Қазіргі заманда дамып келе жатқан қазақтың ұлттық ойындары Асық ату «Бүлде»ойын түрі



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі1 Mb.
#23688
1   2
Күтілетін нәтиже:

Ауылдық, аудандық, обылыс тіпті республика көлемінде осы «Бүлде» ойынның таралуы және ойынға өткізілетін жарыстардың көбейуіне ат салысу.

Асық - «Бүлде»ойын түрі

Күнтізбелік жоспар





Мазмұны

Сағат саны


1

Асық ойын түрлері


1

2

Бүлде – ойын түрі


1

3

Ойын ережесі


1

4

Ойын тәсілі


1

5

Ойын тәртібі


1

6

Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады


1

7

Ең сәтті тұрғандағы атауы (Азик) барлығын бірден ұтасың


1

8

Төңкеріліп тұрғаны (Тәмпі) яғни тәуекел мағынасы


1

9

Дөңес бетімен түсуі (Бік) бік түсіп жатуы


1

10

Шалқасынан түскені (Шік) асықтың іші көрініп жатуы

1

11

Егер еңкейіп,тұмсығымен тік қадалса (Оңқай)


1

12

Сақа иіру тәртібі топпен иіруі


1

13

Сақа иіру тәртібі жеке иіруі


1

14

Ойын сақасының құрамы жәнә оның мағынасы


1

15

Асықтар негізі екі түрге бөлінеді (оңқай және солақай)


1

16

Асық атауы: Құлжа – арқардың аталығының асығы


1

17

Асық атауы:Сақа - арқардың асығы

1

18

Асық атауы:Асық – қой асық жіліінен


1

19

Асық атауы:Шібіш – ешкі асық жілігінен


1

20

Шеңбердің сызылуы тәртібі


1

21

Ойын қортындысы


1

22

Ойынды дамыту түрлері


1

23

Ескі және қкзіргі замандағы қазақтың ойындарын жаңғырту



1

24

Қазақтың ойын түрлерін дамыту


1

Түсінік хат

Қазақстанымыз тәуеліз ел болғалы қазақтың ұлттық ойындарының дамуы және бұрынғы ата – бабамыздың қалдырып кеткен «Асық» - ойындарының көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес,ол – тірі тарих. Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағымыздың білекті те,жүректі болуымен қатар ақылды икемді, епті болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген «Асық» ойыны бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл мұраларымыздың бірі.Әр кездері замманның қиыншылығына қарамастан осы ұлттық ойынымызды үлкендердін көрсетуімен қазіргі уақытқа дейін жалғасын тапты. Егемендік алған соң мектептің оқу бағдарламасына қазақтын ұлттық ойындарын таратуы енгізілді. 2011жылы Республикалық Ұлттық Ойындар Комитеті (РҰОК) құрылып жанынан «Асық және Шекемтас» Ұлттық Ойын Федерациясы (РҰОФ) ашылды. Осы жылы «Асық және Шекемтас» спорт ойындары Қазақ халқының спорттық ұлттық ойындары ретінде енгізіліп арнайы ережесі бекітілді.



Асық ойын түрлері

  1. Алшы ойыны – ойнаушыларға шек койылмайды

  2. Омпа ойыны – Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды

  3. Өріс ойыны – Өріс ойыны 3-7 метр (өріске ұзап барып атасың)

  4. Асық тігіп ойнау – Төрт бұрышты сызық сызады көнен 4-5 м атады

  5. Тас қала ойыны – Ойын қашықтығы 7-8 метрден кем соқпайды

  6. Хан ойыны – Ойынға қатысушы көнге қанша асық тіетінін келіседі

  7. Өлді ойыны – Шңбер ішіне екі асықты беттестіріп біреуін (Алшы біреуін Тәмпі тігеді

  8. Хан талапай – Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды

  9. Құмар ойын – Бұл ойынды үлкен кіші демей ойнай береді

10.Мерген ойыны – Ойын екі ойыншы арасында ойналады

11.Бүлде ойыны - Бес баладан жоғары болмауы керек. Шеңбер ұзындығы мен ені 40 см-ден аспауы керек



«Бүлде» - асық ойынының ережесі:

«Бүлде ойыны» ойнаушылар саны негізіне бес баладан жоғары болмауы керек.Ал егер ойыншы саны бес баладан көп болса онда топтарға бөлініп ойнайды. Ойын басталар алдында ұзындығы қырық сантиметр, ені қырық сантиметр болатын шеңбер сызылады. Шеңбердің дәл ортасынан түзу сызық сызылады. Сызықтың дәл ортасында асықтар тігіледі. Асық қатысушы адам санына қарай бірінің үстіне бірі тігіледі.

Бірінші ойыншы шеңберден алшақ жерге сақасын иіреді ,қалған ойыншылар шеңбер ішіне және алшақ, қалаған жеріне иіре алады және бірінші ойыншының сақасын шеңберге аяқтың өкшесін қойып ата алады және шеңбердің ішіне яғни көнге сақасын иіре алады көнге иіргенде сақасы азик немесе тәмпі түссе көндегі асықты аталады.Ойыншы асық атқан уақытта шеңберден шығып кетіп ойыншының асығымен сақасы бірдей бік,шік,тәмпі немесе азик түссе мысалы ( бік –бік; шік-шік;) түссе онда ойыншы сол асықты алады. Егер ойыншы шеңберден асық атып,атқан сақасы «азик» түссе шеңберден шыққан шеңбердің ішіндегі бар асық ойыншынікі болып есептеледі. «Тәмпі» - түссе шеңберден шыққан бір асықты алалады. Ал «бік» немесе «шік» түссе шеңберден шыққан асық сақасымен бірдей «бәк - бік»немесе «шік - шік» түссе ғана асық алады,атқан асығы басқа қалыпта (бік - шік) жатса асық алмайды, кезек келесі ойыншыда болады.

«Бүлде» - асық ойынының тәсілі

Шеңбер жанында ойын кезегін анықтау барысында ойыншылардың сақасы иіріледі.




Топпен сақа иіру

Бірінші ойыншы шеңберден алшақ жерге иіру кезеңі




Сақасын жекелей иіруі



Сақасы – шік түсуі



Сақасы – азик түсуі



Сақасы – бік түсуі



Шеңберден асық ату.



Екі асығы бік және шік болса асықты ала алмайды


Ойын шеңберінің сызылу тәртібі

Шеңбер орттасынан

сызылған сызық

Шеңбер

Шеңбер ені 40 см

Шеңбер ұзындығы 40 см

Асықтың тігілу тәртібі

Мысалы: ойыынға 5 адам қатысты деп алатын болсақ асықтар мына үлгіде тігіледі



Тігілген асық Тігілген асық Тігілген асық

үстінен түсірілген жанынан түсірілген қырынан түсірілген

Ойыншылар сақаларын иіреді қай ойыншының асығы «азик» түссе сол ойыншы ойынды бірінші бастайды.



Асықтың иірілу түрлері:


Ең сәтті тұрғандағы атауы (Азйк) барлығын бірден ұтасың



Төңкеріліп тұрғаны (Тәмпі) яғни тәуекел мағынасы




Дөңес бетімен түсуі (Бік) бік түсіп жатуы



Шалқасынан түскені (Шік) асықтың іші көрініп жатуы



Егер еңкейіп тұмсығымен тік қадалса (оң қай)



Ойынды қорыту

Ойыншылардың қайсысы шеңбердегі қалған ойыншылардың асықтарын және сақаларын көбірек жинаса сол ойыншы жеңімпаз болады. Ал егер төрт команда бес адамнан бес шеңберде ойнаған болса онда ойынша командалар ұпай арқылы ойнайды.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Асық және Шекемтас» мұғалімдерге арналған әдістемелік оқыту құралы. «Жеке» баспа – 2015жыл

  2. Дене тәрбиесі 5-6-8-9-10-11 сынып – С.Тайжанов; С. Қасымбекова «мектеп» баспасы.

  3. Дене шынықтыру оқу әдістемесі №4 – Т. Базарбег; С. Қасымбек ова «Атамұра» 2000жыл

  4. Бірлік ауыл жастары мен ақсақалдарының айтқан ойын тәсілдері бойынша жазылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет