«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2021-2022 оқу жылына


Жауап: Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты



бет5/6
Дата22.04.2022
өлшемі46,92 Kb.
#31911
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
« азіргі заман ы аза стан тарихы» п нінен 2021-2022 о у жылына

Жауап: Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азық-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. 


  1. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.

Жауап: Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды

  1. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.

Жауап: Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.

Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады. «Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.




  1. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.

Жауап:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет