Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет44/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Ой ~ ой ~ ой ~ ой сөздерінің семантикалық тәсіл 
арқылы дамуы және номинативтілігі


186 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Ой І атау мағынасында – адамның ойы, сондай-ақ Ой ІІ 
– ой жер, сай жер мағыналары. Бұл екеуі қазіргі қазақ 
тілінде омоним сөз ретінде танылып жүр. Ал қимылдық 
мәндегі Ой ІІІ – бір нәрсенің орнын үңірейту, мысалы 
көзді ой [ҚТТС]. “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” 
осындай үш мағынасы берілген. Негізінен, омонимдік 
қатарды (конверсиялық парадигма) есім-етістік негізді 
түбірлер жасаған. Е.З.Қажыбековтің еңбегінде де ой 
сөзінің үш мағынасы берілгенмен, бір мағынасы қазіргі 
тіліміздегі мағыналарынан өзгешелеу:
Oj І – ойын – ойнау. Көне түркі тіліндегі дериваттармен 
салыстырып қарасақ, ojna – ойын – жақсы көңіл-күйде 
болу, көңіл көтеру; Е.З.Қажыбековтің пікірінше, 
мағыналық жақындықтары үзілмеген, екі гетерогенді 
омонимдердің коннотациясына сәйкес келіп тұр. Ой І 
есімді коррелят ojan – ояу болу, ұйқыдан тұру, өзіне өзі 
келу мағынасындағы ojan-ға дәл келіп тұр. Сонда І ojan
– ойын – ojan – ояу болу – oj – ой, ақыл, ес бұдан ақыл, 
естің нәтижесінде ойлау пайда болады. ІІ ojan < ojіn 
ойын < oj ойын – ойнау мағыналарына сәйкес келеді. 
Бұл талдаудан «ойдың» біз білмейтін жаңа қыры 
“ойын” мағынасымен де қатысы бар екеніне көз 
жеткіздік. Сөзжасамдық мағыналарының бір-бірінен 
ажырамағанын көреміз.
Оі ІІ бір нәрсенің орнын үңірейту мағынасы 
Э.В.Севортянның ЭСТЯ-сында помещать, укладывать, 
поселять деп көрсетіліп, «населенное место» является, 
несомненно развитием “долбить” – ложбина, выемка 
деп берілген. Бірақ мұны Е.З.Қажыбеков есімді-етістікті 
корреляттардың өзексемасы жоғалмаған омоним деп 
қарастырып, 
сары 
ұйғыр 
тіліндегі 
жекелеген 
омонимдерге шартты түрде апарып тіркестіреді.


187
Oj ІІІ. зат есім. Oj – ой, терең ойлау. ЭСТЯ 
материалдары Oj /uj / ot / on /o / oj – ақыл, ой, сана 
мағынасындағы сөз Oj / od / oz / uz / uj – ойлау, ақылға 
салу тұлғаларына ұқсас. Сонымен, Е.З. Қажыбеков 
еңбегінде «ой» лексемасының үш мағынасы берілген. 
Ол мағыналар іштей екі есімді-етістікті мағыналарға 
жіктеліп тұр.
Ой І. ой (ақыл, сана) – ой (ойнау) 
Ой ІІ. ой (үңірейту) – ой (ойлы жер) 
Ой ІІІ. ой (ойлау) – ой (ояну) 
Бұдан байқайтынымыз, көне түркі тіліндегі «ой» сөзінің 
қазіргі тіліміздегі «ой» сөзінен гөрі мағынасы 
ауқымдырақ. Көне түркі формасындағы «ой» сөзіндегі 
«ойнау» мағынасы қазіргі қазақ тілі тұрғысынан 
қарастырғанда 
сенбестік 
құбылыс. 
Дегенмен, 
диахрондық аспектіден сөзжасамдық мағына тізбегін 
жасай отырып, семантикалық кодтың бар екенін 
көреміз.
Көне түркі тіліндегі «ой» лексемасы мен «ойын» сөзінің 
арасындағы байланыс антонимдік сипатқа ие. Түркі 
тілінде процестің, бағыттың оң және кері қарай 
жылжуынан, бағытталуынан да ортақтық сезіледі. 
Мысалы: 
– адам ойланғанда ойдың тереңіне сүңгиді; ↓ 
– «ойлы жер» мұнда нысанның бағыты төмен қарай 
жылжиды; ↓ 
– етістік «ою» мағынасында бағыттың төмен қарай 
жылжуы бар; ↓ 
– ойын ойнағанда (мұнда ойдың тереңіне сүңгімейді), 
керісінше, сергиді;↑ 


188 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Міне, антонимдік сипат осы жерден байқалады. 
Түбірлес сөздерден таралып, әр түрлі мағына беретін 
мұндай тұлғалар конверсиялық сөзжасам негізінде 
туынды парадигмалық шеп құрайды. Бұл сөз қазіргі 
қазақ тілінде омоним деп танылып жүргенімен, тарихи 
тұрғыдан қарастырғанда, генетикалық-семантикалық 
кодтың жоғалмағанын көруімізге болады. Осындай 
жағдайларға қарап отырып, көпмағыналы сөздер мен 
омонимді бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар деп 
санаймыз.
Сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста да болады. 
Демек, олардың арасында семантикалық қатынастар 
жүреді. 
Семантикалық 
қатынастың 
жүруінен 
сөзжасамдық 
процесті 
тануымызға 
болады. 
Сөзжасамдық және семантикалық процестердің ара 
қатынасы өте күрделі. Бұл процестерді бірін-бірі 
толықтырып отыратын құбылыстар деп танимыз.
Сөздердің түп-төркінін анықтауда этимологияның ролі 
ерекше. 
Сөзжасамдық 
мағынаны 
зерттеушінің 
ерекшелігі өз тіліндегі мағыналарды қарай отырып, өзге 
тілдегі сөздерді, олардың мағыналық даму сипатын да 
қозғай кетеді. Р.А.Будагов: «туысқан тілдердің 
ұқсастығы терең заңдылықтарға сәйкес жүреді. Ал туыс 
емес тілдердегі ұқсастықтар да кездесіп жатады», – деп 
қана айтады, бірақ әрі қарай тереңдемейді. Ұқсастықты 
зерттеу барысында тек қана ұқсастықтар ғана емес, 
айырмашылықтар кездесіп қиындық туғызады. Тілді 
салыстырмалы-тарихи тұрғыдан тексеруде осыны 
байқауға 
болады. 
«Исключительно 
большая 
грамматическая близость всех тюркских языков до сих 
пор 
затрудняет 
построение 
их 
сравнительно-
исторической грамматики». Көпмағыналы сөздер біздің 


189
лексикамызды толықтыра, байыта түседі, сонымен бірге 
тілге түрлі көптеген ойлар мен сезімдерді адамның өн 
бойындағыдай етіп береді. О.Есперсен көпмағыналы 
сөздері жоқ тілдерді ешқандай бедерсіз, өрнексіз тіл деп 
атаған. Көпмағыналы сөздерді талқылау 50-60 жылдары 
өзге бағытқа бет бұрды. Лексикалық полисемиялар 
уақыт өткен сайын өзінің бұрынғы мағыналарының 
үстіне жаңа мағына жамайды.
Сөздердің семантикалық қатынастарын зерттеуде бір 
сөздің мағыналық дамуы бір монографиялық еңбектің 
тууына негіз болады. Бір сөзді талдай отырып, оның 
дыбыстық жамылғысына, уәжделуіне, аталу сипатына
таңбамен қарым-қатынасын анықтауда, таныммен 
байланысын, адамзат баласына тән түрлі психологиялық 
ерекшеліктерге сай өзгеруіне, қарым-қатынастағы 
роліне қарай зерттеу осындай пікірдің туындауына 
септігін тигізді. Тілдегі сөздер өзара қарым-қатынаста 
болады. Бірақ ол қатынас әртүрлі жағдайда жүреді, 
сонымен бірге әрбір сөз өзіндік қасиетін, қабілетін 
жоймайды, оның табиғи қасиеті осындай. Біздің осы 
пікірімізге сәйкес ғалым Р.А.Будагов: «Если здесь и 
обнаруживается известное противоречие, то оно 
обусловлено с родной природой языка, сложными 
связами между общим и отдельным, между отношением 
и значением в лексике. Это противоречие – движение и 
развитие языка», – деп жазды.
Осы кезеңге дейін көпмағыналылыққа тоқталған 
авторлар дәлел ретінде бас, құлақ, жал сөздерінің 
көпмағыналылық тізбегін жасап талдайды. К. Аханов 
«бас» сөзінің көпмағыналылық негізінде дамыған 11 
мағынасын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» 
басшылыққа ала отырып көрсетеді.


190 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Бас. Зат. 1. Адам мен айуан дүниесінің көз, мұрын, ауыз, 
құлақ, ми орналасқан мүшесі. 2. Шөптің, ағаштың, түрлі 
өсімдіктердің ең жоғарғы жағы, төбесі, ұшы. 3. Таудың, 
қырдың, мұнараның т.б. нәрселердің төбесі, биік жері, 
ең үсті. 4. Өзеннің, бұлақтың басталған жері, жоғарғы 
жағы. 5. Таяқтың, т.б. сондай нәрселердің жуандау, 
жұмырлау жағы. 6. Балтаның, пышақтың, шоттың т.б. 
саймандардың жүзі бар жағы. 7. Бір нәрсенің айналасы, 
қасы. 8. Кісінің жеке-дара өзі, адам. 9. Сан мөлшерімен 
есептегендегі дана. 10. Атқаратын қызметі жағынан 
жоғары, басқару ісін жүргізуші. 11. Негізгі, ең үлкен. 
«Бас» сөзінің мағыналық дамуы тек атаулық деңгейде 
ғана 
көрініп 
отыр. 
Сөздің 
көпмағыналылығы 
компонентті талдау нәтижесінде ашылады. Мысалы 
«бас» тұлғасы бір сөздік ұяда тұрып, дара күйінде бір 
сұраққа жауап береді. Көпмағыналы сөздердің бәріне 
ортақ мағынасын табу үшін жалпыдан жекеге қарай 
сатылап зерттеуіміз керек. Яғни сөз мағыналарын 
ретроспективті әдіс арқылы зерделеу қажет. Ғалым 
А.Б.Салқынбай жалпы мағынадан жеке лексемаға өту 
үшін мынадай факторлардың ролін көрсетеді: 
1. Сыртқы факторлар: адам танымында жаңадан 
танылған затқа атау беруде ұқсас, бір-біріне жақын 
келетін зат атауларын пайдалану реті; уақыт ішінде 
танымның даму сипаты; 
2. Ішкі тілдік факторлар: жақын, шектес, ұқсас 
ұғымдардың аталуы көпмағыналылықтың негізінде іске 
асады; көпмағыналылық бірте-бірте жеке номинативті 
мағынаның тууына себеп болады. Тілдегі сөздер 
номинативтік атаулардың тууына көпмағыналылық 
негізінде конверсияланған сөздер мүмкіндік береді. 


191
Сөздік қорымыздағы бір сөздік ұяны иеленген 
лексемалардың бір мағыналық қыры арқылы дамыған 
сөздерге көпмағыналылық тән. Бұл мәселенің қазақ тіл 
білімінде әлі де толық шешімін таппағанын ғалымдар 
ескертеді. Қазақ тіліндегі көпмағыналы сөздің біреуі 
«аяқ» сөзі. «Аяқ» сөзінде, біздіңше, ажырау, айырылу
мағыналары бар. Себебі адамның дене мүшесі бүтін боп 
келеді де екіге жарылып, ажырайды, айырылады. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде бұл сөздің мынадай 
мағыналары беріледі: 
Аяқ. 1. Адамның, жан-жануардың жүру, тұру қызметін 
атқаратын дене мүшесі. 2. Ауыс. Аяқ киім. 3. Стол, 
орындық кереует тәрізді заттарды жерге тигізбей
тұратын тіреу. 4. Бір нәрсенің төменгі жағы. 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» небәрі төрт (4) 
мағынасы берілген. Біздің тілімізде «бас», «аяқ» сөздері 
мағыналық жақтан жақсы дамыған сөздерге жатады. 
Сөздікте берілген мағыналарынан өзге соңы сөзінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет