Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет50/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Бос ~ бос ~ бос ~ бос ~ бос ~ бос ~ бос және пұш ~ 
пұш ~ пұш ~ пұш сөздерінің семантикалық тәсіл 
арқылы дамуы 
І. Бос 1. Ішінде ештеме, ешкім жоқ 
2. Бекітілмеген, ашық, байлаусыз
3. Қолы бос, жұмыс істемеген кез 
4. Жұмсақ, борпылдақ 
5. Мықты емес, осалдау 
6. Ауыс. Ынжық, болбыр [ҚТТС].
І . Боs 1. Бос, ештеңе жоқ 
2. Еркін 
3. Тәуелсіз 
ІІ. Боs Бос, былбыраған 
ІІІ. Бus 1. Мұңаю, уайымдау 
2. Ашулану, өкпелеу [ДТС].
Сөздегі о ~ у сәйкестігі ешқандай мағыналық 
байланысты үзе алмаған. Мұңаю мен бос, еркін 
мағыналарының қайдан байқалатындығын зерттеп 
қарайық. Мұны М.Қашқаридың сөздігінде берілген 
атаулар арқылы ашуымызға болады. 
І. Бош ерікті, азат 
ІІ. Бош күйеуімен ажыраған әйел
ІІІ. Бош жұмсақ 
ІҮ. Бош бос 
Пуш мұңаю. 
Бұл сөздердің айтылуынан тек о~у сәйкестігі ғана емес, 
б ~ п сәйкестігін де көруімізге болады. «Пуш» сөзі ХІ 
ғасырда «мұңаю» мағынасын берсе, қазіргі тілімізде 
«бейшара, сорлы, ынжық» мағыналарын қабылдап
мағыналық кеңеюге ұшыраған. 


218 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Пұшайман. сын. Бейшара, сорлы, ынжық. Түбірі «пұш» 
– мұңайған, бейшара, ынжық, бос. 
Пұшпақтай. сын. Кішкентай, көлемі өте аз.
Бос – боs – бош – пуш сөздерін жинақтай келіп, оның 
сындық мағынасының пайда болу жолын байқауымызға 
болады. Ең бірінші, пұш - қимыл мағыналы сөз болған. 
Пұш – пұштию, мұңаю, уайымдау, бүрісу, босау 
мағыналарына ауысады. Босау мағынасынан бос – 
былбырап босау, жұмсақ, ештеңе жоқ мағыналары 
тарайды да, осы мағыналардан еркін, тәуелсіз 
мағыналық қырлары жіктеліп шығады, яғни ешқандай 
кедергісіз, емін-еркін деген мағынадағы сындық 
мағыналы сөзі шығады. Пұш – бос сөздерінің 
мағыналық дамуын мына сызбамен түсіндіруге болады. 
Пұш (мұңаю, уайымдау, өкіну, пұшайман жеу) – Боs 
(пұшайман жеп, мұңайған адамның бір уыс болып 
бүрісіп, босап қалуы) – Бос (бос, емін-еркін, тәуелсіз). 
Заттың қимылының, яғни мұңайған адамның, 
пұшайман жеп бір уыс болып бүрісіп қалуы образды 
түрде бейнеленіп, бағалауыштық қасиеті бар сөзді 
туындатады. 
Сөздердің ешқандай тұлғалық өзгеріске ұшырамай 
мағыналық дамуға түсуі өте көне замандардан келе 
жатса керек. Тіпті өзімізге таныс Орхон-Енисей жазба 
ескерткіштерінен бұрын болған процесс деуге негіз бар. 
Себебі Орхон-Енисей ескерткіштерінің өзінде туынды, 
аффиксация арқылы жасалған сындық мағыналы сөздер 
көптеп кездеседі. Бұл туралы ғалым М.Томанов: «Түркі 
тілдерінің үлкен ерекшелігі – сын, сапа категориясын 
білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі 
болмаған, түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық 


219
класын басқа жолмен қалыптастырды. Есім, етістік 
туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны 
білдіретін сөздер тобы тұрақталды» – деген пікір 
айтады. Ғалымның пікірі тіл білімінде дұрыстығымен, 
шынайылығымен ерекшеленеді. Зат есім мен етістік сөз 
табын тілдегі негізгі элементтер санауымыздың себебі 
де осы болса керек.
Таным 
кез 
келген 
ғылым 
саласында, 
тілде, 
психологияда, философияда т.б. өзінің ерекше 
қасиетімен, қызметімен айрықша орын 
алады. 
Сөздердің жаңа мән алып, жаңа атау ретінде 
танылуында дыбыстық өзгерістерге ұшырап, жаңа сөз 
болып танылған соң семантикалық тәсіл арқылы 
дамыған сөздер өте көп.
Тілдегі сөз мағынасын ашу, оның таныммен 
байланысын анықтау – күрделі теориялық мәселе. Бұл 
тек 
лингвистиканың 
шеңберінде 
ғана 
емес, 
философияның, психологияның, логиканың да зерттеу 
нысаны болуға тиіс. Өйткені аталған ғылымдардың 
барлығы да адамзат баласының өмірімен, тұрмысымен, 
тіршілігімен, ақыл-санасымен, қимыл-қозғалысымен, 
ойлаумен, сезінуімен, түйсінуімен және осылардың 
бәрін жинақтап, тұжырымдап тұшынуымен тікелей 
байланысты. 
Уәждеме теориясы – сөзжасам саласындағы ең маңызды 
роль атқаратын процесс. Сөздердің жаңа мағыналы 
сипат алып, туынды атау жасауы уәждемесіз жүзеге 
аспайды. Себебі табиғатта қандай зат болмасын 
жаңадан туындағанда ол белгілі бір негізге сүйеніп 
жасалады. Осы қағиданың негізінде тілдегі сөздердің 
сүйенетіні жаңа сөз туындатуда да, жаңа сөз 


220 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
жасалуында да уәж болуы керек деп саналады. 
Сондықтан уәждеме – тіл біліміндегі ең үлкен теория. 
Кей тіл білімінде уәждеме теориясын тілдің жеке 
саласы деп алайық деген пікірлер оның тіл біліміндегі 
ең үлкен заңдылық саналуынан болса керек. 
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған екі тілдік 
бірліктің (туынды сөз және сол туынды сөзді жасауға 
негіз болған бірлік) біреуі деривацияның қайнар бұлағы 
– уәждеуші бірлік болса, екіншісі – деривацияның 
нәтижесі – уәжделген бірлік саналады. Осыған қарап 
тілдегі сөздер, ең бірінші, сөзжасамдық жұптардың 
арасында жүреді. Сөзжасамдық жұптың алғашқы 
сыңары екіншісін уәждеп, уәждемелік қатынастың 
жүруін қамтамасыз етеді.
Тіл 
білімінде 
уәждеме 
теориясына 
берілген 
анықтамаларды жинақтап, тұжырымдай отырып:
Уәждеме – әлемнің тілдік бейнесін қалыптастыратын, 
тіліміздегі барлық сөздердің алғашқыда танымдық 
уәжделу 
арқылы, 
кейіннен 
тілдік 
(фонетика-
семантикалық, 
семантикалық, 
синтетикалық, 
аналитикалық) 
уәжделу 
негізінде 
туындайтын 
мағыналары 
нәтижесінде 
адамзат 
баласының 
қажеттілігін өтеуге жұмсалатын заңдылық деп 
тануымызға болады. 
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер 
макросемалы сөздерден жасалады. Олардың ортақ сема 
арқылы өрбитін әрбір жекелеген мағыналары бір-бір сөз 
жасауға қабілетті. Ортақ сема арқылы өрбіген айырушы, 
арнайы, өзек семалары мағыналар шоғырын құрайды.


221
Уәждеуші сөздің мағынасы мен уәжделген сөздің 
мағынасы бір-бірімен қатар, бірге, астасып жүреді, яғни 
жаңа сөз туындатуда екі нысан да бірдей қатысады. Бір 
ғана нысан жаңа атау жасалуын қамтамасыз ете 
алмайды. Ол үшін жаңа атау жасауға негіз болатындай 
екінші зат немесе құбылыс болуы міндетті. Сол себепті 
туынды сөздердің уәжделуі уәжделу тәсіліне қарай 
бұрын ғылымда бар классификацияның негізінде 
абсолюттік және қатыстық, уәжделу құралына қарай 
фонетикалық, 
морфологиялық, 
семантикалық, 
аналогиялық, абстракциялық, ассоциативтік, уәжделу 
негізіне қарай лексикалық және құрылымдық, уәжделу 
деңгейіне қарай толық және жартылай деп жіктеліп 
берілді.
Осы тарауымызда уәждемеге анықтама бергенімізде ең 
алғаш танымдық уәжделу негізгі деп танылатын айтқан 
болатынбыз. Осыған сәйкес адамзат баласы өздеріне 
ортақ ұғымдарды атау етіп қалыптастыруда ортақ 
заттарды, ұғымдарды негіз етіп алады. Таным ұғымды, 
түсінікті, мағыналарды, ақыл мен сананы өзінің өн 
бойына жинақтайды. Семантикалық тәсіл арқылы 
дамыған сөздердің уәжделуіндегі танымдық негіздердің 
алатын орнын анықтау мақсатында “күн, жылылық” 
концептісіне қатысты айа, «жоқ» концептісіне 
байланысты бос сөздері алынып талқыланды. 
Семантикалық тәсіл арқылы дамыған сөздердің 
уәжделіндегі ерекшеліктерді осылайша түйіндеуге 
болады. Уәждеме теориясының терең сырлары алдағы 
уақытта саралай, кең түрде зерттеу қажеттілігін 
тудырып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет