Баяндаманы Форум бағдарламасы мен жинағына енгізу үшін 2019 жылдың 20 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің адресіне тіркеу формасын, баяндама мәтінін жолдау қажет.
Материалдар келесі талаптарға толықтай сай рәсімделуі қажет:
Тіркеу формасы мен баяндама мәтіні (Форум тақырыбына сай және 7 парақтан артық емес көлемде) міндетті түрде MS Word текст редакторында теріліп, баяндамасы бар файл автордың фамилиясымен аталуы қажет.
Парақтың форматы: А4, шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12, жоғары және төменгі шегі - 2 см, оң шегі – 1 см, сол шегі – 3 см, жоларалық интервал – бір, азат жол шегінісі: 1,25.
Баяндама атауы басында жазылады: БАС ӘРІППЕН (ҚАЛЫҢ ШРИФТПЕН) жолдың ортасында, баяндаманың жоғары жағында.
Баяндаманың атауының астында ортасына кіші әріппен (қалың шрифтпен) автордың аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) жазылады.
Келесі жолда автордың жұмыс орны, лауазымы көрсетіледі.
Бір интервалдан соң баяндаманың мәтіні орналасады.
Әдебиеттер мен деректер тізімі баяндаманың соңында орналасады және мәтінде кездесу реті бойынша құрастырылады. Сілтемелер төртбұрышты жақшада нөмер түрінде тізім бойынша деректің бетін көрсетіп рәсімделеді [6, с. 2].