Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ өлкесі



бет10/21
Дата01.07.2023
өлшемі112,3 Kb.
#103916
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
қ тарих жауаптары

16. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ өлкесі.

1914 жылы 28 шілде-де басталған бірінші дүние жүзі соғысы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басындағы әлемдік саясаттың нақтылы нәтижесі болып табылады.


38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды. Дүние жүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды.
Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті.
Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Аустрия-Мажарстан, Түркия мен Болгария кірді.
Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері:
Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы — XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді. Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды. Көтерілістің негізгі себептері: 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты. Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет