Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде Геоинформатика өзіне лайықты орын алуда



бет15/29
Дата11.11.2022
өлшемі95,99 Kb.
#49375
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
?азіргі уа?ытта ?ылымдар ж?йесінде Геоинформатика ?зіне лайы?ты

Бағдарламалық – техникалық кешен. ГАЖ – ға қазіргі уақытта түскен ақпаттарды өңдеуге көптеген техникалық құралдар қолданылады. Оларды бағдарламалық – техникалық құралдар деп атайды. Бағдарламалық – техникалық құралдардың негізі болып перифериялық құрылымдарымен бірге ЭЕМ табылады.
1. ЭЕМ – ге географиялық ақпаттар түрлі құралдардың көмегімен енгізіледі, мысалы: мәтіндік және кестелік ақпарат кіргізу үшін алфавитті – сандық клавиатуралар керек. Ал графикалық ақпаратты екі түрге бөлінеді: автоматтық және жартылай автоматтық.
Мәліметтерді цифроваторлармен кіргізу оператордың бақылауымен атқарылады. Ол үшін картографиялық зерзаттың элеметтерінің дәлдігі мм бөлігіндей санды түрде айналдырады.
Сканердің көмегімен автоматтық енгізуде дәл картографиялық ақпараттарды кіргізуге болады. Сондықтан қазіргі кезде мынадай құралдар пайдаланылады: кестелік принтерлер, түрлі – түсті басылым құралдар, графикті – құрылымдық плотерлер.
2. ГАЖ – дағы мәліметтерді шығарып алу үшін дисплей қажет, ол пайдаланушымен диалог режимін орнатуға мүмкіндік береді. ГАЖ – да ақпараттық массивтерді мәліметрер базасына біріктіреміз, оған тек мәліметтер базасын басқару жүйесін жасау арқылы шығуға болады. 
3. Мәліметтер базасы пайдаланушыны ақпаратпен қамтамасыз етеді және ГАЖ – да үлгілер жүйесін тұрақтандырады. 
4. Үлгілер коеффициенттері алдын ала белгіленген сценарий бойынша орындалады. Әр түрлі жедел карталардың үлгілеу нәтижелерінің шығарылуы түрлі геоэкологиялық жағдайлардың үлгілену көрнектілігін арттырады, түбегейлі бақылау және бағалауға мүмкіндік береді.
5. Мәліметтер базасының құрылымы әр түрлі қағидалардан құралады. Мысалы: ақпараттық иерархиялық түрде ұйымдастырылуы белгілі бір аймақты алады. Олар: ландшафт, қоныс, фация.
Мәліметтерді іздеу және дисплейге шығару командаларының ең кең қолданылатындары:

  • SELEKT – мәліметтер базасынан белгілі бір жазуды таңдау;

  • PLOT – таңдап алынған бейненің контурының сызылуы;

  • LIST – мәтіндік анықтаманың берілуі;

  • DISTANSE – қашықтықты енгізу.

Осы және тағы да басқа командалар арқылы керекті мәліметтерді кестеллік, графиктік, картографиялық түрде ала аламыз.
6. ГАЖ жұмысының нәтижесі бағалау және шешім қолдану блогінда есептеледі. Бұл блок пайдаланушының диалогтық басқару жүйесімен тығыз байланыста, себебі шыққан нәтиженің дисплейде берілу тәсілдерін әрі қарай өңдеу жолдарын белгілеу керек.
Бағалау блогы ГАЖ – дың түрлі режимінде жұмыс атқара алады. Ең қарапайымы – бұл ГАЖ – ды ақпараттық – анықтамалық түрінде пайдалану. Күрделі түрі – имитациялы үлгілеу әдістемесінің нәтижесін автоматты түрде талдау.


Дәріс 6 Географиялық ақпараттарды нысандандыру (формализациялау)
1.Географиялық ақпараттарды нысандардыру деп, оны құрылымдау, жіктеу, иерархиялау, геожүйені кеңістік – уақытта сипаттау және осының бәрін ЭЕМ – нің МБ – сін құруға дайындау. ГАЖ информация құрылымында орталық орынды карталар алады, сондықтанда географиялық мәліметтерді ГАЖ – ға нысандандыру осы карталарға арнап жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет