысы білім беру жүйесінде ӛзіндік орны алады.
Бақылау сұрақтары:
1.
«Инновация» ұғымы әлеуметтік ӛміріміздің қандай салаларында қолданылады?
2.
Инновация дегеніміз не және ол қандай мағына береді?
3.
Білім беру мен тәрбиелеудегі «инновация» ұғымын зерттеген ғалымдар?
4.
Инновацияны процесс ретінде қалай сипаттайды?
5.
Педагогикалық инновацияның негізгі мақсаты неде?
Оқытудың ынтымақтастық технологиясы
Ынтымақтастық оқыту, кіші топта оқыту педагогикада бұрыннан қолданылуда. Кіші
топта оқыту Япония, Израиль, Батыс Германияда алғаш рет қолданылды. Бірақ
ынтымақтастық оқытудың негізгі идеологиясы американ педагогтарының үш тобымен
бӛлшектеліп ӛңделді: Джон Хопкинс университетінен, Миннесот (Роджер Джонсон және
Дэвид Джонсон) университетінен, Дж. Аронсон, Калифорния тобымен. Содан бастап
ынтымақтастық оқыту пікірі кӛптеген әлем мемлекеттеріндегі педагогтардың күшімен
ӛзіндік дамуға ие болды.
Ынтымақтастық оқытудың басты идеясы – бірігіп орындау ғана емес, бірігіп оқу болып
саналады. Ынтымақтастық педагогикасының негізінде адамға деген гуманистік кӛзқарас,
оның потенциалдық мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне сену, оның қызығушылығын,
қажеттілігін, бейімділігін түсіну, оларды оқыту процесінде ескеру мен ұғыну жатыр.
Оқытудың ынтымақтастық проблемасы (жұмыстың ұжымдық, топтық формаларын)
соңғы он жылдықтарда біздің еліміз бен шет елде белсенді және жан-жақты дамытылды
және тӛмендегі ғалымдардың еңбектерінде кӛрініс тапқан: В.Дойз, С.Г.Якобсон,
Г.Г.Кравцов, А.К.Маркова, Л.И.Айдарова.
Ынтымақтастық педагогикасы- білім беруде кӛптеген жаңалықтарды ӛмірге келтірген,
оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасын және т.б. кӛптеген жағдайларды
қамтитын аса бай педагогикалық қатынас. Бұл технологияның атауын 80-жылдардағы
жаңашыл педагогтар тобы ұсынды. Тұтас технология ретінде ынтымақтастық
педагогикасының нақты үлгісі жоқ, реттеу-атқару жабдықтамасы қалыптаспаған.
Ынтымақтастық- бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани ӛміріне ӛзара
түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен
бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы.
Ынтымақтастық педагогикасының идеялары:
Ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы, «ынтымақтастық
педагогикасы» принципінен туындайды, ӛйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің
бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың шығармашылық
ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше кӛңіл аударуын
қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға- бала,
ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты;
Ұжымдылық, шығармашылық тәрбиесінде бағыттылық идеясының мәні ӛте зор.
Бірыңғай тәрбие ұжымы-бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі,
мұнда ересек адамдардың жастар жӛніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және
елеусіз қамқорлығы дамиды.
Ынтымақтастық педагогикасының жалпы құндылық бағдарына байланысты үш басты
тұлғалық қасиеттерін бӛлуге болады, олар:
А) кез келген оқушыны қандай болса, тура солай қабылдау. Мұнді оқушы мен мұғалім
бір-біріне жеккӛрінішті қарамайды, оқушының нақты «мен» деген түсінігін бағаламау
жоқ;
Б) баланың эмпатикалық түсінуі. Мұғалім оқушының ішкі әлеміне енуге тырысады.
Қоршаған ортаны оқушы сияқты кӛріп, оны оқушының ішкі әлемі арқылы сезінуге
ұмтылады;
С) оқушымен ашық, сенімді қарым-қатынас. Мұғалімдер оқушыларға ӛзінің ішкі
әлемін ашуға кӛмектеседі. Маңыздысы мұғалімнің сенімді болуы.
Ынтымақтастық педагогикасы, «ынтымақтастық» түсінігінің астарында біріккен іс-
әрекет жатыр, яғни ол былай сипатталады:
1. мақсаттардың бірлігімен;
2. іс-әрекетті ұйымдастыру және басқарумен;
3. функцияларды, іс-әрекеттерді, операцияларды бӛлумен;
4.тұлғааралық қарым-қатынастың болуымен
Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше
кезеңдер арқылы жүзеге асады:
І кезең- оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, ӛзара оқыту және шағын
сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;
ІІ кезең- оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды
жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді снауды, жаңа материалды ӛткен
материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары
мен тренингтердің кӛмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім
немесе оқушы белгілейді;
ІІІ кезең- мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы,
топтық тапсырмаларды ӛңдеуі (ақпаратты ӛзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша
есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау);
ІV кезең- мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының кӛмегімен әрі қарай
меңгеруін қолдауы.
Ынтымақтастық дегеніміз- оқушы мен ұстаз бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ
іс-әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы.
Ата-аналармен ынтымақтасу дегеніміз- балаға үйде де, мектепте де бірдей талап
қою деген сӛз емес. Ата-аналарды педагогиканың, технологияның, дербес әдістеменің
негіздерімен таныстырып, ӛз баласын сүюді үйрету.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары. Оқу процесіндегі оқу ынтымақтастығы ӛз
тарапынан келесі тӛрт бағыт бойынша тарамдалған ӛзара әрекет болып келеді:
Балалардың жігерін, міндеттерді орындауға және дағдыларды жаттықтыруға
біріктірудің артықшылығы қандай деген сұраққа жауап бере отырып, осы проблеманы
жетілдіруші Г.А.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау негізінде
біріккен іс-әрекетіндегі келесі ережелерді кӛрсетеді:
Меңгеріліп отырған материалдың кӛлемі және түсіну тереңдігі ұлғаяды;
Балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі ӛседі;
Білім мен іскерлікті қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады;
Оқу мотивациясының ақаулары мен шартталған тәртіп сақтаушы қиындықтар
бәсеңдейді;
Оқушылар білімнен кӛбірек қанағат алады, ӛздерін мектепте еркін сезінеді;
Оқушылар арасындағы ӛзара қарым-қатынас сипаты ӛзгереді;
Сыныптың бірлігі күрт ӛседі, бұл жерде сыншылдықпен қатар ӛзін-ӛзі және
ӛзара сыйласу, ӛзінің және ӛзгелердің мүмкіндіктерін сәйкес бағалай алу
қабілетімен қатар ӛседі;
Оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік,
басқалардың позициясын есепке ала отырып ӛз мінез-құлқын қалыптастыру
іскерлігі, қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;
Мұғалім топқа бӛлуде балалардың ӛзара бейімділіктерін, олардың дайындық
деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру
мүмкіндігін алады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Ынтымақтастық оқытудың басты идеясы неде?
2.
Ынтымақтастық педагогикасының мәні неде?
3.
Педагогикада ынтымақтастық деген не?
4.
Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс кезеңдері
қандай?
Жобалау әдісі технологиясы.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға
мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан жобалау
технологиясының тиімділігі күннен-күнге артуда.
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда
«бірге үйрену» деген мағынаны білдіреді.
Түсіндірме сӛздікте оған тӛмендегідей анықтама беріледі: жобалау технологиясы-
оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы
меңгеретін білімі.
Жобалау технологиясы XIX ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та ауылшаруашылық
мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған- Джон Дьюи атты психолог және
педагог, философ болған. Джон Дьюи ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің
жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатрик болды. Оның
ойынша, балаларды ӛз жұмысының жемісін кӛруге ынталандыру арқылы үлкен ӛмірге
дайындау- бұл технологияның негізі.
У.Х.Килпатрик
жобалаудың тӛрт түрін ажыратады: жасампаз (ӛндіргіш),
тұтынушылық, мәселені шешуді жобалау, жобалау-жаттығу.
Жобалаудың негізгі міндеті- балаларды ӛмір жағдайында зерттеуге және ізденуге,
мәселені шешуге қажетті құралдармен қаруландыру.
Жобалап оқыту- сынып-сабақ жүйесінің пайдалы баламасы. Жобалап оқыту
тәжірибесін игерген әр елдің мамандары оны жалпы және жанама оқыту түрлеріне
қосымша ретінде қолдануды ұсынады. Жоба жеке, пәндік, пәнаралық, пәннен тыс болады.
Жобалап оқыту пікірі Ресейде, американ педагогтары ӛңдеген уақытта, яғни XX
ғасырдың басында пайда болды. 1905 жылы орыс педагогы С.Т. Шацкийдің
жетекшілігімен оқыту тәжірибесінде жобалау әдісін белсенді қолдана бастаған
әріптестердің кішкене тобы ұйымдастырылады. Кейін, яғни кеңес ӛкіметтерінде бұл
пікірлер мектепке кеңінен енгізіле бастайды. 1931 жылы жобалау әдісін қолдану
тоқтатылды және кейінгі уақытқа дейін Ресейде бұл әдісті іс жүзінде қолдану жайында
әрекет жасалмады. Бірақ кеңес уақытында сабақтан тыс қоғамдық пайдалы әрекет
шеңберінде жобаны жүзеге асыру бойынша бірқатар іс шаралар жүргізілді.
Жобалау әдісі, біріншіден қандай-да бір мәселені шешуді ұсынады, екіншіден нәтижені
алуға бағытталады. Жобалау әдіс мәселені бӛлшектерге бӛлу арқылы дидактикалық
мақсатқа жету тәсілі.
Бүгінгі күнде жобалау әдісі әлемге кеңінен таралды. Ол теориялық білімді қоршаған
ортада нақты мәселені шешу үшін практикалық тұрғыда қолдануға кӛмектеседі. Ол АҚШ,
Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Германия, Италия, Бразилия және т.б. кӛптеген шет
мемлекеттердің мектептерінде белсенді және табысты дами түсуде. Джон Дьюидің
жобалау әдісі кеңінен таралып, таныла түсті. Қазіргі уақытта жобалау әдісі мектептік
білім беруде сынып-сабақ жүйесінің баламасы ретінде қарастырылады. Бірақ бұл істе
тәжірибелі елдердің мамандары мынаны ескертеді, жобалап оқыту басқа оқыту әдістері
мен бұл жүйені ығыстырмау керек.
Жобалау типологиясының негізіне келесі белгілер енеді: жобадағы әрекеттің басым
болуы, жобаның пәндік-мазмұндық саласы, жоба координациясының сипаты, қарым-
қатынас сипаты, жобадағы қатысушылар саны, жобаның ұзақтығы.
Жобалудың мүмкін болатын типологиясының бірі тӛмендегі критетийлер бойынша
құрылады:
Жобадағы әрекеттің басым болуы: іздену, шығармашылық, рольдік, қолданбалы
(пратикалық-бағдарлық), таныстыру-бағдарлық (зерттеу жобасы, ойындық,
практикалық-бағдарлық, шығармашылық);
пәндік-мазмұндық саласы: жеке жоба (білімнің бір ғана саласы шеңберінде),
пәнаралық жоба;
жоба координациясының сипаты: тікелей (қатал, икемді), жасырын (түсініксіз,
телекоммуникациялық жобалауға тән);
қарым-қатынастың сипаты: бір мектептің, сыныптың, қаланың, аймақтың,
мемлекеттің, дүние жүзі елдерінің қатысушылары арасында;
жобаға қатысушылар саны;
жобаның ұзақтылығы.
Жобалау әдіснде жобамен жұмыстың тӛмендегі кезеңдерін бӛліп қарастырады:
1.Іздену кезеңі:
мәселені іздеу және оны талдау;
жобаның тақырыбын таңдау;
жоба әрекетін кезең бойынша жоспарлау, ақпараттар жинақтау.
2.Құрастыру кезеңі:
жоба міндеттері тиімді шешу кезеңдерін іздеу;
дизайн талаптарын ескере отырып, құрастырудың нұсқаларын зерттеу;
экономикалық бағлау;
экологиялық сараптау;
құрастыру және технологиялық құжаттар даярлау.
3.Технологиялық кезең:
жобаны іс жүзінде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажетті материалдарды,
құралдар мен жабдықтарды іріктеу;
сапаны ағымдық бақылау;
құрылысына және технологияға қажетті ӛзгертулер енгізу.
4.Қорытынды кезең:
жобаны орындау сапасын бағалау;
жобаның орындалу нәтижесін талдау;
жоба нәтижесін қолдану мүмкіндігін оқып-үйрену (кӛрме, сауда).
Жобаның құрылымдық элементтерінің стилі, мазмұны, бірізділігі, саны, атауы нақты
мақсат пен міндет негізінде құрылады. Осыған байланысты В.В.Гузеев жобасын
ұсынады, оны мына кестеден кӛруге болады.
Жоба кезеңдері
Жұмыс мазмұны
Оқушылардың
іс-әрекеті
Мұғалімнің
іс-
әрекеті
Даярлық кезеңі
Жобаның тақырыбы мен
мақсатын анықтау
Мұғаліммен
бірлесіп,
тақырыпты
талқылайды,
қажетті
қосымша
Оқушыларды
жобалау
әдісінің
мағынасымен
таныстырады және
ынталандырады
ақпараттарды
алады.
Жоспарлау кезеңі
ақпаратты жинау,
талдау тәсілдерін
анықтау;
нәтижелерді
кӛрсету тәсілдерін
анықтау;
процесс
пен
нәтижені бағалау
критерийлерін
қою;
топ мүшелерінің
арасында
міндеттерді бӛлу.
Іс-әрекеттің
жоспарын
ӛңдейді.
Міндеттер
қояды.
Идеяларды
ұсынады,
болжамдар
жасайды.
Зерттеу кезеңі
Ақпаратты
жинақтау,
ағымдық
міндеттерді
шешу. Негізгі құралдар,
интервью,
сауалнама,
бақылау, эксперимент
Ағымдық
міндеттерді
шеше отырып,
зерттеуді
орындайды
Бақылайды, кеңес
береді,
жанама
түрде
іс-әрекетті
басқарады
Нәтиже,
қорытынды
Ақпаратты
талдау,
қорытынды шығару
Ақпараттарды
талдайды
Бақылайды,
кеңестер береді
Есеп беру кезеңі
Нәтижені
кӛрсетудің
мүмкін
формалары:
ауызша есеп, материалды
есепті кӛрсету, жазбаша
есеп
Қорғайды,
талқылайды
Тыңдайды,
қатардағы
қатысушы
роліндемақсатқа
бағытталған
сұрақтар қояды.
Процесті
және
нәтижені бағалау
кезеңі
ӛзін-ӛзі бағалау
және ұжымдық
талқылау
жолымен
бағалауға
қатысады
Оқушылар күшін,
ақпарат
кӛздерін
қолдану сапасын,
есепті бағалау
Жобамен жұмыс кезеңдерімен және адамның жаңа ақпаратты игеру
кезеңдерінің сәйкестігі
Жаңа
ақпаратты
игеру
кезеңдері
Жобамен жұмыс кезеңдері
Сабақты
ұйымдастыру
формалары
Мотивация, мақсат қою
Мақсат қою
Әңгіме, дәріс және т.б.
Жоспарлау
Нұсқаларды талқылау
Әңгімелесу
Әрекеттің
бейімделу
схемаларын құру
Ӛздігінен білім алу
Ӛзіндік жұмыс. Әрекет
барысы.
Семинар,
практикум
Әрекет (операциялар)
Зерттеу
Ӛзіндік
жұмыс,
практикум, практикалық
немесе
зертханалық
жұмыс
Рефлексия
Жалпылау, қорытындылау
Семинар, кеңес беру
Бағалау
Жетістіктер
мен
қателіктерді талдау
Әңгімелесу, кеңес беру
түзету
Түзетулер жасау
Сонымен, жобалау әдісі оқушылардың болашақта кәсіби іс-әрекетінің жетістігі үшін
қажетті құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге бұл әдіс
балалардың сабақтан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Жобалау әдісінің маңызы неде?
2.
Жобалау әдісіне қойылатын негізгі талаптар қандай?
3.
Жоба тақырыбын таңдауға не әсер етеді?
4.
Жобалаудың мүмкін болатын типологиясының критерийлері?
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Қазіргі таңда білім беру саласында мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін,жаңа технологияны тиімді пайдалана отырып, оқытудың жаңа әдістері мен
тәсілдерін, жаңа технологияны тиімді пайдалану ,оқытуды жетілдіре түсу,оқушыларды
жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейін халықаралық стандартқа
сәйкестендіру-ең басты бағыттардың бірі болып саналады.Осы тұста оқу процесінде ойын
технологиясын қолдану мәселесі тиісті нәтижесін беріп отыр.
Ойын-оқу мен еңбек қатарындағы адам іс-әрекетінің ең бір негізгі түрі, біздің ӛмір
сүруіміздегі ғажайып кӛрініс.Ойын іс-әрекеттің бір түрі. Ойын жағдаяттары негізінде
қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға болады,әрі оны меңгертуге бағытталған тәлім-
тәрбие жүреді,әрі ойынның негізінде тәртіп шыңдалып, ӛзін-ӛзі реттеу мен жетілдіру
жүзеге асырылады.
ХХ ғасырдың 60жылдары білім беруде танымдық ойындар кеңінен қолданыла
бастады.Ойынның басқа іс-әрекеттен айырмашылығы оның негізі адам ӛмірінің іс-әрекеті
екендігінде.
Дидактикалық ойындар дегеніміз- оқу іс-әрекеттеріне бағытталған әрбір қатысушы
және топ тұтастай бір міндетті шешуге біріккен, сонымен бірге жеңіске жетуде ӛздерін
қадағалайтын ұжымдық ойын.
Оқыту мақсатындағы ойынды оқу ойындары деп атауға болады, оның негізгі
элементтеріне мыналар жатады:
оқу әрекетінің моделденетін объектісі;
ойынға қатысушылардың біріккен әрекеті;
ойын шарты;
ӛзгерген шарттарда шешім қабылдау;
қолданылған шешімнің тиімділігі.
Дидактикалық ойынның технологиясы- бұл мәселелік оқытудың нақты
технологиясы. Мұнда ойын түріндегі оқу іс-әрекеті мынадай қасиеттерге ие: онда
оқушылардың танымдық іс-әрекеті ӛзіндік әрекет етуге бағытталады және ақпарат іс-
әрекет нәтижесі болып табылады.
Дидактикалық ойындар циклі мәселені шешу процесінде оқу іс-әрекеттерінің үздіксіз
жүйелілігінен тұрады. Бұл процесс шартты түрде мынадай кезеңдерге бӛлінеді:
-ӛзіндік сабақтарға дайындалу;
-басты міндетті қою;
-тексеру,түзету және оның нәтижелерін бағалау;
-жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс.
Ойын әрекеті адамзат тәжірбиесінде тӛмендегідей қызметтер атқарады:
-кӛңіл кӛтеруші:шаттану,ойыннан ләззат алу, қызығушылықтарын ояту;
-комуникативтік қызметін атқарады:қарым-қатынас жасау, диалектикасын меңгерту;
-ӛзіндік жүзеге асыру-ӛзін кӛрсету, ӛз мүмкіндігін жүзеге асыру, адамның тәжірибе жасау
алаңы ретінде;
-ойын терапиясы қызметін атқарады: әр түрлі қиындықтарды жеңуге үйретеді;
-реттеу қызметін атқарады: жеке тұлағаның ӛмірлік орнын, позициясын ӛзгертуіне,жеке
тұлға құрылымының ӛзгеруіне кӛмектеседі және т.б. қызмет атқарады.
Ойының процесс ретінде құрылымына тӛмендегілер енеді: ойнаушылардың ӛздері
орындауға алған рӛльдері;бұл рӛльдерді атқару құралы ретінде ойын амалдарын орындау,
ойнап нақты заттарды шартты ойындық нәрселермен алмастыру, ойыншылар арасындағы
шынайы, нақты ӛмірлік қатынастар.
«Педагогикалық ойын технологиясы»ұғымы педагогикалық процесті әр түрлі
педагогикалық ойын формасында ӛткізу әдістері мен тәсілдерін қамтиды.Педагогикалық
ойынның жай қарапайым ойындардан ерекшелігі -олардың мәнді белгілерінің болуында.
Сабақ үстіндегі ойындар оқушыларды оқу әрекетіне ынталандыру құралы ретінде
қолданылады. Ойын тәсілдері мен жағдаяттар арқылы оқытуды сабақ формасында
ұйымдастыру мынадай бағыттарда жүреді: оқушылардың алдына дидактикалық мақсат
пен ойын міндеттері түрінде қойылады; оқу әрекеті ойын ережесі мен тәртібіне бағынады;
оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады.
Оқу процесіндегі ойын технологиясының орны мен ролі, оқу мен ойын
элементтерінің үйлесім тауып қолданылуы мұғалімнің педагогикалық ойынның жіктелуі
және қызметін дұрыс түсінуіне тәуелді келеді.
Біріншіден, ойынды іс-әрекет түріне қарай – дене (қимыл-қозғалыс), интеллектуалдық
(ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік, психологиялық деп ажыратамыз.
Екіншіден, педагогикалық процестің сипатына қарай ойынның келесі тобын
қарастырамыз- білім берушілік, оқыту, жаттығу, бақылау, жалпылау; танымдық,
тәрбиелік,
дамытушылық;
репродуктивтік,
продуктивтік,
шығармашылық;
диагностикалық,
қарым-қатынастық,
кәсіптік-бағдарлаушы,
психотехнологиялық,
айқындаушы.
Үшіншіден,
педагогикалық ойындарды ойын әдістемесінің сипатына қарай
топтастырудың түрлері ӛте кӛп. Олардың ішінде ең маңыздысы және кеңінен
қолданылатын ойын түрлері – іскерлік, пәндік, сюжеттік, рольдік, драмалық, кӛрініс
ойындары.
Тӛртіншіден, пәндік аймақтары бойынша келесідей түрлеріне бӛлінеді:
математикалық, дүниетанымдық, табиғат пен қоршаған орта, химиялық,
экологиялық;
музыкалық, театрлық, әдебиеттік;
әлеуметтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық, ӛндірістік;
дене шынықтыру, спорттық, тәжірибелік т.б.
Бесіншіден, педагогикалық ойынның ӛтетін орнына байланысты: затпен, затсыз;
компьютерлік, теледидар, техникалық құралдар кӛмегімен; стӛлдік, бӛлмелік, кӛшелік,
жергілікті; жылжымалы техникалық құралдар арқылы іске асатын түрлері болады.
Кӛпшілік жағдайларда ойындары жүргізу технологиясы келесілерден тұрады:
дайындық кезеңі: ойынды дайындау, сценариін дайындау, жоспар құру, жалпы
сипаттау, мазмұнын меңгеру, материалмен қамтамасыз ету;
ойынға кіріспе: проблемалық мақсат қою, ойын шарттарын білу, топ құру мен
рольдерді бӛлу, регламент белгілеу, қатысушыларға жалпы түсініктер және кеңес
беру;
ойынды жүргізу кезеңі: топтық жұмыс (әдебиеттермен жұмыс, тренинг, ойлану
және т.б.); топ аралық жұмыс, пікірталас (топтардың жұмысты баяндауы, нәтижені
қорғау, пікірталас туғызу);
талдау және қорытындылау кезеңі: ойынға қорытынды жасау, талдау, баға беру,
ұсыныстар беру, ойынды аяқтау және жинақтау.
Ойынды қолдана отырып, оқыту технологиясының басты мақсаты- оқушыны ӛз
оқуының мотивін, ӛмір мен ойындағы ӛз мінез-құлқын түсінуіне, яғни ӛзіндік іс-
әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы
нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету болып табылады.
Педагогикалық ойындардың функциясы ӛте кӛп.Олар:дидактикалық танымдық
оқытушылық,дамытушылық,тәрбиелеушілік және т.б. барлық ойындарды танымдық деп
атауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Ойын технологиясы қандай негізгі кезеңдерден тұрады?
2.
Педагогикалық ойындар қалай жіктеледі?
3.
Мектептерде қолданылатын қандай ойын технологиясын білесіздер?
4.
Ойын арқылы оқыту технологиясының басты мақсаты не?
5.
Ойынды құрастыру барысында қандай қиыншылықтар кездеседі?
Достарыңызбен бөлісу: |