Қазіргі теледидар тілі және тілдік норма



бет1/3
Дата11.10.2023
өлшемі34,06 Kb.
#113596
  1   2   3

Қазіргі теледидар тілі және тілдік норма

Г.Ә. Машинбаева


gulnaznuki@mail.ru
Ә.Ә. Раимбекова
araim78@mail.ru
Түйіндеме

БАҚ-тағы қарым-қатынас сипаты соңғы 10-15 жылда қатты өзгерді. БАҚ-та бұрынғы дайындалған, стильдік тұрғыдан жетілген жинақы мәтіндердің орнына дайындалмаған, стильдік жағынан жұтаң мәтіндер де орын ала бастады. Аталған мәселеге тілші ғалымдар назар аударып, түрлі мақалалар жазып келеді.


Мақалада авторлар ақпарат құралдарының ішіндегі ең пәрмендісі болып табылатын (аудиовизуалды ақпарат құралы) теледидардың тіліндегі тілдік норманың сақталуы туралы сөз етеді. Мұнда авторлар теледидар бағдарламаларынан алынған тілдік норма бұзуға қатысты мысалдардың әрқайсысын талдап көрсете отырып, аталған кемшіліктердің теледидар тілінде болуының себептерін анықтап береді. Эфирде тілдік норманың сақталмауы жергілікті тіл ерекшеліктерін қосып сөйлеу, кейбір сөздердің қазақ тіліндегі баламасы бола тұра, орыс тіліндегі нұсқаларын қолдану, орпоэпиялық норманы бұзып сөйлеу, қарапайым лексика мен жаргон сөздерді қолдану екенін айтады.
Кілт сөздер: тілдік норма, қарапайым лексика, жергілікті тіл ерекшеліктері, тілдік норманың сақталуы, жаргондар, ауызекі сөйлеу тілі.

Аннотация
Язык СМИ сильно изменился за последние 10-15 лет. Вместо проверенных, соответствующих стилевым нормам работ, стали выходить в эфир не подготовленные тексты. Ученые-языковеды обращают внимание на указанную проблему в различных научных работах.
В данной статье авторы рассматривают проблему сохранения языковых норм в средствах массовой информации, а именно (в аудио- визуальных средствах массовой информации) в телевизионной журналистике. Проведя лингвистический анализ, авторы приводят примеры нарушения языковых норм из конкретных телевизионных программ. В эфирах были выявлены следующие нарушения языковых норм: использование просторечия, диалектов и жаргонизмов; использование слов на русском языке, вместо существующих обозначений на казахском; нарушение oрфоэпических норм
Ключевые слова: языковая норма, просторечие, региональные особенности языка, сохранение языковой нормы, жаргонизмы, разговорный язык.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет