Фридрих Ницше (1844-1900) ежелгi мәдениеттегi бiлiмдерге сүйене отырып‚ өзiнiң «Музыка рухынан туындаған трагедия» еңбегiнде грек құдайлары Дионис пен Аполлон есiмдерiне байланыстырып мәдениеттiң дионисийлiк» және «аполлондық» типтерi туралы идеяны дамытты. Дионис өмiрдiң вакхилiк (ежелгi грек және рим аңыздарында: өсiмдiктер және сауық-сайран құдайы‚ жүзiм шаруашылығы мен шарап ашытушылардың қамқоршысы) апатын‚ дәстүрлер мен тоқырауға қарсы бүлiктi бiлдiредi. Аполлон – ақылдылық‚ сабырлылық‚ тыныштық пен үйлесiмдiлiкке талпыну.
Ницше еуропалық мәдениет пен өнер идеалын осы бастапқы тартыстың тепе-теңдiгiнен көрдi‚ ал өзi дионисийлiк жақты қолдап‚ үгiттеумен болған. Қайшылыққа толы iзгiлiк (әсiресе дiндегi) пен бегiлi бiр шарттылықтың құрсауынан бос дионисийлiк бастау ғана, күрес пен сынақтарда‚ ең жоғарғы тұлғаның типi - «құдiреттi адамды» жасауға қабiлеттi.
Ол, мәдниет өзiмен табиғатқа жат нәрсенi қамти жүрiп‚ өмiрдiң қарсы жағын құрайды деп қорытындылайды. Мысалы‚ дiн‚ iзгiлiк‚ байырғы философия өмiрдi мойындамайды және осыдан келiп «еуропалық нигилизм» пайда болды. Мәдениет «құдiреттiлiкке»‚ «билiктi қалау» түрлерiнде көрiнетiн табиғи инстинктiнi басады. Ол‚ адамдарды бiр-бiрiмен ұқсастыруға бағытталған‚ сонысымен бiрдейлiгi жоқ тек қана табиғи басқыштылықта (градацияда) болатын өмiрмен қарама-қайшы келедi. Сондықтан мәдениет құндылықтарын қайта қарау қажет. Ницше мәдениеттi жоққа шығармай‚ оған жаңа мән беруге тырысады. Ол‚ мән‚ өмiрге өте лайықты‚ өте құндырақ‚ жаңа‚ болашақ адамның типi - «құдiреттi адамды» тәрбиелеу.
2. О. Шпенглердің мәдениет туралы теориялары. Освальд Шпенглер (1880-1936) мәдениет философиясының мәселелерiн негiзiнен шештi‚ әйтсе де мәдениеттiң дағдарысқа ұшырап жойылып кетуi, шек келтiрмейтiн обьективтi заңды құбылыс деп есептейдi. «Өмiрдiң» өзi бiр мәдениеттiң дүниеге келiп‚ екiншiсi жойылып жататын нәрсе. Олардың әрқайсысының өзiндiк iшкi құрылымы берiк қалыптасқан‚ тұйықталған‚ абсолюттi түрде қайталанбайтын денелерге ұқсайды.
Мәдениеттiң тарихи тағдыры мен табиғаты туралы мәселелер оның «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегiнiң негiзгi желiсi. Шпенглер мұнда тарихи - мәдени процестi бiр ғана логикаға жүктейтiн гегельдiк логикадан бас тартады. Шпенглер үшiн бiртұтас әлемдiк мәдениет болуы мүмкiн емес. Әр мәдениеттiң өз тағдыры бар: «Адамзаттың ешқандай да жоспары, идеясы жоқ!». (Шпенглер О. Закат Европы. т.I. М., 1993. C. 15I.) Шпенглер ойының келесі негізі - ол, тарихтың (мәдениетте) мәні біртұтастық, деп есептеді. Бәз-баяғы тарихи уақыттың бір мезгілінде көптеген оқиғалар іске асып жатады, бірақ олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Осыдан мәдениеттің ішкі құрылымына жету үшін оның сыртқы бейнесіне де (гештальт) көңіл аудару негізгі мақсаттың біріне айналады, әрине олар тарихшының назарынан ешқашан да тыс қалмау керек.
Шпенглердің конструктивтік үшінші идеясы әрбір тарихи заманның (яғни әрбір мәдениетте)кеңістік, уақыт, адам болмысының ақырғы мақсаттары және т. б. туралы өзіндік ұғымдары болады. Мысалы, егер эллинизм заманында ертедегі гректер өткен уақытты (Цезарь өзін Шолпанның тегінен екендігін ешқандай да сандырақ деп есептемегені сияқты) мифтік тұрғыда түсінгені сияқты, христиандық мәдениеттің адамы үшін әлем тарихы екіге - Христос туғанға дейінгі және кейінгі болып бөлінеді.