Қазақстандағы индустрияландыру 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Қазақстандағы ұжымдастыру: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдары.
Жауап: Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез
қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті. Қол жеткен табыстарды асыра бағалай отырып, елдің басшылары 1929 жылдың аяғында жаппай ұжымдастыру саясатын
жүргізуге кірісті. Шаруаларды ұжымшарға мүшелікке тартуда әртүрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын - аулақ малды да сыпыра бастады
Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
Жауап: Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер.Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде
жатқан ерекшелік-кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің өз тағдырына өзі шешу бағытындағы
күрес болатын.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.Бұрынғы Жетісу
облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. 1918 жылы күзде Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық
комиссары болып тағайындалды. Аштықпен күресе отырып, халық арасында кең тараған жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыру, 1916
жылғы Әулие ата уезінде ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Қытайға ауып кеткен жерінен қайта оралған босқын қазақтарға азық-түлік
кӛмегін көрсетуге күш салады. Т.Рысқұлов Түркістан АКСР аштықпен күресу жөніндегі Төтенше Орталық Комиссиясының қызметінде жүріп орасан жұмыстар жүргізді.
Достарыңызбен бөлісу: |