- Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын, яғни лексикасын құрайды. Қазақ тілінің сөздік құрамы тілдің күллі сөз байлығын тұтастай қамтиды.
- Тілдің сөздік құрамында білдіретін ұғым-түсініктерінің, заттары мен құбылыстарының жойылып, жоғалуына немесе күңгірттенуіне байланысты қайсыбір сөздер қолданыстан шығып, көнеріп жататын болса, оның есесіне жаңа ұғым-түсініктердің, жаңа заттар мен құбылыстардың пайда болуы жаңа сөздерді тудырып, сөздік құрамның жаңарып, толығып отыруына ықпал етеді.
- Неологизмдер – бүгінгі қазақ қоғамының рухани және заттық әлеміне енген жаңалықтарды бейнелейтін, қазақ тілінің лексикалық қазынасын толықтыратын жаңа тілдік бірліктер.
Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын, тіл иесі халықтың кез келген өкіліне таныс, түсінікті сөздер жатады
Пассив сөздерге терминдер, көнерген сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер т.б. сияқты жиі қолданылмайтын сөздер жатады.
Көнерген сөздер
Тарихи сөздер – заманы өтіп кеткен ескі қоғамдағы құбылыстар мен заттардың атауларын білдіретін көнерген сөздердің белгілі бір тобы: хан, бек, жүзбасы. Бұлар көбінде көркем шығармаларда қолданылады.
Архаизмдер – көне сөздер, қазіргі тілде белсенді қолданылмағанымен, тілдің сөздік қорында сақталған, сол тіл өкілдеріне түсінікті сөздер: кебеже, бәйбіше, мыстан, алдаспан, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |