Дипломжұмысының мақсаты:
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Диплом жұмысының объектісі: Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.
Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:
Бұл еңбекті жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады.
1 тарау. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері.
1.1.Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл – Фараби).
«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л.Н.Толстой).
«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В.А.Сухомлинский).
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).
«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант).
«Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х.Й.Лийметса).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.
Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж.): «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында «... қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский «... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық ... және оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.
Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата – аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса тәрбие процесі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез – құлыұ ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Адамды табиғт жаратса да, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту үшін, бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Кезінде б.э.д.ІVғ. Аристотель тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметінің маңызына айрықша назар айдарып, «... заң шығарушының жастар тәрбиесіне айрықша мән беруі тиістігіне ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Себебі мемлекеттің ең негізгі бір мақсатты, барлық адамдарға бір ғана ортақ тәрбиенің болуы тиіс және онда жеке дара емес, бәріне бірдей ортақ қамқор болуы тиіс. Тәрбиеге қатысты заң болуы тиіс және ол ортақ болуы тиіс» деп есептеген. Сондықтан да ол тәрбиені ұлттар мәдениетінің мирасқорлық процесі деп қарастырған.
Платон тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы қажет дей отыра, «Бізде заңды қорғаушы қырағы болуы тиіс; ол балалардың тәрбиесіне өте қамқор болуы тиіс; олардың мінез – құлқын түзетуі және әркезде оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс» деп есептеген.
Ертедегі Римде ұжымдық оқу б.э.д. ІІІ ғасырда жүргізіле бастаған. Ондағы антикалық педагогиканың теориясы мен практикасының негізін жасаған Квинтиллиан Римде бірінші рет мемлекеттік тұрғыдағы мектептің іргесін қалап, жылма – жыл мемлекеттен сыйақы алып тұрған. Соған сәйкес Римдік қауымдастықта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен бірге көбінесе тәрбие әдістеріне де үлкен маңыз беріліп, тәрбиені мемлекеттік басқару әрекетінде маңызды сала ретінде қарастырған.
1758 жылы М.В.Ломоносовтың «Академиялық гимназия тәртібінің үлгісі» атты педагогикалық тұрғыдан құнды еңбегі жарық көріп, гимназистер арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған «Білім беру» заңы бар. Онда азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және тәрбие мәселелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі қалыптасқан. Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат – міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз – адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиеші – лердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл – ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;
Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.
Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.
Тәрбие процесі – де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады.
Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-кайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатынын болуы.
Тарбиенің мақсатқа бағытталғани ықпалын киындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдын себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқынын (объективті) ішкі жағдайдын (субъективті) игілігіне айналатын адам санасының шенберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның коғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және ол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдык мәнін қалыптастырудын қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама- қайшылықтар болуы мүмкін.
Сыртқы қарама-қайшылыктар коғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрда-тары мен ересектердіқ қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарынын куәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының, өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады. Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүгірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің арақатынасы жатады. Адамның қоғамдық мәнінің дамуындағы негізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басқышқа көтеріледі, яғни жана сапаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет пен тәртіптің жетілген тәсілдерін меңгереді.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның коғамға, адамдарға, өзді-өзініқ қатынастарын жасауға және олардың шенберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні—адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндетердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді камтиды:
1. Педагогикалық жағдайлардың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгей анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенін құралдары мен әдістерін таңдай білуді т, б. қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл
өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы
бөліктерге және ыкпалдарға бөлудің, окушылардьщ іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дқрыс қарым-қатынастарды
бекітудің, оқушылар тәртібінін әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінін болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардық қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-
қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын
жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайларда тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта күруды т. б. талап етеді.
4. Қортынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны
әдепкі берілгендермен салыстырып, кол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шенберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне 'енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие-бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір зандылықтарды атауға болады.
1. Тәрбис қоғам мұқтаждырына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-катынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның, бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлык, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.
Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі
сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырак, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қкана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, окьггу және білім беру іс-әрекетіне байланысты іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оку еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланын ақыл-ойы, дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.
Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімеи бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір күбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.
Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі-идеология, қоғамиың әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.
Қарым-қатынас — таным процесі. Таным және карым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу
5. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара
байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады,
Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжымдық өатынастарды қалыптастырудың теориялык негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-катынас — ұжымның даму процесі. Педагогикалық процесте ұжымның басты борышы—әрбір адамның тулеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс. Тәрбиенік ерекшелігі, оның ұжымдық. бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.
Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердін тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы шығармашылық ынтымақтастықтың шешуші шарттарының бірі болады.
Сонымен тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді.
Тәрбие принциптері
Әдетте принцип дегеніміз адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды тандамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердін шешімін іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері қолданылады.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы. Тарбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінін дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдык және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ен алдымен олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымының ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінін үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Тәрбненің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымеы байланыс принципі. Бұл принциптің мәні коғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудық шынайы алғышартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие жұмысындағы өнімді енбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар да бар. Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатынастырып, ол әрекеттің қоғамнық түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.