Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары


Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері



бет3/16
Дата04.06.2022
өлшемі296 Kb.
#36312
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері

1.2.Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.


Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.
«Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап, реттеп отырады. ... Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы дидактикалық қарым – қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда кері байланыс».
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам», - деп өте орынды айтқан. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен байланысты қарастырады.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның мақсатын, талап – тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса, «Тәрбиедегі мақсат адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару».
Қоғамның материалдық негізі мен идеологиясының өсуі әртүрлі қоғамдық – экономикалық формацияның алмасуына ықпал етеді. Ол өз алдына тәрбие мен оқытудың мақсат – міндеттерін, оның мазмұны мен әдістерінің өзгеруіне де себепші болады.
Бізге мәлім, ерте замандағы педагогтар әрекетінде тәрбиенің мақсат – міндеттерін белгілеуде ортақ пікір болмаған. Ол негізінен екі бағытта өрбіген. Біріншісі, прогресивті идеяны ұсынса, яғни жалпыға бірдей білім бере отыра жеке басты жан – жақты, үйлесімді дамыту болса, ал, екіншісі, яғни реациялық идеяның өкілдері үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен идеалистік философияның теорияларын уағыздады.
Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің әлеуметтік – экономикалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе, яғни ол жалпы орта білім және тәрбие беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.
«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын адамзат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.».
Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан – жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.
Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде гуманистер Витторино да Фелбтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан – жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал – утопистер Томас – Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен – Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты даму деп қарастырады. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді.
ХVІІІ ғасырдағы француз философ – ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл – ой мен адамгершілік тәрбиесін қарастырды. Ж.Ж.Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым – қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.
Жан – жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл – демократия-лық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтар да қолдады. Н.Г.Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді.
Маркстік философияның негзін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның жан – жақты дамуы жайлы пікірлерінде ақыл – ой тәрбиесімен дене тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін техникалық оқумен ұштастырады. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап, қоғамдағы еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл – ой тәрбиесінің алшақтығы таптық қоғамда тәрбие мақсатының сипатында екі жақты айырмашылықтың болғанын өз дәуірлерінде ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Сонымен қатар, олар барлық жастағы адамдарда қабілет, талант немесе дене тәрбиесі біркелкі дамымайтындығын айта келек, ол үшін жасөспірімдерге бірдей жағдай туғызу қажеттігіне баса назар аударады.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірлеріне терең талдау жасап, Ленин адам баласының бойындағы таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш мектеп екендігіне, тұлғаны жан – жақты дамытуда мектептің негізгі құрал болатындығына көз жеткізе дәлелдеді.
Яғни, тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын Мағжан Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай көзқарасқа тоқталамыз.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердін топтық және ұжымдык. өмірін, олардын, тұлғасының рухани байлығынын, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуынын міндетті шарты деп қарайды. А. С. Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды—деп көрсетті. Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкерлікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінін ұжымшылдық сапалары қалыптасады.
Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі. А. С. Макаренко кезінде «Егер біреу-міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап кою және құрмет көрсету деп жауап берер едім», — деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып, оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкерлігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды тандап алады. Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ-түйекпеи байланыссыз болса, онда ол адамға деген құрметтің ең жоғары өлшемі болып табылады. А. С. Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу бола тұрса да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек.Оқушы бойындағы орынды — рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек.
Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел бір тұтастықты құрайтын педагогикалык жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие саласында жүргізілетін түрлі тәрбиелік шаралар бір-бірімен сабақтас болуы тиіс. Жаңадан өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны өткізілген тәрбиелік шаралардың логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан әрі қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана аталған принциптер жүзеге асады. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді-кесілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие үшін оқушыға қойылатын талаптардық ала-құлалығынан бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен үйелменнің, сынып ұжымы мен жұмыс істейтін мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының үйлеспей- ала-құла болуы. Тәрбие көп адамдар қатынасатый ұзақ іс-әрекеті. Сондықтан олардың жұмыстарында тізбектестік пен үласымдылықтың сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің дер кезінде анықталып отыруы аса маңызды мәселе.
Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнін, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылуы қажет.
Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс-әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына өмір тәжірибесіне, күш-қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала-өзінше ерекше бір бітім.» Сондықтаң олардың әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағаттандыратын және оқушының тәртібі мен іс-әрекетінің негізі болатын жаңа қажеттіліктер кең қызығушылықтарды туғызатын түрлер мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.
Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінік сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзініқ тұлғалық сапарларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.
Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктер жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы кемшіліктердін. орынын толтырады.
Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінін, теріс қасиеттерін жасыра түседі.
Оқушылардың, өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін-өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.
Жас өспірімдік шақтағы бала өз бетіндікке ұмтылуын байқатады, ел тәрбиенің пәрменсіз объектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің субъектісі болуға ұмтылады. Егер тәрбиешілер осыны еске алмай, оның құқығын шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.
Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен мінез құлқының пісіп жетілу, шағында берік сеніммен адамгершілік мұраттары қалыптасқан болады.
Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді. Жастар өз еркін тәрбкелеуге ерекше зейін аударады. Бұған өзінік өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді. Қыздар мен бозбалалар білім мен күш куаты өздерін ересектермен теңбіз деп есептеуге алып келеді. Олар барлық нәрсені жоғары сөзіммен қабылдап, сәл нәрсені өз дербестігіне құрметсіздік деп карайды. Жоғары сынып оқушыларына өз білімдерін байыту, өздерінің ақыл-ой қабілеттерін дамыту ұмтылысы да тән. Қыздар мен бозбалалар мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез құлық мұраттарына ұмтылып, өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады.
Оқушылардың өздерін өздері тәрбнелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ен алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: оқушылардын, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бүйру, өзіндік есеп беру және т. б.) меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.
Оқушылардың өзін-әзі тәрбиелеуге үмтылуын қалыптасты-ру үшін оларды адамдар еміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудіц моні, өзініқ тұлғалық сапаларын дамытудағы ез жігерінін. ролі жө-нінде хабардар етіп отыру қажет. Окушылар, әсіресе жасөспі-рімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз тұлғасында саиалык, қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы ха-барларды қызыға қабылдайды. Осылардыц арқасында емірдіц күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқару-сыз, дүрыс шешу білігіне ие болады, өзбетіндігін өзіндік ка-жырлы еңбегімен ғана жетуге болатыныи ұғынады.
Өзін-өзі тәрбиелеудін, тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудін өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгеймен анықталады. Біз тек дарынды педагог Қ. Д. Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық.
1. Асқан сабырлық, ең болмағанда сырт көзге.
2. Сөзде және қылықтардағы турашылық.
3. Әрекетті жан-жақты ойластыру.
4. Батылдылык.
5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.
6. Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі 
іспен айналысу.
7. Әуескойлык, кұмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.
8. Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.
9. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.
Бұл ережелердің ар жолына түрлі мағына беріп байыта беруге болады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауын мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық кылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.
Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немкұрайды пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сыиау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.
Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының, бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Оқушыларға сөз турінде берілген: «қажет», «жетеді», «орындау керек», «шыдау керек», «алға бас», «тұр», өзіме бұйырамын» және басқа да өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және киындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бүйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т. б. орындауға болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізінде іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне педагогикалык басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек. Алғашкы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси туседі. Әрине бұл оқушыларды бетімен коя беру емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе-бет пікірлесу аркылы кемектесіп отырған жөн.
Дегенмен, тәжірибеде оқушы тәртібінде жоне мінез-кұлкын-да ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жүмы-сында кайта тәрбиелеу де орын алады. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардық алдын алуға жане жеауге бағытталады. Кайта тәрбиелеу-түлға кұрылымын түгел кайта күру, адамнын барлық психологнялық сапаларын қайта жасау. Түзету деген ұғым да бар. Оны оқушы санасындағы және жүріс-тұрысындағы жеке кемшіліктерді жену деп түсінуіміз керек.
Қайта тәрбиелеу — бұл тәрбиелік ыкпалдар жүйесі, онын барысында құлықтық даму мен жүріс-тұрысындағы ауыткулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.
Қайта торбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қа-жеттіктерінін, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-қүлкының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып табылады.
Қайта тәрбилеу — бұл қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру.
Қайта тәрбиелеу—бұл педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардын жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеу — бұл ынталандыру—жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс-әрекеттерді жандандыру.
Қайта тәрбиелеу — бұл түзету, яғни балалардың теріс саналарының шырмауынан босату.
Жеткіншектер мен жасөспірімдердің педагогикалық осер-лерге қатынасы, тәртіппенмінез-кұлықережелеріменжүйелерін қайта құру және қалыптастыру бірқатар ішкі, психологнялық факторларға тәуелді болады. Оларға: тәртіп пен мінез-құлық принцицтерін, жүріс-тұрыс ережелерін, моральдық құқық және борыштарын түсінуі, тұлғалық адамгершілікті санасы, іс-әрекетке қатысы, тұлға бағытталығы, психологиялық күйі, еріктік-сезімталдық көніл-күйі, жоғарғы нерв жүйесінің типі т. с. с.
Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-кұлықтың орынды тәжірибесін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді басқару, тұлғаның онан әрі дамуына бақылау.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке жегу, күрт өзгерту, еріксіз "көндіру сияқты әдістер қолданылады.
Қайта ұғындыру — бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді кайта құру әдісі.
Қайта оқыту — бұл теріс қажеттіктермен дағдыларды түзету әдісі. Басқа іс-әрекетке жегу—бұл тәртібімен мінез-кұлқының
дамуында ауытқуы бар балалардың белсенділігін арттыру жә-не қоғамдық пайдалы іе-әрекетке ауыстыру әдісі.
Күрт өзгерту — бұл тұлғаның ұжым және коғаммен каты-насынын, бұзылысын шұғыл калпына келтіру әдісі. Бұл қайта тәрбиелеудің А. С. Макаренко жасаған арнайы әдісі.
Еріксіз көндіру — бұл басқа әдістердің мүмкіншілігі сарылғанда педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда өте қараусыз қалған жеткіншектер мен жасөспірімдерге қолданылатын педагогикалық әсер ету әдісі. Педагогикалық еріксіз көндіру мазмұнына тұлғаның теріс қылықтарын моральдық кінәлаудан мектептен-шығарып арнайы тәрбие мекемесіне жіберуге дейінгінің бәрі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет