Грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, қазақ тіліндегі сөздер 9 сөз табына бөлінеді:
1. Зат есім (қала, ауыл, мектеп, адам)
2. Сын есім (жақсы, әдемі, қызыл, көк, үлкен)
3. Сан есім (бес, сегіз, он, он бес)
4. Етістік (сөйле, кел, жүр, оқы, бер, ал, орында)
5. Есімдік (мен, сен, ол, біз, олар, өз)
6. Үстеу (бүгін, биыл, ертең, кеше, төмен)
7. Еліктеу сөздер (гүрс, тарс, сылқ, жылп, жалт, қаңқ, тырс)
8. Одағай (бәрекелді, пәлі, қап, алақай, ой)
9. Шылау (-ды, мен, және, шейін, дейін, -ақ, ғой, қарай).
ГРАММАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР
Грамматикалық мағына
Грамматика
лық форма
Грамматика
лық категория
Грамматикалық мағына – сөздің лексикалық мағынасына жүктелетін қосымша, үстеме мағына. Ол сол сөздің негізгі лексикалық мағынасынан біржола алшақ кетпей, түрлі реңктер қосып отырады. Бұл жағдай сол сөздердің сыртқы тұлғасынан, қолдануынан танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |