Үстеулену – транспозицияның бір түрі. Сөздер жаңа
мән үстеп, үстеу жасай алса, онда оны сөзжасам
жүйесінде қарастыру керек. Үстеулер тілдің ұзақ даму
барысында пайда болған. Оларды қазіргі тілдік көрініс
тұрғысынан ғана үстеу деп атауға болады. Себебі түрлі
аффикстер үстеу сөз түбіріне сіңісіп, ажырамастай
күйге түскен. Жалпы түркологияда үстеу туралы
В.Н.Насилов, П.М.Мелиоранский, М.А.Казем-бек
еңбектерінде жазылған.
Қазақ
тілінде
А.Ысқақовтың,
С.Исаевтің,
Е.Саурықовтың еңбектерін атап өтуге болады.
Үстеулерге арнайы зерттеу жасаған А.Ысқақов үстеу
сөздердің заттың әрқилы қимылы мен ісінің әртүрлі
сындық, бейнелілік, мекендік, мезгілдік, шарттық,
мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін
білдіретіндігін жазады. М.Томанов үстеу сөздерді есім
сөз топтарына жатқызып, морфологиялық жағынан
үстеулердің бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді
болып отыратындығын еңбегінде келтіреді. Осындай әр
тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан
грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі тілдегі көптеген үстеулердің түбір мен
қосымшаға ажырайтыны осының айғағы. Жоғарыда
аталған еңбекте профессор М.Томанов үстеулердің
81
қалыптасуының екі түрлі жолын көрсетеді: 1) сөздердің
синтаксистік жолмен үстеуге айналуы; 2) белгілі бір
формалардың көнеріп, өз қызметі мен мәнінен ажырап
қалуы. Тіліміздегі көптеген үстеу сөздер -ша, -ше
жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: ке+ше,
бұрынғы+ша, мұн+ша, сон+ша, ескі+ше, батыр+ша т.б.
бірталай үстеулерді айтуымызға болады. Көне түркі
тілінде ан+ча, ан+та, ас+ра (биікте, жоғарыда), өзін+че,
ілгерү, бергерү түрлері молынан кездеседі. Бір ғана
ан+ча тұлғасы: Анча еріг иерге – сол аялдама жерге;
Аны көріп, анча білің - бұған қарап, мынаны біліңдер;
Анча олурыр ерміш – осылай қондырдық; Анча тіміс –
былай депті; Анча контуртымыс – осынша қондырдық;
Анча ітдіміз – осынша еттік; Анча қазғанмус, ітміс
еліміз, төрүмүз ерті – сонша иелік еткен ел-жұртымыз
осындай еді; Анчу қазғануп – біраз ұлғайтып т.б.
Жоғарыда көрсетілгендей «Күлтегін» жырында «анча»
үстеуінің осындай бірнеше мағыналары беріледі. Бұл –
Ү-ҮІІ ғасырдағы тілдің көрінісі. Демек, Орхон-Енисей
жазба ескерткіштерінің заманында үстеу сөздер
семантикалық тәсіл арқылы дамыған. Анча үстеуінің
сол, мынаны, былай, осынша, сонша, біраз секілді
мағыналары осының айғағы. Сонымен қатар «анта»
үстеуі де өте актив қолданылады және мағыналық аясы
кең. Жырда бұдан өзге «үчүн», ілгеру, курығару,
біргеру, бунча, иырғару, йағру, йана, йоқару, ілкі
(баяғы, алдыңғы), құрыйа (арттағы) сияқты көптеген
үстеу сөздерді кездестіруімізге болады.
Жалпы түркі тіліне ортақ үстеу сөз жасаушы -ча, -че
тұлғалары бар екендігі белгілі. Осы аффикстердің тегі
«шақ»есім сөзі деп ғалымдар айтып та, жазып та жүр.
Бұл тұлғалар кейбір сөздерге түбегейлі кірігіп, түбір
82 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
сөзді анықтауда қиындық туғызады. Семантикалық
тәсіл арқылы дамыған үстеудің бірі - мезгілді білдіретін
«кеше» үстеуі. Оның қазақ тіліндегі сипаты мынадай:
Кеше
1. Бүгінгі күннен бір күн бұрын өткен күн.
2. Ауыс. Таяудағы кезде, жуықтағы мезгілде
[ҚТТС].
Үстеу сөздің мағынасы – өткен мезгіл немесе кеткен
уақыт. Қазіргі тіл тұрғысынан түбір сөз ретінде
қаралады. Ал тарихи тұрғыдан келсек, шартты түрде
кеш сөзімен төркіндес. Семантикалық тәсіл арқылы
дамыған кеш сөзінің көне түркі тіліндегі мағыналары
мынадай сөздің аясына сияды.
Кеш ұзақ (долго)
Кеш (поздно)
Кеш кешіп өту
Кеш кешігу
Кеш кеш, түн [ДТС].
Көне түркі сөздігі тілдің ерте кездегі жай-күйін бере
алмайды. Сөздіктің өзінде Ү-ҮІІІ ғғ. арасындағы
ескерткіштер тілінің негізінде жасалғандығы айтылған.
Біздіңше, кеш, кеше тұлғаларының алғашқы ке – архи
түбірі Ү ғасырға дейін қолданса керек. Есте жоқ ескі
заманда -ша, -ше тұлғасын мезгілдік, шақтық мағына
бергені ғалым Б.Сағындықұлы еңбегінде айтылған. В.
Котвич, О. Бетлингктің кезінде жазып кеткен дәл
осындай пікірлерін негізге ала отырып, кеше үстеуінің
түбірі ке- етістігі де, -ше үстеу тудырушы жұрнақ деген
қорытындыға келуге болады.
Ке- түбірінде қимыл мағынасы бар. Мысалы, ке+л, ке+т,
ке+с, ке+р, ке+п т.б. Бәріне ортақ мағына субъектінің
83
предикативтілігі, қозғалысы. Ке+л, ке+т етістіктерінде
динамикалық қозғалыс бар. Ол антонимдік мағынаның
тууына себепші болады. Кету мағынасындағы ке
тұлғасы «кеше» үстеуіне негіз болған. Яғни, өткен
уақыт, кеше мағынасы туындаған. Осының негізінде ке-
етістік тұлғасы үстеуге айналып, ешқандай айырғысыз
сөз пайда болған.
Көне түркі тілінде “йана” сөзі үстеу сөз деп көрсетіледі.
Ол бүгінгі тіліміздегі жаңа, жаңадан сөздерімен
төркіндес. Түркі тіліндегі көне тұлғасы jana деп
беріледі.
Йана 1. Жаңа, қайтадан. 2. Тағы [ДТС] мағыналарымен
бірге jandru /janduru/jana - қайтадан, қайта, тағы сынды
тұлғалық өзгеріске ие сөздер көрсетілген. Сөздікті
негізге ала отырып, бұл сөздің түбірі jan - қайта оралу,
қайту мағынасы деген тұжырым жасаймыз. Қазіргі
қазақ тіліндегі «жаңа» сын есімімен байланыста қарауға
болады. «Жаңа» сөзі негіз болған «жаңадан» үстеуі
«қайта, қайтадан, тағы» үстеулерімен синонимдес
болып келеді. Ендеше, «жаңа» сын есімінің «қайтадан,
қайта» мағынасындағы jana үстеуінің де түп негізі jan-
қайту, қайта оралу қимылдық мағынасы болады.
Жаңа нәрсе әр уақытта да қайта пайда болған дүниелер
екенін ескерген жөн. Түркі тілдеріндегі үстеулену
процесін зерттеуші Е.Б.Саурықов: «йана тұлғалы үстеу
сөз көне дәуірде «қайта, қайтадан, жаңадан» мағынасын
берген. Сөздің түбірі йан – «қайту, қайтып келу»
етістігі, оған көсемшенің -а формасы қосылып йана
түріндегі үстеу қалыптасқан” – деген нақты пікір
келтіреді. Демек, «жаңадан, қайтадан» мағынасындағы
етістік сөздің негізінде үстеуленген.
84 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |