часть, сердцевина, сущность» деген мағынаға тоқтайды.
Ал С.Е.Малов болса, өзге түркі тілдерінде тува – бет,
хакас – поз, ойрат – бой, шор тілінде – поз//пой түрінде
кездесетінін, кейде кенді – кіндік сөзімен байланыста
болатындығын жазады. Осы зерттеулерге қарап, алғаш
«өзек» мағынасынан тараған болар деген ой келеді. Өз,
өзек, рух, жан, адамның ішкі мүшелері, өзі сөздерінің
«өре» сөзінің мағынасымен байланысы бар екенін
Ә.Ибатов «Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан» атты
еңбегінде атап өтеді. Өрем жетпеді – миым жетпеді,
рухани дүниесі, жаны көтермеді, қабылдамады немесе
тұтас адамзат денесі, яғни өзекті қуалай өскен
бойының жетпегенін көрсетеді. «Өз» өздік есімдігінің
«өре» сөзімен байланысында бір шындықтың бары рас.
Бұл туралды айтылған Ә.Ибатов пен Ж.Сарбалаевтың
пікірлерінің жаны бар. «Өз» тұлғасының алғашқы,
бастапқы мағынасы «өзек», «тін» мағынасынан тараса
керек. Мұның өзге де мағыналарын ескере отырып,
71
оның мағыналық дамуын, транспозициялануын, есімдік
сөз табына өтуін мынадай сызба арқылы түсіндіруге
болады (М.Қашқари сөздігі негізінде):
Өз (І) өзі
Өз (Ү) адамның ішкі
мүшелері
Өз (ҮІ) Өз (ІҮ) жақын, өз адамы
Өз (ҮІІ) рух, жан
Өз (ІІІ) алқап, аңғар
М.Қашқари сөздігіндегі Өз ІІ – май және Өз ҮІІІ уақыт,
мерзім,
заман
мағыналары
өзге
тұлғаларының
мағыналарымен қабыспайды. Олар қалған мағыналас өз
тұлғаларымен омонимдік қатар құрайды. «Өз»
тұлғасының есімдіктену процесінің көзі «Өз» – атау
мағынасы, яғни «өзек» мағынасы деп есептейміз. Ал
аңғар, алқап мағыналары өзектің, әр нәрсенің бастауы
болатындығын негізге алып, өзен аңғары деген
мағынаны иемденген. Мұны өзекке суға түстік деген
мысалдан байқауға болады. Алқап туынды мағынасы
аңғар туынды мағынасынан өрбіп тұр. Демек, бұл жерде
үшінші номинация пайда болды деген сөз. Жалпы, «өз»
тұлғасының мағыналық қырларға жіктеліп дамуына
осындай сипаттама беруге болады. Профессор
М.Томанов «зат есімдердің өзіне тән сөз жасау жүйесі
бар, үстеулердің өзіне тән сөз жасау жүйесі бар. Бірақ
есімдіктерде мұндай жүйе жоқ. Жалпы бүгінгі тіл
заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден
жасалмайды», - дейді.
72 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Тіл үнемі даму үстінде, қозғалыста. Сөздердің
мағыналық дамуы уақыт арнасында бізге білінбей жүріп
жатуы мүмкін. Ал тарихи тұрғыдан есімдіктердің өзге
сөздердің негізінде жасалғандығы айқын.
Жіктеу есімдіктері – есімдіктер ішіндегі семантикалық,
грамматикалық жақтан да құрылымы күрделі есімдіктер
тобы. Қазіргі қазақ тілінде мен, сен (сіз), ол, біз сияқты
бес жіктеу есімдігі бар. Жіктеу есімдіктерінің ішінде
«біз» есімдігінің табиғаты ерекше. Бұл есімдіктің
этимологиясы
жайлы
М.Томанов:
«…жіктеу
есімдіктерінің жекеше
және
көпше
түрлерінің
арасындағы айырмашылық тек қана соңғы -н (жекеше),
-з (көпше) элементтері екенін көреміз». Ғалымның осы
пікірінің
дұрыстығына
өзге
тілдердегі
жіктеу
есімдіктерін салыстырғанда көзіміз жетеді.
«Біз – жіктеу есімдігінің бірінші жағының ортақ түрі»
деген анықтама қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
берілген. Тарихи тұрғыдан -быз, -біз, -мыз, -міз
тұлғалары жіктік жалғауы болып қалыптасып кеткені
А.Н.Баскаков,
Н.А.Кононов,
А.М.Щербак,
Б.А.Серебренников,
Б.Сағындықұлы
еңбектерінде
айтылып жүр. «Біз» есімдігі туралы Н.А.Баскаков:
«формы типа «бизлер – мы», которая употребляется
паралелльно с «биз – мы» в тех случаях, когда
говорящие
хотят
подчеркнуть
изолированность,
особеность группы, которую они составляют» деген
шындыққа
жанасымды
пікір
келтіреді.
Ал
Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиева «біз» сөзінің көне
формасы «пиз» деген болжау айтады. Әрі қарай:
«Окончание –из один из древних тюркских аффиксов
собирательной множественности. Архетипный и
закономерно отражается в тюркских языках: тур. биз,
73
тат. біз, каз. біз и т.д.» деген жаңа пікір айтады. Сонда –
Достарыңызбен бөлісу: |