Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет14/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Еліктеуіштердің қимылдық мәнді транспозициялауы. 
Сыр – екі заттың сүйкелісі нәтижесінде пайда болатын 
дыбыс, еліктеуіш сөз. Қазіргі тілімізде сыру, сырғу, 
сырма, сырмақ т.б. сөздерге негіз болған. ҚТТС-та 


76 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
туынды 
мағынадағы 
жоғарғыдағыдай 
сөздер 
берілгенімен, түбір күйіндегі тұлғасы берілмеген. Көне 
түркі тілінде «сыр» еліктеуіш сөзі мен туынды 
мағынаны игерген тұлғалар кездеседі. 
Сыр 1. Бейн. Сырыл, шырыл. 
2. Қамыстың шулауы. 
Сыр 1. Іш босату, сару. 
2. Сыру, қабу [ҚТТС]. 
Сырыш Сыру (белгілі бір затты әрі қарай итеру 
мағынасында) [ДТС]. 
Көне түркі тіліндегі мағыналарының өзі еліктеуіш 
сөзден етістік мағынаға ауысқанын көрсетіп отыр. 
«Сырыл – шырыл» сөздерінің дыбыстық мағынасы 
иттің сырылдаған дыбыс шығаруына, саруына себепші 
негіз болған. Ал сыру, қабу мағынасында көрпенің, 
сырмақтың ішіндегі немесе бетіндегі заты сырылып 
кетпес үшін тігу процесі бейнеленген. Қазіргі қазақ 
тіліндегі “сырнай” сөзі де қамыстан жасалған аспаптың 
шығарған дыбысына негізделген. «Най» – дыбыс 
шығаратын аспаптың бір түрі, яғни сыр шығарушы 
адамның ішкі жан-дүниесіндегі шырылын 
най 
аспабымен шығару мағынасы бар. 
Сырма. зат. Темірден, яки пластмассадан жасалған, 
түйме орнына киімге пайдаланатын бұйым
Заттық мағынадағы сырманың атауы сыру қимыл 
мағынасынан пайда болған. Ал  сыру қимыл мағыналы 
сөзге оның сырылдаған дыбысы негіз болған. Осыған 
қарап, бірінші еліктеуіш сөз етістікке айналған. 
Қазіргі қазақ тілінде еліктеуіш сөздердің етістіктенуі — 
заңды құбылыс. Оны тіліміздегі мынадай деректер 


77
нақтылайды. Сыз – сыз+у, сызыл+у; сар(қ) – сар+ылдау, 
сар(қ)+ырау антонимдік мағынада сар(қ)+ылу; жар(қ) – 
жар+ылу, жар(қ)+ылдау, сү (сұғып алғандағы дыбыстың 
шығуы) – сұғу – сұғушылар (su – жауынгер, маң – маң-
маң басу, маңу (лағу, жүру) т.б. Жоғарыда көрсетілген 
етістіктенген сөздердің барлығы семантикалық тәсіл 
негізінде жасалып тұр.
Заттану – транспозицияның бір жолы. Қазақ тілінде 
бірнеше мағыналы «сап» сөзі бар.
Сап І.
зат. Пышақ, балта, қамшы, күрек т.б. сияқты 
құралдардың қолға ұстайтын жері, тұтқасы. 
Сап ІІ. 
зат. Бірінің жанына бірі тізбектеле тұратын 
қатар. 
Сап ІІІ. 
зат. көне. «Айту» деген мағынада (сөз 
саптау деген тіркесте сақталған) [ҚТТС].
Сап І сөзінен өзгесі бір семантикалық өрісте жататын 
семантикалық даму нәтижесінде конверсия жолымен 
дамыған сөздер. Қазіргі тілдегі «сап» сөзінің ортақ, өзек 
мағыналары – тізбектеу, қатарластыру, жалғастыру
Бүгінгі күндегі тіліміздегі «сап» сөзінің мағыналары 
көне түркі тіліндегі мағыналарынан алшақ кетпеген.
Sap кезек, қатар. 
Sap біріктіру, құрау секілді мағыналары болған 
[ДТС].
М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде сап 
сөзінің төмендегідей бірнеше мағынасы кездеседі: 
Саб І. Сабақтау, өткізу. 
Саб ІІ. Қағу, соғу. 


78 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Сав І. Атақ, даңқ, сыбыс. 
Сав ІІ. Хабар-ошар. 
Сав ІІІ. Мақал. 
Сав ІҮ. Қисса, баяндау. 
Сав Ү. Әңгіме. 
Сав ҮІ. Трактат. 
Сав ҮІІ. Сөз. 
Сав ҮІІІ. Жария, хабар. 
Сөздікке қарап отырсақ, тек Саб ІІ — қағу, соғу 
мағынасынан өзгесіне ортақ сөз мағынасының бар 
екеніне көз жеткіземіз. Демек, сап сөзінің сөз 
мағынасымен бір ұғымдық шекте жатқанына сөздіктегі 
мысалдар дәлел бола алады.
“Сөз саптау” қазіргі тілімізде тұрақты сөз тіркесі 
ретінде жұмсалады. Ал бұрынғы тіл тұрғысынан бұл сөз 
тіркесі екі бірдей мағыналы лексемалар болған. Уақыт 
өте келе тұрақты сөз тіркесіне айналған. Sav сөз, 
сөйлеу мағыналарымен қоса sav soz тіркесімдері де 
берілген және soz – сөз, сөйлеу мағынасының бар екені 
белгілі. Демек, sav та сөз, soz де сөз.
Тіл – қарым-қатынас құралы. Ендеше сап пен sav (сөз) 
– адамдар арасын жалғастырушы құрал. Sap – біріктіру, 
құрау қимылдық мәніне кейін барып ауысқан. 
Алғашқыда заттық мәнге ие болып, соңынан белгілі бір 
уақыт көлемінде қимыл мәніне ауысқан сөздердің бірі – 
қат. Қазіргі тілімізде бұл сөздің 4 (төрт) мағыналық 
қыры бар. 
Қат І. зат. Қабат, қатпар.
Қат ІІ. ет. Мұзға айналу, тоңу.
Қат ІІІ. ет. Кеберсу, құрғау, кебу.


79
Қат ІҮ. ет. Сұйық тағамға сүт, май, айран қосып 
араластыру [ҚТТС].
«Қат» сөзінің төрт мағынасы да бір семантикалық өрісте 
жатып, 
мағыналық 
байланыста 
семантикалық 
парадигма құрап тұр. Қабат, қатпар мағынасындағы 
«қат» өзге қимыл мағыналарына негіз болып тұр. 
Әдетте, қабат, қатпарлар жуан, қалың болатыны белгілі. 
Қабаттың жуандық мағынасы ІІ Қат – мұзға айналу
тоңу мағыналарына ауысады. Қатып, тоңған зат мұзға 
айналады, сұйықтық күйден арылады, бұл ІІІ Қат – 
кеберсу, құрғаумен уәжделіп, мағыналық байланысқа 
түседі. Ал, ІҮ қат – сұйық тағамға сүт, айран, май қосып 
араластыру мағынасы қабаттау, қосу мағынасымен, сол 
сияқты бір заттың үстіне бір затты қосып қату 
мағынасымен сәйкес келеді. Жалпы алғанда қазіргі 
қазақ тіліндегі «қат» сөзіне тән ортақ мағына – 
«қатарластыру, қабаттау, қосу» болып шығады. Тілдің 
бүгінгі көрінісіндегі «қат» сөзі мен көне түркі тіліндегі 
«қат» тұлғасында айырмашылық онша байқалмайды. 
Qat 1. Қат, қабат, рет. 2. Шыл. қатар. 
Qat Жеміс-жидек. 
Qat 1. Қатты болу, қатаю, 2. Қоюлану
Qat Араластыру, қосу.
Бұдан өзге аффикс жалғану арқылы жасалған Qata - 
қосылу; Qatayla - қатарласу; Qatyі - қатты, ауыс 
мағынасында қатал т.б. [ДТС]. Тілдің екі түрлі 
фазасында да «қат» тұлғаларының мағыналары кеңейіп, 
тарылмаған. Алғашқыда заттық мәнге ие бұл сөз біраз 
уақыт 
аралығында 
конверсияланып, 
мағыналық 
жіктеліске түсіп, транспозицияланып, етістіктенген. ІІ 
Қат – жеміс-жидек мағынасы – жеміс-жидектің көптік 


80 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
мағынасымен уәжделген, яғни қатар-қатар тізілген 
жемістің атауы – қарақат пайда болған.
Лексемалар 
транспозицияланғанда 
мағыналық 
байланыс үзілмейді, тек жаңа мағына жамайды. 
Транспозицияланған сөздің мағынасы өзге сөздер 
туындата алатын дәрежеге жеткенде ғана сөзжасамның 
нысаны ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет