Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы


Түркі тілдеріндегі сөзжасамдық үдерістер мен



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ТҮРКІ-ТІЛДЕРІНДЕГІ-СӨЗЖАСАМДЫҚ-ҮДЕРІСТЕР

Түркі тілдеріндегі сөзжасамдық үдерістер мен 
номинация 
теориясының арақатынасы 
Сөздің тілдік қызметін, табиғаты мен қыр-сырын ашу 
барысында номинация теориясына соқпай өту мүмкін 
емес. Өйткені зат, ұғым және атау – бір-бірінен 
ажырамас сөз жасаудағы бөлшектер. Атауға анықтама 
бермес бұрын оның тілдік таңбалармен байланысы бар 
екенін нақтылау қажет болады. Номинацияның шындық 
болмысқа 
қатыстылығын 
адамның 
танымдық 
тұрғысынан қарастыра аламыз. Атау сөздердің 
мағынасы ономасиологиялық аспектіден қарағанда 
таңбаның алғашқы танымдық пішінімен астасып 
жатады. Алғашқы танымдық пішін адам санасында 
бейнеленіп, ұғым арқылы мазмұндық мәнге байып, 
мағыналар 
шоғырын 
жасақтайды. 
Мағыналар 
шоғырында атаулық мағына нақты мағыналармен бірге 
абстрактілі және арнайы семалар қатар өріліп отырады. 
Номинативті атаулар заттың таңбалық бейнесімен, 
заттың түрлі ерекшеліктерімен байланысты. Нақты зат 
атаулары таңбаны атап көрсетеді. Абстрактілі атаулар 
нақты таңбалардың атауы негізінде астастырыла 
беріледі. Ал заттың түрлі белгілері, атаулары заттың 
ерекшелігін 
ажыратып 
көрсетеді. 
Қимылдық 
атаулардың зат атауларымен сәйкестігі заттың қимыл-
қозғалысқа, әрекетке түскендегі ерекшеліктерімен 
байланысты, соған қатысты болады. Қатыстық 
атаулардың 
сигнификаты 
заттың 
бір-біріне 
қатыстылығы, жай-күйі, процесі саналады. Бұл 
категориялардың нақтылануы, жіктелуі, нақты бір 
қимылдың аталуы референция арқылы іске асады. Зат 
пен олардың белгілерінің, қимылының арасында 


172 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
семантикалық сәйкестік бар, олар бірін-бірі уәждейді. 
Осындай барлық сәйкестіктерді адам баласы тани 
отырып, оларға атау береді. Атаулардың пайда 
болуында уақыт факторының атқаратын қызметі ерекше 
деп саналады.
Тіл болмысты бейнелейді. Шындық болмыс әр уақытта 
таным 
нәтижесінде 
пайда 
болатын 
ұғыммен 
байланысты. Ұғым – жалпы адамзаттық категория, ол – 
зат туралы ой, оның жалпы және көзге айқынырақ 
білінетін белгілері. Ал сөз мағынасы – тіл жүйесіндегі 
категория. Демек, осы жерден ұғым мен мағынаның 
ара-жігі ашылады. Орыс ғалымы Н.А.Слюсарева 
зерттеу мақаласында лингвистикалық семантиканы 
философия, логика, психология құрамындағы бейне 
семантикасынан бөліп алып қарауға болмайтындығын 
айта келіп: «Совокупность объектов лингвистической 
семантики – слова каждого конкретного языка и их 
сочетания с номинативным значением, рассмотренные 
с содержательной стороны. Семантика отражения 
должна заниматься, по нашему мнению, возможностью 
отражения в сознании особенностей реального мира, 
как основы познания, не будучи связанной данными 
определенных языков…», – деп жазды.
Мұндай ойға қарама-қарсы пікірді «Этимологический 
словарь русского языка» сөздігінің авторы М.Фасмер 
жоққа шығарады. Сөздікті жасап болғаннан кейін: 
«Если бы мне пришлось начать работу снова, я уделял 
бы больше внимания семасиологической стороне», – 
деп жазған болатын. Міне, бұл мағынаны тілден немесе 
сөзден алшақ алып қарауға болмайтынының айқын 
дәлелі, сондай-ақ сөздік жасауда (кез келген сөздікті 
жасауда) мағынаның үлкен роль атқаратынын көрсетеді.


173
Мағына ерекше гносеологиялық аспектіде қарастырылу 
керек. Сөз мағынасы – бізді қоршаған ортадағы заттар 
мен құбылыстардың дыбыстық атауы ғана емес, 
бейненің де ұғымдық, мазмұндық жиынтығы. Осыдан 
бізді қоршаған орта бейнелерінің атауына тереңірек мән 
беру керектігі байқалады. Сөздің мағыналық қырлары 
мен олардың арасындағы мағыналық қатынастар бір-
бірімен тығыз байланысты және бір арнаға тоғысады. 
Өйткені оларды архисема негізінде тараған ортақ 
семалар жалғастырып тұрады. Мұны кейінгі кезде қазақ 
ғалымдары өз зерттеулерінің негізгі өзегі етіп алып жүр. 
Орыс тіл білімінде номинация теориясы кеңінен зерттеу 
нысанына айналған. Атаудың жасалу жолдарының 
көптүрлілігі авторлардың зерттеуіне арқау болған. 
Мысалы В.Н. Телия қосымша, үстеме коннотациялық 
мағына туралы кең түрде сөз етеді; біріншілік, екіншілік 
номинация туралы А.А.Уфимцева зерттесе; атау, 
референт, 
мағына 
арасындағы 
байланысты 
Н.Д.Арутюнова қарастырды; атау жасаудағы ұғымды 
коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік тұрғыдан 
зерттеуді Э.Д.Сулейменова жасады. Бұл ғалымдардан 
өзге 
Е.С.Маслова-Лошанская, 
Г.В.Колшанский, 
Н.И.Мигирин, В.М.Никитевич сынды ғалымдар атау 
жасау теориясына қатысты ойларын ортаға салды.
Мәселе өте өзекті, бірақ пікірлер әр түрлі. Сөз 
табиғатын, қолданылу аясын, зат атауын, ұғымды тану 
жолындағы лингвистиканың ономасиология саласы 
өткен ғасырдың 60-70 жылдарда бой көтерді. Алғашқы 
номинация мен туынды номинацияның жасалу 
механизміне анықтама беріп, бағамдау алға қойылды.


174 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Табиғаттағы заттар мен құбылыстарды лексикалық 
бірліктер мен атауды орыс ғалымы А.А.Уфимцева 
лингвосемиотикалық негізге сүйене отырып белгілейді: 
– таңбалық жүйедегі табиғи тіл екі жақты құрылымдық 
бірліктерден тұрады: а) алғашқы номинация; ә) 
екіншілік номинация. 
– сондай-ақ, адамзат тілі заттық-ұғымдық күрделі бейне 
ретінде шынайы болмыстың бейнесі мен атауынан 
құралады; 
– шынайы болмыстың психо-физиологиялық негізі – сөз 
болмыстың екінші сигналдық жүйесі болып табылады. 
Демек, болмыс – табиғи шынайы құбылыс: ол 
біріншілік мәнге ие де, оған атау беру, сөз – екінші 
жағдай –екіншілік мәнге ие. Бұл тұрғыдан алғанда, тіл 
мен шынайы табиғат арасындағы байланыстың сатылы 
түрде жүретіндігі көрінеді. Ономасиология атау мен 
олардың пайда болу, қалыптасу жолдарын, кез келген 
деңгейдегі номинациялық единицаның генезисін 
анықтауда ерекше роль атқарады. Оның негізгі зерттеу 
нысаны – номинативті таңбалар, олардың қоғам арқылы 
қабылдануы, жасалуы. Әрбір сөзжасамдық акт – 
номинативті акт. Ономасиология номинация (атау) 
теориясын қарастыра отырып, этимология, фразажасау 
механизмін де өз құрамында зерттейді. Атау жасау 
ғылымындағы ең маңызды нәрсе – номинативті 
бірліктердің 
классификациясы. 
Оның 
мынадай 
жіктелістері тіл білімінде белгілі: 
таңбаның бүтіндігі (нерасчлененность) мағынасы мен 
бөлшектігі мағынасы; 
таңбаның бір сөзден тұратындығы мен бірнеше сөзден 
тұратындығы; 


175
таңбаның предикаттығы мен предикаттық емесі (немесе 
атау мәнге ие болуы). 
Ең бірінші, таңба – бүтін бірлік. Ол толық, ерекшелігі, 
қызметі бар, өзіне тән белгілерге бай бүтін бірлік 
ретінде қарастырылады. Екінші, таңбаның бүтіндігін 
құрайтын бірліктер бүтіннің бөлшегі ретінде қызмет 
атқарады, Бүтінге тән бөлшектер мағыналар шоғырын 
құрайды. Әрбір мағыналар шоғыры жинақталып, атау 
құрады. Сөйтіп жалпыдан жекеге қарай, жекеден 
жалпыға қарай сатылап айналым жасап, аталымның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет