БЕС ЖОЛДЫ ӚЛЕҢ стратегиясы
Зат есім _____________
Сын есім ____________ ____________
Етістік ____________ ____________ ______________
Сӛйлем __________ _____________ _____________ _______________
Синоним _________________
КЛАСТЕР (Топтастыру)
1.
тақырыпты алу
2.
ойды ортаға салу
3.
жинақтау (қағаз бетіне түсіру)
4.
топта толықтыру
5.
ақпарат алмасу (екінші топпен алмасу)
6.
қосымша ақпарат алу
7.
ортаға салып талдау
Талдау: Сіз білмеген болды ма?
КУБИЗМ стратегиясы
1.
сұрақ немесе тапсырма беріледі
2.
әр оқушы жеке жазады
3.
топта әңгімелейді
4.
тапсырма (кубиктің қай жағы түссе, сол тапсырманы орындайды)
-
суреттеңіз
-
салыстырыңыз
-
ойыңызбен байланыстырыңыз
-
зерттеңіз
-
қолданыңыз
-
қарсы шығыңыз
Шығарма мен кейіпкерледің ұқсастығын мен ерекшелігін салыстыру үшін «Венн
диаграммасын» қолдану тиімді.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
1. жеке қасиеттерін жазу
2. салыстыру
3. ортақ қасиеттерін табу
Сабақтың тақырыбына қарай түрлі кестелі тапсырмалар құрастыруға болады.
1 - кесте.
Білемін !
Жаңа білдім !!!
Білгім келеді?
2-
кесте. «Түртіп алу әдісі» - INSERT
Білемін (V)
Жаңа ақпарат (+) Мен
олай Сұрағым бар (?)
ойламаймын (-)
Тӛмендегі кесте бойынша технологияға толық сипаттама беруге болады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің әр түкпірінен жиналған білім
берушілердің еңбектерінің жиынтығы
Оқытудың белсенді әдістері:
бағдарламалық оқыту,
проблемді оқыту,
пікірталас әдістері,
дӛңгелек үстел,
іс ойыны,
Миға шабуыл,
Тренингтер
Оқу құрылымының үш
кезеңі:
І фаза. Қызығушылығын
ояту;
ІІ фаза. Мағына тану;
ІІІ фаза. Ой-толғаныс.
Сабаққа қойылатын талаптар:
Сабақтың мақсатын
оқушылар ӛздері
анықтау,
Проблемалық
сұрақтарды шешу,
Топпен, жұппен, жеке
жұмыс жасай алу,
Жаңалық қосып,
басқаша шешім
қабылдай алу,
Тапсырманы
шығармашылқ жолмен
орындау,
Ӛзін-ӛзі бағалау,
Дамытушылық
деңгейдегі үй
тапсырмасын орындау.
І фаза. Қызығушылық ояту,
ми ояту, талпыну, іздену.
ІІ фаза. Жаңа ақпаратпен
танысу, мағына тану,
түртіп алу әдісі
«INSERT», ақпараттық
құралы, ӛнер
қойылымдары,
техникалық құралдар.
ІІІ фаза.
Ойын нақтылау,
қорытындылау.
Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан
ойлау технологиясы - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім - іскерліктің жаңа түрі.
Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін
арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек ӛмірге
дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін ӛмірде қолдауға жағдай жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1.
«Сыни ойлау» жобасының мәні неде?
2.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың қызығушылықтарын оятудың
қандай кезеңдері бар?
3.
INSERT ұғымы нені білдіреді?
4.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының авторларының негізгі
идеяларын білесіңдер?
Интерактивті оқыту әдістері
Оқыту процесі оқыту әдістемесі сияқты түсінікпен тығыз байланысты.
Әдістеме – бұл оқулықтар мен құралдарды қолдану ғана емес, сонымен бірге оқыту
процесін ұйымдастыру. Басқаша айтқанда, оқыту әдістемесі – оқыту процесінде оқушы
мен мұғалімнің ӛзара әрекеттесу формасы. Оқыту процесі оқыту шарттарында қалыптасу
аймағында студент пен педпгог арасындағы ӛзара әрекеттесу процесі ретінде
қарастырылады, оның мақсаты сол немесе басқа да білім, дағды мен құндылықтарды
жалпылау болып табылады.
Стандартты емес тапсырмалар – ӛте кең ұғым. Ол дәстүрлі тапсырмаларды шектеу
мүмкіндігін беріп, ӛзіне бірнеше белгілердің қатарын қосады. Стандартты емес
тапсырманың басты ерекшелік белгісі – психологтар ӛнімді, шығармашылық деп атайтын
әрекеттермен байланысы. Сонымен қатар басқа да белгілері бар, олар:
қойылған оқу міндеттерін студенттердің ӛз бетімен шешу жолдарын табуы;
жұмыстың әдеттегіден ӛзгеше шарттары;
ертеде меңгерілген білімдерін таныс емес шарттарда белсенді еске түсіру.
Оқытудың интерактивті формаларын енгізу – қазіргі жоғары оқу орындарында
студенттерді даярлауды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі кезде негізгі
әдістемелік инновациялар интерактивті оқыту әдістерін қолданумен байланысты.
Интерактивті оқыту түсінігі 1990-жылдардың ортасында пайда болды. Кӛптеген
ғалымдар Интернет желісінің даму бастамасы және компьютерлік жүйелерді қолдану
арқылы оқыту ретінде түсіндіреді.
«Интерактивті» сӛзі ағылшын тілінен шыққан, яғни «interact» аударғанда ӛзара әрекет
ету дегенді білдіреді. Интерактивті оқыту – бұл танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың
арнайы формасы, ол нақты және жобаланатын мақсаттарды түсінеді. Мұнда мақсаттардың
бірі студент немесе тыңдаушы ӛзінің жетістігін, ақыл-ойының жағдайын сезіп,
жабдықталған оқу шарттарын құрудан тұрады, ал оқыту процесін ӛнімді етеді.
Педагогикада оқытудың 3,4,5 суретте кӛрсетілгендей бірнеше модельдерін ажыратады:
баяу – студент оқытудың «объектісі» ролінде алға шығады (қарайды және
тыңдайды);
белсенді – студент оқыту «субъектісі» ретінде алға шығады (ӛздік жұмыстарын
орындау, шығармашылық тапсырмалар);
интерактивті – ӛзара әрекеттесу. Оқытудың интерактивті моделін қолдану
ӛмірлік жағдайларды модельдеуді, рольдік ойындарды қолдануды, мәселені бірігіп
шешуді болжайды. Оқу процесіне қандай да бір қатысушының немесе қандай да
бір идеяның басым болуы жіберілмейді. Студент әрекет объектісінен ӛзара
әрекеттесу субъектісіне айналады, ол ӛзінің жеке жолымен жүріп, оқу процесіне
белсенді түрде қатысады.
Жоғарыда аталып ӛткен әдістемелік тәсілдердің әрқайсысының ӛзіндік ерекшеліктері бар.
Ол үшін әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық, бірақ оның ішінде интерактивті оқыту
әдістеріне толығырақ тоқталамыз.
Баяу оқыту әдісі - 3 суретте кӛрсетілгендей, ол оқытушы мен студент арасындағы ӛзара
әрекеттесу формасы, мұнда оқытушы сабақтың басты әрекет ететін тұлғасы болып
табылады, ал студенттер болса баяу тыңдаушылар ролінде болады. Сабақтардағы кері
байланыс сұрау, тесттер, ӛздік және бақылау жұмыстары және т.б. нәтижесінде жүзеге
асырылады. Студенттердің оқу материалын меңгеру кӛзқарасы бойынша баяу әдіс –
тиімді емес әдіс болып есептеледі. Бірақ оның артықшылығы да бар – ол басқа әдістерге
қарағанда сабаққа аса қатты дайындалуды қажет етпейді, шектеулі уақыт ішінде
салыстырмалы түрде оқу материалының кӛп мӛлшерін беру мүмкіншілігі бар. Осы
артықшылығын ескере отырып, кӛптеген оқытушылар аталған әдісті қолданғанын
қалайды. Алайда, шын мәнінде кейбір жағдайларда тәжірибелі педагог қолында бұл әдіс
табысты жұмыс істейді, әсіресе студенттер сабақтың нақты мақсатын біліп, пәннің негізін
оқуға бағытталса, ӛте табысты болады.
Педагог
3 суретте
-
Баяу оқыту әдісі
Сабақтардың кең таралған формасы дәріс (лекция) болып табылады. Дәріс –кӛлемді
материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте бүкіл сабақты қамтиды. Дәрістің
артықшылығы - оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпарат ағынының
кӛптігімен, берілетін білімнің жүйелілік ерекшелігімен айқындалады. Сабақтың бұл түрі
жоғары оқу орындарында кеңінен таралған. Ӛйткені мұнда студенттерді қалыптасқан
және пәнді тереңінен оқуға деген нақты мақсаттары бар тұлғалар ретінде қарастырады.
Алайда, белсендіру әдістері оған қарағанда неғұрлым тиімді нәтижелер береді.
Белсенді оқыту әдісі – оқытушы мен студенттер арасындағы ӛзара әрекеттесу формасы,
мұнда оқытушы мен студенттер сабақ барысында бір-бірімен ӛзара әрекеттеседі, енді
студенттер баяу тыңдаушылар емес, сабақтың белсенді қатысушылары болып табылады.
Оқытудың белсенді әдісі 4 суретте кӛрсетілген. Егер баяу сабақта оқытушы әрекет
негізінің басты фигурасы болса, ал мұнда оқытушы мен студенттердің құқықтары бірдей
болады. Баяу сабақтар авторитарлық стильді болжайтын болса, ал белсендіру әдісі
демократиялық стильді жобалайды.
4- сурет - Белсенді оқыту әдісі
Оқытудың белсендіру әдісі мен интерактивті оқыту әдістерінің кӛптеген ұқсастықтары
бар. Сонымен, оқытудың интерактивті әдісін белсендіру әдістерінің неғұрлым жаңаша
формалары ретінде қарастыруға болады. Белсендіру әдістеріне қарағанда оқытудың
интерактивті әдістерінің айырмашылығы – олар тек студент пен оқытушы арасында ӛзара
әрекеттесуге ғана емес, сонымен бірге студенттердің бір-бірімен ӛзара әрекеттесуін
болжайды. Сонымен қатар оқытудың интерактивті әдісі бойынша оқыту процесінде
студенттердің белсенділігі басымырақ болып келеді.
Интерактивті оқыту әдісі – студенттердің танымдық және коммуникативтік
әрекеттерін ұйымдастырудың арнайы формасы. Интерактивті сабақтардың негізін
студенттер орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар құрайды.
Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың кәдімгілерден айырмашылығы – оларды
орындау барысында студенттер оқыған материалды бекітіп қана қоймай, сонымен бірге
ӛздігінен іздену нәтижесінде жаңа білім алады. Оқытудың интерактивті әдісі 5 суретте
кӛрсетілген.
5 сурет - Интерактивті оқыту әдісі
Интерактивті сабақтарда оқытушының қызметі студенттердің әрекеттерін сабақтың
мақсатына жетуге бағыттау болып табылады.
Оқытушының оқу және тәрбие міндеттерін шешу үшін келесідей интерактивті
формаларын қолдануға болады:
интерактивті экскурсия;
кейс- технологияларды қолдану;
бейнеконференциялар ұйымдастыру;
домалақ үстел;
«ми шабуылы»;
тренингтер;
іскерлік және рольдік ойындар;
нақты, практикалық жағдаяттарды талдау;
топтық пікірталастар.
Интерактивті сабақтарда келесідей оқыту формаларын қолдануға болады.
Тренингтер. Тренингтік сабақтармен оқыған материалдың негізгі назарын практикалық
ӛңдеуге аударылатын оқыту деп түсіндіріледі. Мұнда студенттер берілген арнайы
жағдаяттарды модельдеу процесінде қажетті білім, білік пен дағдыларын дамыту және
оларды бекіту, ӛзінің тәжірибесіне деген қарым-қатынасын ӛзгерту, сонымен бірге басқа
да жұмыс тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін алады.
«Тренинг» ұғымы жалпы жинақталған мәнде пайдаланылады. Онда түрлі әдістер және
оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады, мысалы: іскерлік, рольдік және
имитациялық ойындар, нақты жағдаяттарды талдау, топтық пікір-таластар және т.б.
Пікірталас. Оқытудың бұл әдісі студенттердің шағын тобында (6-15 адам) нақты
проблема бойынша топтық пікір-талас жүргізумен сипатталады. Әдетте «пікірталас»
түсінігімен барлық формадағы пікір алмасу түсіндіріледі. Тәжірибе тарихы кӛрсеткендей,
пікір алмасусыз және оған сәйкес қайшылықтарсыз жалпы қоғамның дамуы мүмкін
еместігін дәлелдейді. Әсіресе, ол адамның рухани ӛмірінің дамуына және кәсіби ӛсу
аймақтарына қатысты.
Жалпы пікірталасты педагог басқарады және оны басқару процесі екі сипатта болуы
мүмкін: біріншіден, пікірталасты жүргізу үшін педагог студенттердің ӛзара қарым-
қатынасын құрады және оның белгілі бір деңгейін (ашықтық, бір-біріне жақсылық
тілеушілік, жақсы ниет т.б.) қолдайды, яғни педагог жағынан пікірталасты басқару
процесі коммуникативтік сипатта болады. Екіншіден, педагог шындықты іздеу процесін
басқарады. Егер оқытушы дұрыс қорытынды жасауды қамти алатын болса ғана,
пікірталасты ӛткізу жіберіледі.
Қорытындылай отыры, бұл әдістің оқыған материалды жақсы меңгеруіне әсер етіп,
тыңдаушылардың тәжірибесін максималды толық қолдануға кӛмектеседі. Оның
ерекшелігі мынады – топтық пікірталас барысында тыңдаушыларға қайсысы дұрыс
туралы педагог емес, студенттің ӛзі оқытушы ұсынған принциптер мен тәсілдерді қамти
отырып және ӛздерінің жеке тәжірибелермен максималды қолданып дәлелдейді. Топтық
пікірталастар күрделі материалды оқуда және ӛңдеуде неғұрлым күшті нәтиже береді.
Оқытудың мұндай белсендіру әдісі кері байланыс үшін жақсы мүмкіндіктерді камтамасыз
етеді, яғни тәжірибені, мотивацияны, білім мен дағдыны бекітуге, оларды бір аймақтан
екіншісіне ауыстыруға және т.б.
Іскерлік және рольдік ойындар. Оқытудың белсендіру әдістері жалпы «іскерлік
ойындар» атауына ие болды. Бұл әдіс әр түрлі рольдік ойынның кешендерін кӛрсетеді
және кӛбіне қатысушылардың қызығушылықтары қарсы болып келеді, ойын барысында
немесе ойынның аяғында қандай да бір шешім қабылдау қажеттілігімен ерекшеленеді.
Рольдік ойындар басқарушының негізгі маңызды қасиеттерін, мысалы: коммуникативтік
қабілеттер, шағын топтарда жұмыс істеу іскерлігі, ӛз бетінше ойлау және т.б.
қалыптастыруға кӛмектеседі.
Іскерлік ойындар ереже бойынша, топтық ойлану ізденістерімен келісілген формада
етеді және ол ойынға қатысушылардың барлығынан қарым-қатынасқа еліктіруді талап
етеді. Ӛзінің мәні бойынша оқытудың бұл әдісі қарым-қатынасты ортатудың ерекше
формасы болып саналады.
Қарым-қатынастың кез-келген түрінде ойынға қатысушылардың бірі автор болады, ол
әр уақытта ӛзінің кӛзқарасын білдіреді. Ал екінші қатысушы адам реципиент болуы
мүмкін, ол автордың мәтінін қабылдап, авторлық кӛзқарасты қайта құрады, яғни түсінгені
бойынша бейнені құрайды. Қарым-қатынастың үшінші қатысушысы іскерлік ойын
аймағында қатынасты сыншы (критик) болады, неғұрлым жетілген және рәсімделген
ӛзінің кӛзқарасын ӛңдейді. Тӛртінші қатысушы қарым-қатынасты ұйымдастырушы болуы
мүмкін, жұмыстың барлық түрін бір пікірге келтіріп, авторлық кӛзқарасты жетілдіру
бойынша мақсатты түрде ӛозғалыс күштерін ұйымдастырады.
Іскерлік ойындар қорытынды жасаумен аяқталады, мұнда тәжірибе үшін неғұрлым
маңызды нәтижелерге талдау жасауға ерекше назар аударылады. Алайда соңғы кезең
ойын барысындағы рефлексияға дейін созылуы мүмкін. Мұндай рефлексияның объекттері
келесілер болуы мүмкін: ойлау процесіндегі жеке, топтық, топ аралық қозғалыс
динамикасы; тұлғааралық қатынастарды ӛзгерту негізінде ұжымдық пікірлердің пайда
болу динамикасы; ойыншылардың бағыты және бағыт аралық қарым-қатынасы және т.с.с.
Бақылау сұрақтары:
1.Оқытудың интерактивті формалары қандай?
2.Интерактивті оқытудың мәні мен мағынас неде?
3.Баяу оқыту әдісінің ерекшелігі неде?
4.Белсенді оқыту әдісінің ерекшелігі неде?
Оқыту процесінде интерактивті тақтаны қолдану
Жаңа ұрпақты оқытудың мультимедиялық құралдары қазіргі компьютерлік
технологиялардың барлық артықшылықтарын ӛзіне біріктіріп қарастырады. Ол оқыту
процесін сапалы жаңа деңгейге кӛтеруіне ықпал етеді. Бір-бірінен мобильдік телефондар
мен компьютер, сонымен қатар теледидар кӛруі арқылы ерекшеленетін қазіргі жаңа ұрпақ
пен мектеп оқушылары темпераментті визуалды ақпараттар мен оны кӛруін ынталандыру,
оған жағдай жасауда қажеттіліктері неғұрлым жоғары ақпараттарды қабылдау әдісіне
сәйкес келеді.
Мұғалім кез келген компьютер арқылы кӛрсетуді толығымен басқару мүмкіншілігін
алады- интерактивті тақтаның бетіне суреттер, карталар, схемалар және т.б. шығарады,
объектілерді құрастырады және оларды орналастырады, бейне мен интерактивті
анимацияларды кӛрсетеді, маңызды деген кезеңдерін түрлі-түсті белгілермен ерекшелеп
кӛрсете алады, сонымен бірге кез-келген компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу
мүмкіндіктері бар. Осының барлығы топпен визуалды қатынасты жоймай және ӛзінің
компьютеріне «жабыспай», яғни тікелей интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында
іске асады.
Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді
теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар кӛрсете аласыз, интернеттен қажетті
ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық кӛре
алады, олар енді ӛзге жаққа алаңдамайды.
Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне
кӛмектеседі. Әрине, барлық қажетті бағдарламалармен компьютерде отырып жұмыс
жасауға болады, сондай-ақ экранның кӛлемі жұмыс жасауда барлық оқушылардың
қатысуына мүмкіншілік бермейді. Бірақ сіз сол материалды интерактивтік тақта арқылы
кӛрсете отырып, сыныптағы оқушылардың зейінін аудара аласыз.
Кӛрнекілік пен интерактивтілікке байланысты сынып оқушылары, топтар белсенді
жұмыс атқарады. Интерактивті тақтамен жұмыс барысында оқушыларда немесе
тыңдаушыларда қабылдау процесі жақсы жүреді, кӛңіл аудару концентрациясы
жоғарылайды, жалпы материалдың мазмұнын түсіну мен оны есте сақтау қабілеттері
артады. Сонымен қатар мұғалімнің компьютерлік құзыреттілігі маңызды түрде
жоғарылайды, ал оқушылар немесе тыңдаушыларға интерактивті тақтамен жұмыс ұнап,
олардың оқуға, жұмыс істеуге дегент қызығушылықтарын артырады.
SMART тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен толықтыруға болады,
тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да игеруге болады. Мұғалім
кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғамай оқушыларға қарап тұрып, компьютерлік
қосымшаларды, сонымен бірге оқушылардың ұлкен экранда және интерактивтік тақтада
берілген сол кӛріністі кӛретінін бақалай алады.
Мұғалімдердің жұмысын жеңілдететін, тапсырмаларға үлкен интерактивтілік пен
кӛрнекілік беретін, сондай-ақ барлық мүмкіндіктегі тақырыптар мен пәндер бойынша
анимациялық роликтер, үлкен коллекциялы суреттер ұсына отырып, компания SMART
Teshnologies арнай бағдарлама жасады. Сабақ барысында сіз веб-сайттар мен кез келген
қосымшалардан да жазу жаза аласыз, оларды әрдайым сақтай да аласыз, олар сізге қажет
болуы мүмкін.
SMART қамтамасыз етілген арнайы бағдарлама қолдан жызылған жазбаны, терілген
жазба мәтініне айналдыруға немесе экран клавиатурасының кӛмегімен жазбаны қосуға,
аудио-бейне жазбалармен, мәтіндер мен объектілермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушылардың айтқан ұсыныстарының барлығын жаза отырып, сабағын «миға
шабуыл» жасаудан бастауға болады, содан кейін әр түрлі фигураларды қолдана және
объектілердің арасында байланыс туғыза отырып, ақпараттарды құрылымға келтіреді,
одан кейін қажетті кӛшірмелер жасап түсініктемелерді қосуға болады.
Осы бағдарлама коллекциясының кӛмегімен 2000 суреттен де кӛбірек материалдарды
тез жүйеге келтіруге, әңгіме сюжеттерін құрастыруға, ғылыми әдістер қосуға, табиғаттағы
су айналымын схема түрінде кӛрсетуге немесе ӛлең жазуға болады. Схемаларды
орналасқан суреттерді, тақтаның үстіне оңай ауыстырып орналастыруға болады, олардың
бейнелеріне саусақпен тигізгенде оқушылар сағат тілін айналдыруы мүмкін, бұрыштарды
ӛлшей немесе оларды санай алу мүмкіндіктері бар.
Интерактивті тақта бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен
жұмыс жасауда, психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін,
білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.
Қазіргі
уақытта интерактивті тақталардың келесідей түрлері қолданылады.
Интерактивті тақта SMART екі типті болады: тікелей және кері проекциялы.
Тікелей проекциялы тақтамен жұмыс жасау үшін арнайы орындықта немесе арнайы
қондырғыда орнатылған проекторлар қолданылады. Мұндай қондырғылар оқу ісіне кері
әсерін тигізуі мүмкін, мәселен жұмыс бабында интерактивті тақта мен проекторлардың
арасында оқытушының проектордегі бейнесі кӛлеңкелеп жауып қалмауынан алдын алады.
Оны бір жерден екінші жерге жеңіл тасымалдауға болады. Егерде мұндай келеңсіздіктер
болмаған жағдайда проекторды арнайы кранштейнге қондырып, жоғары тӛбеге
орналастыру керек.
Ал кері проекциялы тақта проектормен бірге компьютердің жүйелі блогымен арнайы
корпустарда орнатылады. Корпустың ішінде орнатылған айна жүйелерінің арқасында
бейне экранға артқы жағынан беріледі, яғни адам алдында тұрса да кӛлеңкесі түспейді.
Интерактивті тақтада сенсорлы технология екі түрлі тәсілмен іске асады. Резистивті
сенсорлы интерактивті тақта экран бетіндегі арнайы белгілерді басу арқылы оның
қызметін жүзеге асыратын екі жұқа қабатты тоқ жүйелерінен тұрады. Олардың қандай да
бір бӛлшектері не жоғалып, не сынып қалмайды және тӛзімді келгендіктен, осындай
тақталар мектептерде ӛте қолайлы.
Интерактивті тақта не үшін қажет? – деген сұраққа жауап беріп кӛрейік. Интерактивті
тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді ӛзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс
уақытты жоспарлауға, сондай-ақ кез-келген пән бойынша сабаққа дайындалуға,
студенттердің зейінін аударуға және оларды ынталандыруға, ақпараттарды кӛрсетуге,
уақытты тиімді пайдалануға ӛте қолайлы.
Интерактивті тақта – барлық топты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды
ресурс оқытушының жаңа материалдарды оқушыларға ӛте тартымды және тез жеткізуіне
кӛмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың кӛмегімен
жеткізуге мүмкіндік береді: студенттер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете
толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде ӛте ыңғайлы.
Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар,
тақырыптар,CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиялық файлдарға гиперсілтемелер және
интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Сіз кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе
экраннан пернетақтаға кӛшуге кӛп уақыт құртпайсыз. Перо құралын қолдана отырып,
барлық ресурстарға экранның ӛзінде түсініктеме беруге және кӛшірмелерді келесі сабаққа
сақтап қоюға болады. Ӛтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және ӛткен
материалдарды қайталауға болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бӛлімі сабақ беруді жоспарлаудан
тұрады: интерактивті тақта материалды анық құру бағдарламасымен қамтылған.
Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Оқытушылар сабақ
барысын жақсы, тиімді, қызықты ӛткізуге толық мүмкіндік бар. Әрине ең алдымен
оқытушылар арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін
толық игеруі тиіс. Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын
ресурстарды анықтай білуі маңызды.
SMART тақтасында сабақ барысында дайындық материалдарды толық бір жүйеге
келтіруге, кезеңдері бойынша логикалық тұрғыдан жоспарлауды жеңілдетеді. Осы
аралықта бір файлдан екінші файлға сілтеме жасауға, (мысалы, аудио, бейнефайлдарға
немесе интернет парақтарына сілтеме жасауға) болады. Бұл қандай да бір материалдарды
іздеуде уақытты үнемдеуге кӛмектеседі. Сонымен бірге, бұл интерактивті тақтаға аудио
немесе бейне құрылғыларын қосуға болады. Бұл әсіресе шет тілдерін оқып үйренуге
тиімді және оқушылар бір уақытта оқып, тыңдап үйренуін қалайды.
Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде
сақтауға болады, сонда олар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды
оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға
болады.
Жоғарыда аталғандай интерактивті тақта компьютер дисплейі, яғни компьютердегінің
бәрін SMART тақтасында кӛрсетуге болады. Бұл оқытушыларға оқытудың кӛлемді ресурс
спектрлерін пайдалануға жол ашады.
Атап айтқанда:
презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;
мәтін редакторлары;
CD-ROM-дар;
Интернет;
кӛріністер (экрандағы кӛріністер, диаграммалар, суреттер, фотолар);
бейнефайлдар (теледидарлық бағдарламалардан кӛрініс, бейне кассеталар немесе
сандық бейне кӛріністер);
дыбыстық файлдар (басқада оқытушылар немесе студенттер жасаған кӛшірмелер,
кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса CD-ROM-дағы
немесе интернет-парақтарындағы кез келген дыбыс естіледі;
интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;
әр түрлі пәндерге қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету.
Панельмен жұмыс арнайы пероның кӛмегімен жүзеге асырылады – қолмен немесе
киімнің ұшымен кездейсоқ экранның бетіне жанасу жұмысқа кедергі келтіретіндігінен
сақтанбай-ақ қоюға болады.
Планшетта жасалған барлық белгілерді ақпараттарды кӛрсетудің кез келген
жүйесінде шығаруға болады, мысалы проекторлар, әр түрлі ӛлшемдегі экрандар
(әсіресе үлкен бӛлмелер үшін маңызды), плазмалық панельдер т.б.
Электронды перосы бар сымсыз жеңіл планшет бӛлме бойынша еркін түрінде
ауысуға, кез келген орыннан Hitachi бағдарламалық қамтамасыз етудің визуалды
материалдар демонстрациясын басқаруға және оларды белгілермен қамту мүмкіндігін
бере отырып, оның барлық функцияларына кіруге рұқсат алу мүмкіншілігін береді.
Планшетта жасалған барлық белгілер экранда немесе плазмалық панельде кӛрсетіледі.
Ал электронды перо компьютерлік тышқанның орнына қолданылады, бірақ
планшеттің ӛзінде дисплей жоқ. Бұл плпншетпен жұмыс істеуде кейбір дағдыларды
талап етеді.
Бақылау сұрақтары:
1.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау үшін қандай жазба құралдары қажет?
2.
Интерактивті оқыту әдісі дегеніміз не?
3.
SMART тақта оқу процесінде қандай орын алады?
4.
Тікелей проекциялы тақтамен жұмыс жасаудың мағынасы неде?
Мұны ғалым К.Ӛстеміров «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары»
атты еңбегінде тӛмендегі суреттегідей қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |