annotation
The language of the media has changed dramatically over the past 10-15 years. Instead of tested, corresponding to style standards of work, began to broadcast not prepared texts. Scientists-linguists pay attention to this problem in various scientific articles.
In this article, the authors consider the problem of preserving linguistic norms in the mass media, namely (in audio-visual media) in television journalism. After carrying out the linguistic analysis, the authors give examples of violations of linguistic norms from specific television programs. The following violations of linguistic norms were revealed in ethers: the use of regional features of the language, dialects and jargon; Use of words in Russian, instead of existing notation in Kazakh; Infringement norm of pronunciation.
Key words: language norm, vernacular, regional features of the language, preservation of the language norm, jargon (slang word), colloquial.
Ақпараттар легі көбейген заманға сай қазіргі кезде газет сандарының көптігі мен олардың атқарып отырған функциясы көңіл толтырарлық жағдай. Өзге елдің баспасөзіне еш кем емес, басылымдарымыз да көп. Еліміздегі идеологиялық бірінші газет «Егеменді Қазақстаннан» бастап «Жас Алаш», «Түркістан», «Қазақ», «Қазақ үні», «Жас қазақ», «Қазақ әдебиеті», «Алматы ақшамы», «Айқын», «Алаш айнасы»газеттері мен олардың әр түрлі салмақтары қоғам жүгін өздерінше көтеріп жүргені осының куәсі. Бұған қоса тәулік бойы елімізге қызмет атқаратын «Қазақстан», «Хабар», «Еларна», «Алматы»т.б. арналары халықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысып, оның тіршілігімен бңте қайнасып жатады.
Тіл жеке адамның қоғамдық өмірі мен ішкі психикалық байланысын қамтамасыз ететін ментальды механизм болып табылады. Сондықтан аталған мақалада жеке адамның әлеуеттік сөйлеу мәдениетіне оның танымдық құрылымдары тәуелді екендігін БАҚ мәтіндерінен алынған тілдік қателіктерді мысалдар келтіре отырып қарастырамыз. Ақпарат құралдары қазіргі кезде адам өмірінің барлық саласына әсер етіп отырғаны белгілі. БАҚ салаларындағы барлық әлеуметтік мәндегі мәтіндер басқа мәтіндерге қарағанда басымдылық танытып отыр. Бұл жеке адам үшін табиғи және әлеуметтік шындық туралы ақпарат көзі болып ол арқылы адамдардың түрлі маңызды шешімдер қабылдауына жағдай туғызады.
БАҚ-тағы қарым-қатынас сипаты соңғы 10-15 жылда қатты өзгерді. БАҚ-та бұрынғы дайындалған, стильдік тұрғыдан жетілген жинақы мәтіндермен қоса кейде дайындалмаған, стильдік жағынан жұтаң мәтіндер орын ала бастады. Публицистикада (теледидар, радио, газетте) ресми және ресми емес сөздің арасындағы бірден көзге анық көрініп тұратын ерекшеліктердің өздері байқалмай қалатын мәтіндер де кездесіп, ол мәтіндер тілінде жаргондар, сөйлеу тілінің элементтері, басқа да қарапайым сөздердің қолданысы көбейіп кеткендігін байқаймыз.
Жеке адамның БАҚ құралдарының тіліне әсерін анықтап көретін болсақ, ең алдымен көптеген журналистердің тілдік мәдениетке неқұрайлы қарауы болып табылады, яғни журналистеріміздің тілдік құзіреттілігінің төмендігі БАҚ мәтінріндегі түрлі типтегі, түрлі мазмұндағы қателіктердің тууына жағдай жасап отырғанына көз жеткізе аламыз. Екіншіден, БАҚ-та көрсетіп отырған жағымсыз әсерлер өзара топтасып, бір-бірімен қатынас жасап, нақты бір стереотиптер түзеді. Ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілдің нормасын бұзатын қателіктердің жаппай таралуы тек тілдік нормаға кері әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар, әлеуметтік нормаға да өз әсерін тигізеді. Үшіншіден, тілдік норманың жұтаңдануы жеке адамның санасына кері әсер ететін танымдық норманың да ауытқуына әсер етеді. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, соның нәтижесінде адамның өмір сүру салтын жетілдіруге ұмтылысынан туған техникаларды пайда болуы қашанда тілде өз ізін қалдыратыны анық. Оның барлығы тілде атау болып, жаңа сөз болып көрінеді немесе қандайда бір қоғамдық өзгерістердің нәтижесі тілдік бірліктердің функциясына өз әсерін бере алды. Нәтижесінде тіліміздегі лексикалық қор жаңа сөздермен толығып, тілдік қолданыстағы пассив сөздер ығыстырылып шығарылды. БАҚ тілінде осындай табиғи түрде болу керек тілдік оң өзгерістермен қатар жағымсыз өзгерістер де болып жатады. Ол өзгерістер теледидар тілінің нормадан ауытқуы деп аталып жүр. Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.[1] Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.
Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді [1,10-12 бб.]. Теледидар тілінің нормасына қатысты мәселелер тілші ғалымдардың назарына тыс қалмай, сыни, ғылыми мақалалар нысаны болып, тіпті осы мәселеге арналған конференциялар да өткізіліп келеді. Теледидар мерзімді басылым мен радио тілінің ерекшеліктері қатар кездесетін электронды басылым. Сондықтан оның тілі мен ондағы тілдік өзгерістер алдыңғы екі ақпарат құралына қарағанда күрделірек болып табылады.
Мақала жазу барысында еліміздегі теледидар бағдарламаларынан алынған мысалдардан байқағанымыз, ортақ бір жиі қателік жіберетін сөз өкінішке орай тіркесіне қатысты кездесті.
Айталық, Өкінішке қарай құшақ жайып тұрған ана жоқ, қол бұлғап тұрған әке жоқ, бірақ олар бірге, өйткені олар бауырлар ( Айтуға оңай..., 6.02.2017).
Қазіргі қыздардың жасы өкінішке қарай кейінге шегеріліп кетті. (Айтуға оңай..., 21.02.2016) Осы мысалдарды келтіре отырып біз, бұл тіркестің дұрысы өкінішке орай болса да ұлттық арнадан бастап, басқа да ақпарат құралдарында қате қолданылып жүргендігін айтамыз.
Ақпарат құралдарынының тіліндегі тағы бір олқылық сөздердің қазақ тіліндегі нұсқасы бола тұра, оларды мәтінде орыс тілінде қолдану. Тіпті олар бір мәтін ішінде қатар қолданылып жүр. Бұл кемшіліктің себебін қайдан іздеуге болады. Екі нұсна қоса қолдану тңл шұбарлығын тудырып тұр.
Қазіргі кезде Сириядағы атысты тоқтату үдерісінің кепілі саналатын елдер Ресей, Иран, Түркия өздерінің қатысатындарын растаған. («Айқын» газеті, №38 (3110) 14 наурыз, 2017 жыл, 1-бет).
Дәл осы мақаланың келесі сөйлемінде «Атап айтқанда,Ресей тарапы процеске РФ президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі, Александр Лаврентьевтің қатысатыны туралы ресми хабарлады.
Бір күнде, бір уақытта Ресейдің жүздеген қаласында халықтық митинг өтті. Қазір осы шерудің барлығын заңсыз ұйымдастарды деген айыппен, жемқорлықпен күрес қорының жетекшісі Алексей Навальныйға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. (Информбюро, 27.03.17)
Осымен екінші рет өткізіліп отырған фестивальге алғаш рет сахналанған 8 спектакль қатысты. Олардың ішінде топ жарып, көрермен ықыласынан шыққан ең үздік қойылым ретінде театр басшысы "Бір сен үшін тудым" деген атпен танылған Шекспирдің Ромео мен Джульеттасын атап өтті. Айтуынша, шараның негізгі мақсаты актерлердің шеберлігін шыңдап, қойылымдардың көркемдік деңгейін көтеру. (Информбюро, 27.03.17)
Ұлт пен тіл туралы айтамын деп сынның астында қалған Әнуар Нұрпейісов, енді керісінше видеоны әлеуметтік желіге таратқан ақпараттық порталды сотқа бермекші екен. (Информбюро, 27.03.17) Ақтауда мүгедек балаларға арналған қайырымдылық жәшігін әйел адам ұрлап кеткен. Оның ақша салынған қорапты қолды қылғаны дүкендердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. (Информбюро, 18.03.17)
Енді арғы беттегі көрермен "Информбюроны" ғаламтордан іздеп әуреге түспейді.
Интернеттегі жарнама тележарнамаға қарағанда тиімді деген дәйексіз сөз соңғы уақытта жиі айтылып жүр. Ғаламторда тауар өтімдірек деу де негізсіз. (Информбюро, 13.03.17)
Мәжілісмен Азат Перуашев бірқатар мемлекеттегі босқындардың қатысуымен болатын жантүршігерлік мысалдарды келтірді. Осыны ескеріп, Қазақстан қабылдайтын мигранттарға дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып шарт қою керек деп отыр. Информбюро, 29.03.17 Қазақстанның ең жас қаласы - Ақтауда жеделсатылардың тең жартысына жуығы істен шыққан.
Ал Каспий теңізі жағалауындағы қала тұрғындарының жедел сатыны ұмытқандарына тұп-тура 20 жыл болыпты. Тозығы жеткен лифтілердің сиқын сол өңірдегі тілші Жәмила Қибасова анықтап көрген еді. Информбюро14.03.17, 19:07
Аталған мысалдар ақпарат құралдарында қойылым-спектакль, бейнежазба-видео, ғаламтор-интернет, шеру-митинг, үдеріс-процес, босқындар-мигранттар жедел сатыны-лифті сөздері қатар қолданылуы ақпарат мәтіндерінің тіліне нұқсан келтіреді. Біздіңше, олардың қазақ тілінде тек бір нұсқасы қолданылуы керек.
Теледидар тіліндегі ақпараттық бағдарламалардағы тағы біл қателік қазіргі қазақ тіліндегі нұсқасын емес мағынасы көнерген нұсқасын қолдану.
Ауруханаға ем іздеп келген ана мен сәбилерді арнайы палаталарда емес, керісінше аурухана дәлізінде тұрған дивандарға төсек салып жатқызған. Өйткені палаталардағы кереуеттер бос емес (Информбюро, 14.03.17).Берілген сөйлемде төсек деген әдеби нормадағы сөздің орнына кереует сөзінің қолданылуы тілдік нормаға сай емес.
Еліміздегі ең бірінші Ұлттық арнамыз «Қазақстаннан» көрсетілетін «Айтуға оңай... бағдарламасының тәрбиелік мәні зор, рейтингісі жоғары бағдарлама. Аталған бағдарламаны отандастарымыз жасынан кәрісіне дейін сүйіп көреді деп айтсақ артық болмас. Аталған бағдарлама жүргізушісінің журналистік шеберлігі, студияда өзін ұстауы көңіл толтырарлық. Әйтсе де аталған бағдарламаның тіліне қатысты кемшіліктерді кездеседі. Аталған бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбектің өзі көрермендерге сұрақ қоюда кейде қателіктер жіберіп жатады. Алдымен мысалдар көрсетейік, соңынан мүмкіндігінше ол қателіктерді талдауға тырысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |