Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет34/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған өре – өре – өре 
сөздерінің мағыналық құрылымы мен уәжділігі
Өр І сөзінің «биіктік» мағынасы негізінде уәжделген, 
семантикалық тәсіл арқылы жасалған өре 1) ағаштан 
жасалған биік сәкі, 2) шама-шарқ, мүмкіндік: өресі 
жетпеу, ойлау дәрежесінің төмендігі мағыналы 
сөздердің мынадай сөзжасамдық тізбегін жасауымызға 
болады: өрелес-қатарлас, өрелі – кең көлемді, ауқымды, 
өресіз – өресі тар, білімсіз, өрелік-биіктік, ой тереңдігі, 
өрен- алға, жоғарыға ұмтылып, өсіп келе жатқан 
жеткіншек, өркеш – өркеш-өркеш бұлттар, өркеш-


148 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
өркеш толқындар деген тіркесте кездеседі. Сонымен 
бірге белгілі бір затты өру семасынан тараған өре 
сөзінің де генетикалық мағыналық байланысы бар. 
ҚТТС-та берілген  өре сөзінің семалық сипаттары  өр 
сөзімен 
генетикалық-семантикалық 
бірлікте 
болатындығына айқын дәлел.
Өре І. Зат. 1. Құрт, ірімшік кептіру үшін ағаштан 
жасалған биік сәкі. 2. Ауыс. Шама-шарқ, мүмкіндік. 
Өресі жетпеді – ой-өресі, білім деңгейі жетпеді. 
Өре ІІ. Зат. Жылқының алдыңғы аяқтарын шалып 
байлау әдісі және сол әдіспен байланған жіп. Сөздің бұл 
мағынасын тіліміздегі  өре салды тіркесімен салыстыра 
қарауымызға болады. Алғашқы Өре І сөзінің тура және 
ауыспалы 
мағыналарының 
сондай-ақ 
тұрақты 
қалыптасқан 
мағыналарының 
арасында 
өзара 
мағыналық ұқсастық бар екенін аңғарамыз. Мұндағы 
Өре І сөзінен екі мағыналық деңгей байқалады: бірінші 
– биіктік мағынасы болса (биік сәкі, яғни құрт жаятын 
себет жоғарыда, бала қолы жетпейтін жерде тұрады), 
екіншісі – өру мағынасы: өре – қамыстан, сәмбі талдың 
шыбығынан өріліп жасалатындығы уәж болған: биіктік 
мағынасы нәтижесінде пайда болған ауыспалы 
мағынадағы шама-шарқ, мүмкіндік пен ой-өріс, білім 
деңгейінің жетіспеуі. Осы жерде көз алдымызға 
мынадай сурет келеді: Құрт жаятын өре (1) биікте 
болады. Құртты, ірімшікті алуға адамның бойы 
жетпейді, яғни (2) өресі жетпейді, себебі оның бойы 
аласа, (3) мүмкіндігі жоқ, шамасы келмейді.
Өре І сөзіндегі биіктік бағытында дамыса, Өре ІІ 
мағыналы сөз өру қимылдық мағынасы арқылы сөз 
жасап тұр, демек өрілген жіп  өре деп аталса, өрілген 


149
жіппен аттың аяғын тұсау – өре салу деп аталады. 
Айналадағы бізді қоршаған ортадағы суреттің бәрі 
көңілдің түкпіріндегі көрікті ой негізінде сырлы, 
сипатты сөзге айналады. Сонымен семантикалық тәсіл 
арқылы дамыған өре - өре - өре сөздері ортақ 
мағыналық тұтастықта.
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған өрлік - өрлік 
сөзжасамдық жұбы. 
«Өрлік – үйдің төбесін жабу үшін пайдаланылатын 
арқалық ағаш». Өр І сөзінің «биік жер» және «жоғарғы 
нысана», «мақсат» мағыналық қырларының өзінен 
оннан аса семалар адам танымының нәтижесінде пайда 
болған. Биіктік мағынасы себепші негіз болып, 
ештеңеден қорықпайтын, ықпайтын, тек алға, биікке 
ұмтылған адамның мінез-құлқына қарап өжет, батыл, өр 
мінезді адамның қасиетін атайтын анықтауыштық 
мағынасындағы сөз туған. Бұл сөздің өзге сөздерге уәж 
болуындағы күш-қуатын байқатады.
«Өр» сөзінің өжет батыл мағынасына қарама-қарсы 
«өркөкірек» мағыналы «өр» сөзінің уәжделуіне
алғашқы «жоғарылық, биіктік» мағынасы себепші негіз 
болған. Көкіректі керіп, тұмсығын көкке көтеріп 
жүретін адамдардың қасиетін атау үшін лайықталып 
айтылған сөз. Алғашқы биіктік мағынасы «өркөкірек» 
сөзіне уәждік қызмет атқарып тұр. Өр І көпмағыналы 
сөзінің негізінде пайда болған, уәжделген сөздердің 
жалпы сипаты осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет