Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


Теориялық, аналитикалық және эмпирикалық ғылым деген ұғымдарға анықтама беріңіз



бет2/24
Дата23.01.2023
өлшемі55,07 Kb.
#62405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
4. Теориялық, аналитикалық және эмпирикалық ғылым деген ұғымдарға анықтама беріңіз.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге
жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады,
өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми
жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса маңызды.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай
түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсәідікке мойымау қабілеті, жылдар
бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет.
Ғылыми іс-әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, қиялдану элементтері
теориялық іс - әрекетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жеке зерттеушінің енші – үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Теория мен эмпирика ғылымдары бір – бірін толықтырады, байытады. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.
5. Курстық жұмыстың мәні қандай?
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің өзіндік оқу еңбегінің бір түрі.
Курстық жұмысты орындау студенттердің теориялық білімін тереңдете түсуіне, ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыруына, түсінуіне, берілген облысындағы алғашқы дағды мен біліктерін, меншікті позициясын тудыруға септігін тигізеді. Курстық жұмыста студент талдау жасауға, ғылыми машықтық материалдар арқылы педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмысын жүргізуге, қорытындылар мен талдаулар жасауға үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет