Қорытынды емтиханның соңындағы жиынтық бағалау: 1.Ағымдық аттестация кезеңді аяқтағанда өткізілетін қорытынды рәсім; 2.Пән бойынша күтілген нәтижелерге сәйкес оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау; 3.Сыртқы бағалау [8].
КЕРІ БАЙЛАНЫС «ОҚЫТУШЫДАН СТУДЕНТКЕ», «СТУДЕНТТЕН ОҚЫТУШЫҒА», «ӘКІМШІЛІКТЕН ОҚЫТУШЫҒА»
Студенттің портфолиосы
Оқытушының портфолиосы
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ҚҰРЫЛЫМЫ
түрлері
Түйінді идеялар
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, аралық бақылау барысында оқытушы тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылады, оқытушымен мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қанағаттанбаған бағаларын қайта тапсыруға құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді [10].
Жиынтық бағалау
Оқытушыларға, білім алушыларға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы дәрісханалық сабақ, семинар практикалық, ОСӨЖ бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (оқу жылындағы семестр, қорытынды емтихан деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау сызбасы
Оқуды түзету Оқыту (дәріс) Деректер жиынтығы (семинар)