«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2021-2022 оқу жылына


Жауап: Екінші жалпықазақ съезі



бет3/6
Дата22.04.2022
өлшемі46,92 Kb.
#31911
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
« азіргі заман ы аза стан тарихы» п нінен 2021-2022 о у жылына

Жауап: Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез. Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.БөкейханА.БайтұрсынұлыМ.ДулатұлыЕ.ОмарұлыС.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов. Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы - Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді.

Әскер құрылуы. ІІ-ші жалпы қазақ сьезінде халық әскерінің әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға соғыс өнерін үйрету, қажетті қару-жарақ, қаржы, көлік және тағы басқа заттармен қамтамасыз ету тәртібі анықталып, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құру қажет» деген қаулы қабылданады. Бұл идеяны Жақып Ақбаев ұсынған болатын. Съезд қаулыларында нақты көрсетілгендей, Алаш әскерін құру үшін алдымен милицияға алынатын адам шығынын анықтау, оларды қару-жарақ, ат-көлікпен қамтамасыз ету, әскери мамандар (офицерлер мен инструкторлар) даярлау жұмысын айқындап, оған қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен жинайтын болды.




  1. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).

Жауап: Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

  1. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.

Жауап: Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа ШоқайМахмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады.

  1. Қазақ зиялыларының аштыққа қарсы күресі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет