Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
бөлшектерін 
ажыратын 
алдық. 
Үшінші, 
әрбір 
мағыналар шоғыры жинақталып, жаңа атау тудырды. 


180 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Міне, осылай аталымның жасалу сақинасы пайда 
болды. 
Теориялық ономасиологияда әр классификацияның сөз 
жасаудағы, 
сондай-ақ 
номинативті 
таңбалардың 
ерекшелігін, 
өзгешелігін 
анықтаудағы 
қызметін 
айрықша атап өтуімізге болады. Сөз мағынасының 
дамуында жаңа мағыналы жаңа сөздердің тууы, тағы да 
жаңа мағыналы, бірақ жаңа сөз туындамауы да, 
бұрынғыша сол сөзбен аталуы мүмкін. Сонымен бірге 
жаңа номинацияға ие болып отырған зат өзгеше болуы 
ықтимал. Мұндай проблемалар тура және жанама 
номинацияны танудың көзі болып табылады.
Номинация ерекшелігін коммуникация процесінен тыс 
алып қарастыра алмаймыз. Себебі атау дегеніміз – сөз, 
ал сөз – коммуникация құралы. Тілдік номинацияның 
лингво-гносеологиялық негіздеріне тоқталған ғалым 
Г.В.Колшанский: «Номинация есть закрепление за 
языковым знаком понятия – сигнификата, отражающего 
определенные признаки денотата – свойства, количества 
и духовной сферы, благодаря чему языковые единицы 
образуют 
содержательные 
элементы 
вербальной 
коммуникации,» – деп танып, пікірін айтқан болатын.
Қазақ тіл білімінде номинация туралы арнайы 
жазылған, теорияның өзектілігін баса 
айтатын 
зерттеулер жеткілікті емес. Соңғы он жыл көлемінде
шыққан еңбектерде Л.К.Жаналина, А.Б.Салқынбай, 
Б.Қасым, Б.Момынова теорияның өзекті мәселелерін 
көтерген. 
Бізді қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар, 
олардың қасиеті мен қызметі, түр-түсі, ерекшеліктері 
адамның ойлауына, түсінігіне, танымына, талғамына 


181
әсер етіп, санада материалдық және ұғымдық көрініс 
ретінде бейнеленеді.
Зат – бізді қоршаған ортадағы әрбір көзге көрініп тұрған 
және көзге көрінбейтін құбылыстар. Оларға түр, түс, 
қимыл, қасиет, қызмет, сапа, сан, көлем сияқты 
ерекшеліктер тән. 
Ұғым – логикалық категория. Ол заттардың қасиеттерін 
түйсік, қабылдау, елестету арқылы адам санасында 
бейнелейді. Ұғым нәтижесінде атау пайда болады. 
Атау – заттың қасиеттері ұғым арқылы санаға сәуле 
түсіріп барып туындаған бейненің дыбыстар тіркесімі. 
Тілдің лингвосемиотикалық негізі реалия (таңба немесе 
зат), ұғым (ойлау), атау (зат пен ұғымның атауы, сөз) 
атты дәстүрлі үштік қатынас пайда болады.
Үш сатыдан өту арқылы жасалатын сөздің номинативтік 
сипаты жайлы, номинация теориясының өзектілігін баса 
айтқан ғалым А.Б.Салқынбай: «Номинация теориясы 
тұрғысынан сөзжасамдық процестердің орындалу жолы 
мен жүйесін, оның объективті шындыққа қатысын 
анықтаудың» қажеттілігіне назар аударады.
Қазақ тіліндегі сөзжасамның лексика-семантикалық 
тәсілінің номинативтік сипатын анықтау – күрделі 
процесс. Бұл процесті анықтау үшін конверсия 
құбылысының табиғатын, жүйесін, жасалу жолдарын 
айқындау қажет. Конверсиялық құбылысты бағамдауда 
номинация теориясы маңызды роль атқарады. Осының 
нәтижесінде сөзжасам номинация теориясының негізгі 
мәселесі саналады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам 
саласында 
туынды 
атаулар 
дәстүрлі 
түрде 
семантикалық тәсілдерге сай пайда болады. Демек, 


182 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
фонетика-семантикалық, 
лексика-семантикалық, 
синтетикалық, 
аналитикалық 
жолдармен 
жасалатындықтан номинация теориясының алар орны 
мен атқаратын қызметі күрделі болып келеді. Түрлі 
семаларды игерген атауды тереңірек зерттеп, тарихи-
семантикалық 
аспектіден 
қарастырмайынша, 
архисемасын табу мүмкін емес. Ең көне тұлғаның 
макросемасы – архисеманы айқындап тану үшін 
семантикалық аспект, ретроспективті, салыстырмалы-
тарихи әдісті, лингвомәдени, психолингвистикалық 
аспектілерді қолдану қажет. Қазақ тіл білімінде сөз 
мағынасының кеңеюі, тарылуы, жаңа атаудың жасалуы 
жолындағы 
сөздердің 
түрлі 
мағыналық 
реңк 
алатындығын, сөйтіп түрлі бағалауыштық қасиетке ие 
болатындығын ғалым Б.Қ.Момынова былай көрсетеді: 
«Бай бай қанаушы, бай демеуші, меценат = оң
теріс оң. Лексикада бұрыннан келе жатқан, о бастағы 
бағалауыштығынан 
айрылып, 
жаңадан 
басқаша 
сарындағы қасиетті иеленетін сөздер кездесіп жатады. 
Мұндай сөздер лексикалық қорда көп, сондай-ақ қоғам 
мен саясатты танытатын сөздер тобында да аз емес». 
Табиғатта құбылыстар өте көп. Адам баласы заттарға, 
құбылыстарға атау бергенде олардың бір-біріне 
ұқсастығын 
атқаратын 
қызметіне, 
түр-сипатына, 
қимылына қарай көп ерекшеліктерінің бірін негізге 
алып жаңа сөз тудырады. Денотаттың басты деген 
белгілері адам санасында ұғым, түсінік қалыптастырып, 
атау жасауға негіз болады. Тілдегі номинация теориясы 
жайлы әңгіме қозғағанда адам танымының дамуын, 
өзгеруін қоса сөз еткен мақұл. Түрлі тілдік 
құбылыстарды 
зерттегенде 
тіл 
білімінің 
психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдени 


183
аспектілері 
– 
аралық 
салалар 
көмектеседі. 
Конверсияланған сөздердің мағыналық құрылымы 
тізбектеліп, белгілі бір қатар құрайды. Тізбектің өн 
бойында ортақ сема өріліп отырады. Мұндай сөздер –
көпмағыналылылық негізінде туындаған номинативті 
таңбалар. Олар адам танымының қатпарларында пайда 
болып, дамып, өсіп, жетіледі. Жекеден жалпыға қарай, 
керісінше, жалпыдан жекеге қарай сатылап өсіп 
отырады. Қазіргі тіліміздегі әр түрлі семалы 
көпмағыналы сөздердің мәнін сөзжасам саласында аша 
аламыз.
Б.Қалиев пен А.Жылқыбаеваның пікірлерінше: «Көп 
мағыналылықты дұрыс шешкісі келген адам бірінші 
кезекте сөз мағыналары (негізгі, тура, ауыс) мен 
олардың 
мағыналық 
реңктерін 
және 
төлиелік 
(авторлық) қолданыстарды бір-бірінен ажырата, айыра 
білулері қажет»,- деп санайды. Көпмағыналылық 
концепциясы лексикалық мағыналардың ұйымдасуынан 
пайда болады. Тілдік фактілердің табиғатын түсіндіруге 
талпына 
отырып, 
көпмағыналы 
сөздердің 
сыңарларының 
мағыналарының 
байланыстылығын 
ашуға ұмтыламыз. Алғашқы мағынаның шартты түрде 
екінші бір затқа тәуелді екенін ұғына отырып, олардың 
арасындағы ерекшеліктерді жай-күй процестерінің 
ұғымдық, таңбалық жақындығын көреміз. Қарапайым 
ғана бір мысал – кәдімгі мектеп тақтасы – тақтайдан 
жасалған соң, материалдық ерекшелігіне сай «тақта» 
деген атауға уәж болған. Бұл жағдайда алғашқы және 
екінші мағыналы сөздер үшінші, төртінші мағыналарды 
туындатуға негіз болады. Затты, құбылысты көргенде 
оның алғашқы затпен, құбылыспен ұқсастығы бар 


184 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
екенін байқаймыз. Көпмағыналы сөздердің мынадай 
типтерін көрсетуімізге болады:
1) 
тармақталған 
көпмағыналылық 
(радиальная 
полисемия) – барлық мағыналары ортақ мағынадан 
таралған, уәжделген сөз;
2) 
тізбектелген 
көпмағыналылық 
(цепочечная 
полисемия) – бірінші типтегі секілді ортақ мағынадан 
тарамай, тізбектеліп уәжделетін сөз;
3) 
тармақталған-тізбектелген 
көпмағыналылық 
(радиально-цепочечная полисемия) – көпмағыналы 
сөздердің дамуындағы дәстүрлі жағдайлардың бірі.
Тізбектелген полисемия түсіндірмелі сөздіктерде 
1,2,3… деген ретпен беріледі. Көпмағыналы сөздердің 
тура 
және 
жанама 
түрлерінің 
арасындағы 
айырмашылықты 
байқау 
керек. 
Тура 
көпмағыналылықта – екі мағынаның туыстығы алғашқы 
семантикалық сипаттамадан көрінеді. Мысалы, өну – 
дәннің өнуі; өну – адамның өсіп-өнуі. Ал жанама 
көпмағыналылықта мағыналардың туыстығы түрлі 
мысалдар мен метафоралық, метонимиялық жолмен 
мағыналық дамуға түскен сөздер арқылы түсіндіріледі.
Конверсиялық сөзжасамның мағыналық құрылымын сөз 
еткенде көпмағыналық пен омонимия туралы сөз қозғау 
заңды. Конверсиялану кезіндегі көпмағыналылық пен 
омонимияны зерттеу – жекеден жалпыға қарай сатылап 
дамыған сөзді, мағынаны, керісінше, жалпыдан жекеге 
қарай қарастыруға мүмкіндік береді. Көпмағыналылық 
пен омонимия құбылысы тілдің бір бөлшегі ретінде 
дүние жүзі тілдерінің бәріне тән. Өйткені, тіл – адам 
санасының жемісі. 


185
Қазақтың алғашқы лингвистерінің бірі С.Аманжолов 
1941 
жылы 
«Пионер» 
журналында 
жазған 
«Көпмағыналылық және бір түбірдің бірнешеге 
жарылуы» атты мақаласында: «Әуелде қай халықтың 
болса да тілі кедей болған. Сондықтан, әр сөздің көп 
мағынасы болатын. Бұл көпмағыналылықтың қалдығы 
қай тілде болса да бар», – деп жазады.
Жалпы адамзат баласының танымына, ой-өрісінің 
дамуына тән нәрсе – адам көзбен көріп қолмен ұстаған 
нәрсесін ұқсас белгілеріне сәйкес атайды. Бұл – 
психологиялық тілдік құбылыс. Біз зерттеп отырған тіл 
адам тілі екенін ескерсек, сөздер алғашында бір семаны 
игерген де, адам танымының кеңеюі нәтижесінде 
уәжделу, абстракциялану, ассосациялану, аналогия 
арқылы мағыналық байланысқа ие жаңа мағыналы 
сөздер туған. Омонимия мен көпмағыналылықтың ара-
жігін ажыратып тұратын мынадай критерийлері бар:
– көпмағыналылық пен омонимия екі түрлі категорияда 
жатыр;
– көпмағыналы сөздер бір сөзжасамдық топқа жатады 
да, омоним сөздерде сөзжасамдық топ болмайды. 
Осындай критерийлерімен қоса екеуінің арақатынасын 
анықтайтын бірден-бір фактор – типологиялық талдау, 
түсіндіру деп есептеледі.
Мағыналық байланысы бар, өзек семасы айқын сөздерді 
көпмағыналы сөздерден ажыратып, олардың омоним 
сөздерден айырмашылығын байқау үшін қазақ тіліндегі 
атаулық, қимылдық мағынаға ие ой сөзіне сөзжасамдық 
талдау жасап көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет