ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХШЫЛАР КОНГРЕСІ
Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ:
ТАРИХТАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН»
XI Еуразиялық Форум
(Нұр-Сұлтан қ., 25 қазан 2019 ж.)
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сізді 2019 жылғы 25 қазанда "Ұлы Дала тарихы: тарихтан қазіргі заманға дейін" атты XI Еуразиялық Форумының жұмысына қатысуға шақырады.
Форум жұмысы "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласын, 2019 жылғы 02 қыркүйектегі ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.
Еуразиялық Форумның негізгі мақсаты - Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі тәжірибесімен алмасу. 2020 жылы ұлы ойшылдардың мерейтойы - әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлы 175 жылдығы аталып өтіледі, осыған байланысты Еуразиялық Форумның жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
- тарихи тұлғалар контексіндегі Ұлы Дала;
- әл-Фараби және араб-мұсылман әлемі;
- абайтанушылардың тұжырымдамалық мәселелері;
- қазіргі тарих ғылымы және қоғамдық сананың жаңғыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |