«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2021-2022 оқу жылына
Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсының мақсаты мен міндеті.
Жауап: «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
1. Студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
2. Бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.
Жауап: Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын түлғалы ерлер келіп қосылды.Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады.Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды.
Тарихнама туралы: XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің орны ерекше. Ш.Уәлиханов арғын Малайсарының ХVІІІ ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.
1905-1907 жж. алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
Жауап: 1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды
Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
Жауап: Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын кетірмейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін беліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусым-дық жүмыстарға жалданды.
Жадидизм және оның қазақ зиялыларына ықпалы.
Жауап: Жәдидшілдік (араб.-жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс. Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында қалыптасты. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады.
Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
Жауап: ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылардың саяси қызметтегі басты мақсаты ұлттық және жалпы қоғамдық құндылық болды. Нағыз зиялы қауым өзі біліп қана қоймай, өз білгенін өзгеге де үйрете жүреді. Нағыз зиялылардың көп болуы қоғам үшін пайдалы. Себебі, ұлттың интеллигенциясы жойылса, ол ұлттың рухы әлсірейді.Қазақ зиялылары әрқашанда ұлттың рухын асқақтатып, тәуелсіздігін алу жолында көп күресті. Сондықтан да, олар сталиндік саяси қуғын-сүргін құрығына жаппай ілікті. 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Алматыға жолдаған хаты қазақтың маңдай алды тұлғаларының көзін жою саясатының жүргізілуіне себепші болды. Олар ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық санасының оянуына ықпал етті. Алаш зиялыларының басты армандарының бірі қазақ даласын сауаттандыру еді. 30-шы жылдардың аяғына қарай толық салтанат құрған «сталинизм» қазақ интеллигенциясын жойғаныменен, Алаш идеясын өлтіре алмады. Ол Хрущевтің, Брежневтің билік жүргізіп тұрған тұсында да қазақ даласына рух сыйлады.
Ә. Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
Жауап: Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген.
II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
Жауап: Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. . Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясыныц құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |