Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


Педагогикалық әдістерге нелер жатады?



бет6/24
Дата23.01.2023
өлшемі55,07 Kb.
#62405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама-1

9. Педагогикалық әдістерге нелер жатады?
Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстармен педагогикалық процестер, олардың элементтері мен компоненттер арасындағы заңды байланыстарды, қатынастарды,тәуелділіктерді тағайындау және ғылыми теорияларды құру мақсатында ғылыми информациялар алу тәсілдерін айтады.Зерттеулерде жалпы теориялық әдістер, әлеуметтік және психологиялық әдістер, математикалық әдістер пайдаланылады. Жалпы теориялық әдістерге анализ,синтез,салыстыру,индукция,дедукция,абстракциялау,жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерге сауал-сұрақ,интервью алу,треннинг әдістері жатады.Математикалық әдістерге рангілеу, шкалалау,корреляция әдістері жатады.
Педагогикалық зерттеу әдістері шартты түрде
Теориялық әдіс
Эмпирикалық әдіс
Теориялық әдістерге анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.
*Эмпирикалық әдістерге бақылау, әңгімелесу, сауал сұрақ, тестілеу, бағалау, алынған мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік), зерттеу нәтижелерін педагогикалық іс-тәжірибеге ендіру жатады*


10 ) Бағытталу тұрғысынан педагоикалық зерттеулер қалай жүргізіледі?
Бағытталу тұрғысынан психологиялық- педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет