Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет36/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
Өрім  өрім сөзжасамдық жұбы. 
Өрім зат. 1. Жұмырлап өрілген таспа – денотаттық 
мағына. 2. Тарам-тарам қылып өрген шаш, бұрым. 
Көкөрім – денотаттық мағына. Өрімдей жас (өрімдей 
жас, өрілген зат құсап ұзарып өсіп келе жатқан 
жеткіншек) – денотаттық мағына. 
Өрім-өрім. Сын. Жұлма-жұлма, дал-дұл, пәре-пәре. Бұл 
мағынаға тал-тал, өрім-өрім болып, өрілген шаштың 
көрінісі уәж болған – сигнификаттық мағына. 
Өрімтал сын. Сөйл. Өрімдей, жап-жас – сигнификаттық 
мағына. 
Өрімші зат. Өрудің маманы, өре білетін адам [ҚТТС]. 
Түркі сөздерінің үлкен сөздігін жасаған түрколог ғалым 
В.В.Радлов Өр ІІІ сөзінен уәжделген мынадай мағыналы 
сөздер таратады: 
Өр - өру; өрке – пряжа (өрілген жіп); өре – 
жылқылардың аяғын байлайтын жіп; өреле – жіппен 
байлау; өрмөкшү – өрмекші; өру – арқан, бұрым, 
арқанмен қоршалған мал тұратын жай; өрүк – жылқыны 
тұсауға арналған жіп; өрүг – өрілген шаш; өрүм – 
тоқылған мата; өрүм – бурав (бұл бұрау, бұрымнан 
шыққаны айқын болып тұр); өрімші – өрмек тоқушы 
адам; өрүмшек – өрмекші өрмегі; өр – өр, биік, жоғары; 


153
өре – жылқының аяғын байлайтын жіп; өреле – байла; 
өрік – өрілген шаш, жіп; өрім – бұрым, арқан; өрмекші – 
өрмекші; өркен – арқан.
Өр – шашты өру мен Өр – арқанды өру сөздері 
көпмағыналы сөз. Ал дауысты дыбыстар сәйкестігі 
арқылы Өр ~ ар+қан түбірлерінің де тектестігі айқын 
құбылыс. Өрім ~ бұрым параллель сөздеріндегі 
ұқсастық пен ондағы б – протеза-қыстырма дыбыс 
екендігін ғалым Б.Сағындықұлы өз еңбегінде атап өткен 
болатын. Сондай-ақ пұрым-пұрымы шығыпты 
тіркесіндегі пұрым сөзі тарамдалу мағынасын береді. 
Бұрым ~пұрым сөздерінің түп-төркіні бір. Мұны ғалым 
А.Б.Салқынбай б ~ п сөзжасамдық қалыптары арқылы 
түсіндіреді. Бұған қарап алғашқы көне түркі 
тілдеріндегі Өр сөзінің мағыналары мен қазіргі қазақ 
тіліндегі Өр сөздерінің мағыналарының арасында 
құрылымдық, мағыналық айырмашылық жоқ деп 
пайымдауымызға болады. 
Мына бір сөздің табиғаты қызық. Өрнек сөзі, біздіңше, 
өрмек сөзінің уәждеуі нәтижесінде пайда болса керек. 
Өрмек алаша, басқұр, шекпен тоқу үшін екі басы 
қазыққа керіліп, желісі жерге қатар тартылған, иірілген 
жіптер шумағы болса, соған өріліп салынған ою-өрнек 
деп аталған. Алашаға салынған өрнек пен оюдың түрлі 
формада болып өрнектелуі, сонымен қатар оюланған 
өрнек үзілмей өріліп, бір-бірімен астаса келіп 
уәжделген.
Заттың ерекше көзге көрініп тұрған белгісі және сол 
белгі өте қажетті деп танылған жағдайда жаңа 
номинация пайда болады. Таным қай белгіні қажет деп 
бағаласа, сол номинативтік белгі негізінде атау 


154 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
қалыптасады. Сондықтан номинативтік белгілерді 
тілдік уәжділік таңба ретінде бағалаймыз. Өрнек сөзі 
үшін тілдік уәжділік белгі өрмектің (алашаның, 
басқұрдың) оюланып, өрнектеліп тоқылуы болғанын 
аңғару қиын емес. Дегенмен, өр тұлғасынан тараған 
сөздердің 
шешімі 
күрделілеу. 
Өзге 
сөздердің 
мағыналық даму жүйесі секілді бұл сөздер бір-бірімен 
байланысты және бір-біріне тәуелді. Өр сөзінің 
мағыналық даму эволюциясын анықтауда дамудың 
түрлі жолдарына кездестік. Әр сөздің дамуында өзінің 
даму жолы мен жөні болғандығын байқаймыз.
Сөйтіп сөз – болмыстағы құбылыстарды, заттарды, 
олардың қасиеттерін атайтын негізгі құрылымдық-
семантикалық тіл бірлігі. Тілдегі фактілерді қатаң түрде 
бөліп алып, жеке қарастыруға болмайды. Себебі сөздің 
де өзінің өмір сүру фазалары болады. Сөзден сөз туады, 
жаңа туған сөз дамып, жетіліп өзге сөздердің тууына 
уәж болады. Міне осындай жағдайлар тілдегі сөздердің 
тұтастығын дәлелдейді. Демек, туынды сөз өзін негіздеп 
тұрған атаудың мағынасы арқылы негізделеді. Ерекше 
мағыналық атауларға жіктеледі. Ендеше сөз әр уақытта 
мағыналық, тұлғалық дамуда болады деп бағамдаймыз.
Уәждеме теориясы затты, құбылысты, белгіні, қимылды 
атай отырып, олардың арасындағы қарым-қатынасты
көрсетеді. Біз, әдетте, уәжделу үрдісінде белгілеуші 
затқа – ат беретін нысанға ғана көңіл аударып, 
белгіленуші затқа – аталатын нысанға мән бере 
қоймаймыз. Аталатын нысан ат беретін нысанның 
негізінде 
уәжделіп 
жасалды 
деп 
ойлаймыз. 
Шындығында, белгілеуші таңбада да, белгіленуші 
таңбада да екі бірдей ұқсастық, екі бірдей пайымдаудың 
бар екендігі айқын. Біз сөзді тани отырып, оның 


155
мағынасын білеміз. Ал мағына көпқырлы единицаны 
тануға мүмкіндік береді. 
Туынды сөздерді уәждемелік талдау, анықтаудың 
өзіндік жолдары бар: 
– олардың аналогиялық жолмен жасалуын; 
– олардың семантикасының жүйелілік сипатын;
– туынды сөздердің мағыналық құрылымының қайнар 
көздерін айқындау қажет. 
Уәждеме 
жолымен 
жасалған 
туынды 
сөздер 
сөзжасамдық қатар құрайтын аналогиялық мағыналық 
құрылымдағы сөздер саналады. Туынды сөздердің 
мағыналық 
құрылымында 
екі 
нәрсе 
бір-біріне 
пропорционал болады. Бірінші – уәждеуші тұлғаның 
мағынасы, екінші – уәжделген тұлғаның мағынасы. 
Екеуінің мағыналары бір-біріне жақын, сонымен бірге 
айырмашылық та болады. Уәждеуші тұлға уәжделген 
тұлғаның формасын өзгертіп қана қоймай, мағынасында 
да ерекшелік туғызады. Уәждеуші тұлғаның мағынасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет